Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Текеліде тұралаған өндіріске орын жоқ

Мемлекеттік қызметкердің басты міндеті не? Ұстанымы қандай болуы керек? Осыны жете түсінбейтіндер бар әлі де. Аты айтып тұрғандай, олар мемлекетке қызмет етуі тиіс. Ал, Ата Заңда көрсетілгендей биліктің бірден-бір бастауы – халық. Демек, халыққа қызмет етуі тиіс. Жай қызмет емес, адал һәм шынайы қызмет! Дейтұрғанмен, Текелі қаласында бір «мықты» бар екен. Ұстанымы – дөрекілік, міндетін мансұқ көретіндей. Халық һәм мемлекет берген мүмкіндікті, қызметті асыра пайдаланып, тиісті мен міндеттіні қалтасынан шығарғандай қылатынын қайтерсің. Ол үшін «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет емес», орынтақ, дәреже һәм атақ сықылды. Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ Текелі қаласының тұрғындарымен кездескенде дүйім жұрт «ашынғанда шығады ащы үнім» дегендей жеткізді. Бір емес, бірнеше адамның бұлай шағымдануына облыс әкімі де бейжай қарамайтынын ескертіп, тиісті құрылымдарға қызметтік тексеріс жүргізіп, айғақ дәлелденсе заң талабына сай шара қолдануды тапсырды.

05.09.2025
АЛТЫН ТҰҒЫР, КҮНДЕРЕК

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Нық жоспар нақты істің айғағы

Текелі қаласына сапары барысында Бейбіт Өксікбайұлы әуелі туристік әлеуеті зор қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарды бағдарлады. Жол, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, балалар ойын алаңын салу, аулаларды абаттандыру сынды әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына оң бағасын да берді. Мұнан соң бірнеше тұрғынды жеке қабылдап, артынша қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуде облыстың үш жылда атқарған жұмыстарына тоқталды. Шыны керек, өз алдына отау құрғанда өңірде бар-жоғы Талдықорған қаласы мен 3 елді мекен ғана көгілдір отынға қосылған еді. Тұрғындардың 17 пайызы ғана табиғи газдың игілігін көрді. Қазір ше? Облыс әкімі нәтиже 71 пайыз екенін ақжолтайлады.

– 2027 жылы өңір тұрғынының 92 пайызы табиғи газды тұтынатын болады. 5 жылда көрсеткішті 17 пайыздан 92 пайызға жеткіземіз. Бұл құр уәде емес, нақты жоспар, жүйелі жұмыстың нәтижесінде жететін жетістік. Жалпы, республикада өңір әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша бірінші орында. Неліктен бірнеше жыл бойы үздіктер қатарындамыз? Заңды сұрақ. Оған нақты жауап бар. Жоспардың орындалуымен, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту арқылы жетіп отырмыз, – деді аймақ басшысы.

Облысқа 3 жыл көлемінде 1,2 трлн. теңгенің инвестициясы құйылған. Нәтижесінде 135 жоба іске асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған. Былтырдың өзінде 15 жаңа өндіріс іске қосылып, тағы 2 өндіріс іргесін кеңейткен. Оның ішінде Талдықорғанда заманауи өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын «Asma Industrial» және биыл газбетон блоктарын өндіретін «Стальбетон» зауыттары іске қосылды. «Көксай мыс қорыту комбинаты» мега жобасының құрылысы биыл басталды. Мұнан өзге, биыл жалпы құны 89 млрд. теңге болатын 53 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Бұл жаңадан 2000 жұмыс орны ашылатынымен тағы бір қуантады.

Өңірде құрылыс жұмыстары да қарқынды. Оның айқын дәлелі – өткен жылмен салыстырғанда құрылыс 3 есеге өскен. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде 3 жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сандарды сөйлеткенде, облыс құрылғалы 5000-ға жуық тұрғын «баспана – бас қайғы» дегенді ұмытқан.

