Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ВЕЛОСИПЕДПЕН АУДАН АРАЛАДЫ

25 сәуір 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ВЕЛОСИПЕДПЕН АУДАН АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Спорт – мәнді де мағыналы салауатты ғұмыр өлшемі. Жастайынан спортты серік еткен жандар оны бар ғұмырына біте қайнастырып әкетеді. Біз сөз еткелі отырған Еркін Тынымсейітов – жастайынан жеңіл атлетикамен айналысып келе жатқан азамат.

Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылының перзенті. Аталмыш ауылдың білім шаңырағынан қанаттанған. Мектеп қабырғасында жүрген кезінен жүгірумен айналысқан. Қыс маусымында шаңғымен жүргенді жаны қалайтын. Өз тұсында жүгіруден, шаңғыдан аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілеген жайы бар. Оның бәрі ұмытылмақ емес. Отыздан жаңа асқан жігіт қазір Алматы қаласында тұрады. Облыстық «Жетісу» телеарнасының Алматы өңірлік филиалының жүргізушісі болып еңбек етіп келеді.

Туған таулы өлкесін жанарында ұстап, жадынан шығармайтын Еркін жуырда велосипедімен үлкен сапарда болды. Кеген ауылынан бастап жолай Сарыжаз, Қайнар, Көкбел, Қақпақ, Тегістік, Текес ауылдарын аралай, Нарынқолға келді.  Сарыжаз ауылына ат басын тіреген сәтінен:

–  Мектепте 11-сыныпта оқып жүрген кезімде велосипедпен өзім тұратын Сарыжаз ауылынан Нарынқол өңірін бір аралап қайтқаным бар. Ол кездегі велосипедтер ауырлау болса, қазіргілердің жеңілдігі де, артықшылығы да мол. Алдағы ойым – Алматы қаласынан Есік, Талғар, Қапшағай қалаларына сапар шегу. Бұрын аудан орталығы болған Шелек ауылына да велосипедпен барып қайтқым келіп жүр, – дейді Еркін жылы жымиып.

Еркін  Сарыжаз ауылдық әкімдігінде ұзақ жыл еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан, көптің құрметтісі болған Ыбырай ағамыздың ұлы. Ботакөздей сүйкімді жары бар. Рамазан атты тұңғышы жасқа тола қоймапты. Жеңіл атлетиканы серік еткен ол мүмкіндігі бар күндері таңертең жүгіріп тұрады. Жақында ғана Алматы қаласындағы Саин – Рысқұлов – әл-Фараби даңғылы арқылы бір айналымда 40 шақырым артқа тастап қайтты. Қалай десек те, Кегеннен сонау мемлекеттік шекара шебіндегі Нарынқол ауылына дейін велосипедімен ары-бері 200 шақырымға жуық жол жүрген азаматтың ісі – туып-өскен өлкесіне деген үлкен құрметі іспетті.                                                                          

                                                                     Қанат БІРЖАНСАЛ
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.