Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҚЫСЫ-ЖАЗЫ КЕЛІҢІЗ: ТАУ-ШАҢҒЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

05.01.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҚЫСЫ-ЖАЗЫ КЕЛІҢІЗ: ТАУ-ШАҢҒЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданы аумағында «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» тау-шаңғы демалыс орны пайдалануға берілді. Қысқы туризмнің дамуына үлес қосатын заманауи кешеннің ашылуына облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысты.

Алатау аясында, теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте орналасқан демалыс орнының жалпы аумағы – 85 гектар. Шаңғы тебуге арналған жолдың ұзындығы 15 шақырымға созылып жатыр. Онда кәсіби спортшыларға да, қарапайым демалушыларға да арнайы жолақтар қарастырылған. Сонымен қатар, бұл жерде скейтбордпен әуестенушілер үшін де барлық жағдай жасалған. Кешен аумағында дәмханалар жұмыс істейді. Спорттық жабдықтарды жалға беретін орындар да бар. Демалыс орны күнделікті 2000-ға жуық адамды емін-еркін қабылдай алады.

Жаңа кешенді салтанатты түрде ашқан облыс әкімі Амандық Баталов оның отандық туризм кластерін дамытуға өзіндік үлес қосып отырғанын атап өтті.

— Бұл кешен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылып отыр. Келешекте осындай демалыс орындарының саны артып, Шымбұлақ пен Түрген шатқалын жалғастыратын болады. Бұл мақсатта «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясымен, отандық кәсіпкерлермен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Бүгін ашылып отырған заманауи тау-шаңғы саябағына 2011 жылдан бері 60 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Бұл ретте жергілікті кәсіпкер Ерлік Балпанбаевтың ерен еңбегін атап өтуіміз керек. Мемлекет тарапынан да кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен «Лесная сказка» демалыс орнына дейінгі тас жолдың 6,2 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілді. Бөлінген қаражаттың жалпы құны – 497 миллион теңге. Отандық кәсіпкерлікті қолдау, туризм кластерін дамыту ары қарай жалғасады, – деді Амандық Ғаббасұлы.

«Лесная сказка-Апорт-Ақ тас» компаниясының президенті Ерлік Балпанбаевтың айтуынша, алдағы уақытта шаңғы жолдарын 40 шақырымға дейін ұзарту жоспарланып отыр.

— Әрине, оңай жұмыс атқарылған жоқ. Осының бәрі дер кезінде көрсетілген қолдаудың, көмектің нәтижесі деп білеміз.Осы ретте игі істерге ұйытқы болған облыс әкіміне алғысымыз шексіз, – деді кәсіпкер.

Бір айта кетерлігі, «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» демалыс орны жыл он екі ай жұмыс істейді. Жаз мезгілінде мұнда келетін туристер атқа мініп серуендеп, велоспортпен айналысады.

Болат МӘЖИТ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.