Түйткілді төртеудің тіні тарқады

Мұнан соң облыс әкімі Текелі қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Айтуынша, тәуелсіздік алған жылдардан бері Жетісудың жақұты саналатын қалада қордаланған 4 ауқымды мәселе болыпты. Әуелгісі ауызсу. Қала тұрғындары Қора өзенінің лай суын ішіп келді. Ауызсумен қамту жайы кезең-кезеңімен шешілуде. Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылы 3 ұңғыма бұрғыланып, әрқайсысы 3 мың текше метр болатын 2 су қоймасы салынды. Сондай-ақ, бар ұңғымалардан негізгі сүзгі стансысына дейін 1665 шақырым су құбыры желілері тартылды. Өткен жылы апаттық жағдайларда су құбыры жүйесінің толық істен шығуын болдырмау мақсатында 392 ысырма орнатылды. Осы жылдың мамыр айында Қора өзеніндегі сүзгі стансысында құрылғылар жөнделіп, ауыстырылды. Соның нәтижесінде сүзгі стансысынан шығатын су тазарды, дегенмен кейбір тұтынушылар пайдаланатын су әлі де лай. Оған тозған су құбырларының ішкі ластануы себеп болып отыр. Ауызсу мәселесін түбегейлі шешу үшін қазір 26 км. магистральді су құбырын жаңарту жұмыстары басталды, келесі жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде келер жылы бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойылады.

Екінші мәселе – тұрғындардың көгілдір отынға қолжетімділігі. Шыны керек, бұл мәселені шешуде де ауыз толтырып айтар қарекет бар. Мәселен, қала бойынша 195 шақырым газ тарату желісі тартылған. Биыл 500 млн. теңгеге 15 шақырымы салынып, 190 көпқабатты тұрғын үйге газ құбырын орнату жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 2022 жылы басталған жобаны аяқтап, 28 мыңға жуық қала тұрғыны табиғи газға қол жеткізді. Яғни текеліліктердің 92 пайызы. Дейтұрғанмен, үй іргесіне жетіп тұрған көгілдір отынға қосылу өте баяу жүруде. Қалада жалпы 4000-нан астам абонент болса, қазір желіге қосылған 277 ғана. Небәрі 7 пайыз. Бұл көрсеткіштің көңіл көншітпейтінін жеткізген облыс әкімі Текелі қаласының әкімін қатаң сынға алып, нақты жұмыс жүргізуді, халық арасында түсіндірме жасауды нығырлай тапсырды. Шынында халық күткен бастама іске қосылғанда игілікті көрмеу қала әкімдігіне сын.

Үшінші түйткіл – жол мәселесі. Текеліге келген ағайын жол зардабын шегуші еді. Әсіресе, қазақтың маңдайына біткен асыл ері Дінмұхамед Қонаев атындағы ең ұзын көшенің жайы талайдың шымбайына бататын.

– Қазіргі уақытта Қонаев көшесінің 6 шақырымына күрделі жөндеу, 12 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, жұмыстар осы жылдың қараша айында аяқталады. Оған қоса, жөнделіп жатқан жол бөлігіне жыл соңына дейін көше жарығы орнатылады. Сіздермен кездесудің алдында сол көшемен жүріп, жөндеу жұмыстарының барысын көріп келдім, сапалы жүргізілуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 93%-ға жетеді. Текелі қаласы Құдайдың берген сыйы. Табиғаты теңдессіз қаланың жолын жөндеу арқылы туризм әлеуетін жандандыру керек. Бұл қала әкімінің назарынан түспейтін мәселе болуы тиіс, – деді Бейбіт Исабаев.

Мұнан бөлек, өткен жылы Текелі қаласы бойынша жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 261 млн. теңге бөлінген. Әуезов көшесіне орталық саябақтан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізілген. Биыл қаланың 19 шақырым жолын жөндеуге бюджет қоржынынан 2,3 млрд. теңге қаралған. Бейбіт Исабаев Текелі қаласының әкімі Алмас Әділге бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын, жаңғырту жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауды жүктеді.

