Жетісу облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылында жаңадан салынған 50 орындық дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды.
1343,4 шаршы метр аумақты құрайтын «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған нысан құрылысына 1158 751 мың теңге қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «Global Construction KZ» ЖШС атқарды.
Нысан ішінде волейбол, баскетбол, бокс, күрес залдарымен шахмат, шашки үйңрмелеріне арналған бөлмелер қарастырылған. Сыртында кіші футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар. Жылту жүйесі сұйық отынмен жүзеге асырылады.
Алуа ОСПАНЖАН





