Тхэквандо WT менің сүйікті спортым. Мұнымен айналысып жатқаныма биыл 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында көрсеткен нәтижем көңіл қуантарлық. Бұл спортты әуелде өзімді қорғай алу үшін таңдаған болатынмын.
Кейін бұл ойымды мүлде өзгерттім. Қазіргі мақсатым өз есімімді әлемге әйгілеу. Даңқымды асқақтатқан соң Қазақстандағы Тхэквандо саласын дамытуды армандаймын.
Бұл күні жаттықтырушым Сергей Алексеевич екеуміз үнемі дайындық үстіндеміз. Ол кісіні нағыз өз ісінің шебері деуге болады. Жаттықтырушымның баулуымен әрдайым биік тұғырлардан көрінудемін.
Атап айтар болсам, мен алғаш рет «Жетісу Кубогы» атты ашық турнирінде «Тхэеквандо» жекпе-жегінен 3-орын иеленіп, жеңімпаздар сапынан табылдым. Одан кейінде тұғырдан түспедім, бірнеше жарыстарға қатысып үшінші орыннан төмен сырғанамадым. Семей қаласында өткен республикалық турнирде 30 кг. салмақ дәрежесінде күш сынасып, 2-орын алдым. Тхэквандодан Хадис Тхэквандо клубының ашық біріншілігінде 14-15 жас аралығындағы оқушылар арасында 1-орын иеленіп, көпшілік сенімін ақтадым. Айтқым келетіні, Тхэквандо WT нағыз шыдамдылық пен ақылдылықты қажет ететін спорт.
Ерсұлтан ЕРЖАН,
8 – сынып оқушысы