Төртінші мәселе – апатты үйлер. Бірнеше жылдан бері мінберден айтылып жүрген мәселенің жыры таусылар, төбесі опырылып түскелі тұрған үйлерде тұратын 212 пәтер иесінің базынасы аяқталар күн жақын. Себебі, қазірдің өзінде 201 пәтер иесіне тұрғын үй берілген. Қалған 11 отбасы жыл соңына дейін баспана кілтіне ие болады. Текелі қаласында баспана кезегінде тұрғандардың санын азайтуда толайым тірлік бар. Мәселен, 2022 – 2025 жылдары 571 отбасы қоныстойын тойлаған. Бұл қатарда апатты үй иелері де бар.

– Қазір Текелі қаласында тұрғын үй алуға кезекте 997 адам тұр. Бұл мәселені шешу кезең-кезеңмен және жүйелі түрде жүргізілуде. Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 20 жеке екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Биыл 40 пәтерлі несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазір жеке инвестордың есебінен 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталып, пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Айта кететін жайт, осы жылдың мамыр айынан бастап тұрғын үй беру функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкінің» қарамағына берілді. Енді тұрғын үйді кезекке қою және бөлу осы банк арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындар енді баспана кезегі бойынша әкімдік жағаламайды, «Отбасы банкі» АҚ-ға жолығады, – деді облыс әкімі.

Туристік әлеуеті зор

Текелі қаласының туризмдік әлеуетін күшейту күн тәртібінен түспейтін мәселе. Облыс әкімінің сөзінше, Жоңғар Алатауы игерілмеген аймақтар қатарында, ондағы жоталарға баруға ниетті туристердің қарасы қалың.

– Текелі қаласының маңында орналасқан «Бұрқан-Бұлақ» сарқырамасының туристік әлеуеті өте жоғары. Биыл сарқырамаға баратын жолды қайта жаңарту жұмыстары басталды. Келесі жылы жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін туристер ағымы артып, «Бұрқан-Бұлақ» өңірдің танымал, көрікті орындарының біріне айналмақ. Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында жыл соңына дейін қалада демалыс орындары мен туристік қызметтер туралы ақпарат беретін визит орталығы ашылатын болады. Мұнан бөлек, биыл жеке кәсіпкер «TAL HAUSE» жалпы құны 80 млн. теңгеге 18 орынды қонақүй құрылысын аяқтады. Аталған нысан жылына шамамен 1000 адамды қабылдайды деп жоспарлануда, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Жалпы, қазірдің өзінде туристік қалада 21 демалыс орны бар. Жыл басынан бері 3000 келушіге 88 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетіліпті. Алдағы уақытта Текеліге ағылған жұрттың қарасы қалыңдай түспек. Ол үшін қала келбеті де жөнді болғаны абзал. Соңғы үш жылда 15 көпқабатты үйдің шатырын, 8 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды. Қаланың шағын аудандарындағы көпқабатты үйлердің 10 ауласы жөнделіп, соның екеуі биыл, 8-і келесі жылы бітеді. Сол сияқты биыл 7 көпқабатты үйдің шатыры жөнделіп, 8 үйдің қасбеті жаңартылды. Қаланың 31 көшесінде жарықтандыру тіректері орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар келер жылы аяқталады. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бағдарлама шеңберінде қаланың орталық алаңы мен саябақ, халық көп шоғырланатын «Арбатты» жөндеу жұмыстарына бюджет қоржынынан қаржы бөлінген. Осы орайда «АСПМК-519» серіктестігі өз қаражатынан демеушілік көмек ретінде 50 млн. теңге бөлгенін де атап айта кеткен жөн. Бұл демеушілік қаржыға серіктестік балалар ойын алаңын, шағын архитектуралық формалар орнату және жарықтандыру жұмыстарын аяқтады. Сонымен қатар, қалада 27 балалар ойын және спорт алаңдары салынып жатыр, соның ішінде «Достық», «Металлург» шағынаудандарында 2 балалар ойын алаңы қолданысқа берілді, қалған 25-інің құрылысы қараша айында толығымен аяқталады. Облыс әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмасын жеткізді. Жоспарға сай келер жылы 10 үйдің ауласы, 15 үйдің қасбеті, 15 көпқабатты үйдің шатыры жаңаланады.

