Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу — WBC нұсқасы үшін жекпе-жек өткізуге жақындап қалды.
Бұл туралы 7-su.kz ақпарттық порталы malimsports.kz. сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу — WBC нұсқасы үшін жекпе-жек өткізуге жақындап қалды.
Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан Tengri Sport тілшісіне мәлімдеген. Бұған дейін испан журналисі Фернандо Сабатини Жәнібек пен WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек 22 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді деп хабарлаған болатын. Алайда кейін келіссөздердің уақытша тоқтатылғанын да айтқан. Соған қарамастан, Әлімханұлының командасы келіссөздердің 85–90% деңгейінде аяқталғанын, қарсылас пен жекпе-жек уақытына байланысты ресми хабарлама жақында жарияланатынын жеткізді. Қазір боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Бриххаус қаласында Брайан Вилориямен бірге толық жаттығу лагерін бастап кеткен.
«Бұл – үлкен жекпе-жек болады. Көптен күткен кездесу, біз де асыға күтіп отырмыз», – деді менеджер.
Егер жекпе-жек жүзеге асса, жеңімпаз бірден үш чемпиондық белбеудің иесі атанбақ: WBO, IBF және WBC. Бұл — абсолютті чемпион болуға бір қадам қалды деген сөз. Қазіргі таңда WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада.





