“25 қазан Республика күніне орай” Талдықорған қаласының бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында волейболдан облыстық ашық турнир өтті.
Аталмыш шараға Жетісу облысының 7 аудан 2 қаласынан 9 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс кезінде ұлағатты ұстаздардың волейбол спортына деген қызығушылығын байқатып, өз шеберліктерін жеткілікті деңгейде көрсете білді.
Ұлағатты ұстаздар арасында өткен тартысты жарыс қортындысы мынадай:
I — орын Ақсу агротехникалық колледжі
ІІ — орын Көксу ауылшаруашылық колледжі
ІІІ — орын Талдықорған жоғары политехникалық колледжі