Текелі қаласында көптен айтылып жүрген мәселе, жай дүние емес, экологиялық мәселе – тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигонның жоғы. Бұл түйткіл уақытша қойма негізінде шешілген еді. Облыс әкімі Талдықорған қаласында қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу жоспарланып отырғанын, бұл мәселе осы жоба бойынша шешілетінін сүйіншіледі.

– Облыс орталығындағы қалдықтарды қайта өңдеу кешені 120 мың тонна көлемінде Талдықорған қаласы және жақын маңдағы Текелі қаласы, Ескелді, Көксу аудандарының қоқыс қалдықтарын кәдеге жаратып, қосымша электр мен жылу энергиясын өндіретін болады. Электр қуаты – 5 МВт/сағ., жылу қуаты 15 Гкал/сағ., 70 жұмыс орны ашылады. Құрылысы келесі жылы іске асырылады. Аталған жоба жүзеге асырылғаннан кейін Текелі қаласының аумағындағы қалдықтар қайта өңдеу үшін Талдықорғанға жеткізіледі. Осылайша, бұл өзекті мәселе толықтай шешімін табады, – деді аймақ басшысы.

Өндіріс өрісті болуы тиіс

Текелі қаласының негізгі тірегі – өнеркәсіп. Кеңес заманында өркендеген саланың қазір тұралап тұрғанын былайғы жұрт жақсы түйсінеді. Тұралаған кей өндіріс орны кейінгі кезде қайта жанданды. Бірақ, бұрынғыдай қарқынды емес. Сонымен қатар, соңғы 10 жылдықтың көлемінде атойлап ашылып, бөрікті аспанға аттырған нысандар да жабылып жатты. Солардың қатарында Текелі қаласы үшін ғасыр жобасына баланған «Green House – Зеленый дом» жылыжайы бар. 2019 жылы есігіне қарақұлып түсіп, содан бері тұралаған нысанның тамырына қан жүгіретін уақыт жақын. Ақжолтай хабарды сүйіншілеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев кезінде Астана, Алматы һәм жақын облыстарда қалыптасқан «Текелінің қияры» брендін қайта қалыптастыру керегін Алмас Әділге нығырлай тапсырды. Тұралаған жылыжайға «ЗетТекнолоджи Казах- стан» ЖШС инвестор болып, 4,5 млрд. қаржы құюда. Жоба келер жылы күзде іске асады. Жылыжай толық қуатында жұмыс істеу үшін қосымша жер де бөлініпті. Бұл нысан іске асса 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, 10 мың тоннаға жуық өнім өндіріледі.

Жалпы, Текелі қаласының өнеркәсіп саласы 7 айда өндіріс көлемін 18 млрд. теңгеге жеткізген. Жергілікті әкімдіктің жоспары – бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 31 млрд. теңгеге жеткізу. Ол үшін жүйелі жұмыс жасалуда. Мәселен, жыл басынан бері 26,3 млрд. теңге инвестиция тартылған. Олардың қатарында Текелі энергокешенін жаңғырту және бу-газ қондырғысын салу жобасы бар. 2026 жылы аяқталуы тиіс жобаның қазір бірінші кезеңі аяқталып, жыл соңына дейін екінші кезеңі аяқталады деп күтілуде. Келер жылы үшінші кезеңі аяқталып, нәтижесінде қала толығымен электр қуаты және жылумен қамтамасыз етіліп, жаңа нысандарды қосуға қосымша жылу қуаттары пайда болады.

Сонымен қатар, көпшіліктің алаңын тудырып, экологиялық мәселе туындатуы мүмкін деген жел әңгімеге нүкте қойылып, Рудничный ауылындағы «ЭнергоБилдСервис» ЖШС-нің СЭС-нің құрылысы басталды. Облыс әкімі сала жетекшілеріне халық арасында дүрбелең тудырмау үшін мұндай жобаларды жүзеге асырарда ел ішінде қоғамдық тыңдау өткізуді, ашық талқылау жасау керегін тапсырды.

