Шамалған ауылы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Тәуелсіздік тарланы» атты жасөспірімдер арасында шахматтан турнир өтті.
Жарысты ұйымдастырудағы мақсат өскелең жас буынның жылдам ойлау қабілетін арттыру арқылы орталықтың қызметіне сәйкес танымдық тақырыпта дәріс өткізіп, жаңашылдыққа ықыластарын ояту болатын.
Шамалған ауылында орналасқан спорт мектебі шахмат үйірмесінің жетекшісі Мұхтар Ахметовпен бірлесе жасаған турнир жоғары дәрежеде өтті. Сайысқа 6-10 жас аралығындағы бастауыш сынып оқушылары қатысты. Үш сағатқа созылған бүлдіршіндердің ақыл-ой дамытатын ойыны тартысты өтті. Дода барысында ең жүйрік, ойлы деген ойыншылар анықталып, жүлделі орындармен арнайы марапаттарға ие болды. Нәтижесінде 1-орын Нұрсат Сұлтанбайға, 2-орын Қарас Толыбекке, 3-орын Сандуғаш Жұмағазыға бұйырды.
Алдағы уақытта біз талантты, алғыр, ойлы баланың көптеп шығуына себеп болар зияткерлік шахмат ойынынан іріктеу турнирін өткізуді жалғастыруды дәстүрге айналдырып, ауқымын кеңейтуді көздеп отырмыз.
Б. НҰРБЕКОВА,
«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының
бас қор сақтаушысы
Қарасай ауданы