Кезінде атойлап ашылған өндіріс орындарының қатарында Текелі тау-кен өңдеу кешені де бар. 2020 жылдан бері мұнда да қара құлып. Облыс басшысы жергілікті әкімдікке кәсіпорынды қайта жандандыруға жұмыс істеуді жүктеді.

– Қала әкімі Алмас Әділ «Steelers» серіктестігімен арматура шығару және металлопрокат зауытын іске қосу жоспарын айтқан болатын. Алайда, жобаның іске асырылатыны күмән туғызады. 2022 жылғы 5 қазанда осы компанияның құрылтайшысымен бірге «Электромарганец» қуаттылығы 20 мың тонна, кейіннен 100 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген темір өндіретін зауытының іске қосылуына қатыстым. Сонымен қатар, 2024 жылы олармен «Текмет» ферроқорытпа өндіру зауытын қосу жоспарланған болатын. Бірақ аталған жобалар іске асырылмады. Өз кезегінде, мемлекет тарапынан өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен сұралған 4 гектар жер учаскесі беріліп, барлық қолдау көрсетілді. Бұл бағытта да тиімді жұмыс жүргізуді қала әкіміне тапсырамын, – деді облыс басшысы.

Тұрғындар талабы – басты назарда

Өткен жылы облыс әкімінің кездесуінде қала тұрғыны Елена Моисеева «Достық» мөлтекауданындағы арық желілерін жаңғырту керегін жеткізген-ді. Биыл осы сұраныс бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Алдағы уақытта жоба қаржыландырылып, мәселе шешімін табады.

Ал биылғы кездесуде облыс әкіміне 20-дан астам сауал жолданды. Олардың қатарында Текелі қаласының әкімдігі қызметкерлерінің дөрекілігі де сын садағына ілінді. Сонымен қатар, эмоционалды тұрғыда сауал жолдау әлі де бар екен. Көз жасын көлдетіп, мұңын жеткізу де басым. Шыны керек, көз жасы заңнан аттап кетуге себеп емес. Дейтұрғанмен, Бейбіт Исабаев қала әкімдігіне мүмкіндігінше тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге тырысу керегін тапсырды. Сонымен қатар, көпқабатты үйдің шатырын жөндеу, қоғамдық көлік бағытын созу, коммуналдық базар ашу, Қора өзеніндегі көпірді жөндеу, аялдама салу сияқты қала өміріне қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Қала әкімі Алмас Әділ келесі жылы 15 аялдама орнату жоспарланғанын жеткізді. Облыс әкімі халықтың өтінішін ескеріп, жаңа салынатын аялдамалар санын 30-ға жеткізуді тапсырып, құрылыс жұмыстарына қаржылық қолдау болатынын айтты. Сол сияқты, қала басшылығына тұрғындардың өз өнімдерін саудалауға жағдай жасайтын коммуналдық базар ашуға лайықты орын қарастырып, мәселені шешуді міндеттеді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қала тазалығын сақтау қоғамдық міндет екені де сөз болды. Тазалап, жаңғыртып, жөндеу жұмысы жүргізілген қоғамдық орынды ластау, қоқыс тастау мәселесі тыйылмай тұрғанын да жеткізді.

– Әрбір тұрғынның көкейінде «Менің үйім – менің аулам – менің қалам һәм менің Отаным» формуласы болуы керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, салынған нысанды бүлдіруге жол бермеуіміз қажет. Кез келген ел азаматы санасында «қоршаған ортаға құрмет» деген сезімді қалыптастырғаны абзал. Халық пен биліктің байланысы сонда ғана реттеледі. Ел даналығында «Бірлік болмай тірлік болмас» деген сөз бар. Туған жерімізді бірлікпен өркендетейік, – деді аймақ басшысы.

Өз сөзінде Бейбіт Өксікбайұлы үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам бірлесіп, өңірдегі кемшін дүниені қалыпқа келтіруге, қоршаған ортаны таза ұстауға болатынын жеткізді. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының түпкі мақсаты да осы.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.