Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталып (екі сынамасынанда тыйым салынған зат анықталды), оны бокстан бір жыл шететту жөнінде шешім қабылдады. Ал чемпиондық атақтары өзінде қалды,-деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы.
Жәнібекті бокстан бір жылға шететту былтырғы жылдың 2 желтоқсанынан (боксшының бойынан осы кезде тыйым салынған зат анықталды) бастап есептеледі. Комитет Жәнібектің осыған дейін тәртіп бұзып, оғаш қылық көрсетпегенін, антидопинг ережелерін толық сақтап, тергеу барысында бәріне келісіп, артық қадам жасамағанын ескеріп WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атаған сақтап қалды.
Орта салмақтағы бәсекелестікті сақтау және рейтингте тұрған үміткерлердің еңбегін елеп WBO уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Рейтингтің бірініш сатысында тұрған Дензел Бентлимен екінші тұрған Энди Сааведра кездеседі. Ал Жәнібек дисквалификация мерізімі аяқталғаннан кейін алғашқы жекпе-жегін WBO-ның уақытша чемпионымен немесе міндетті үміткермен жекпе-жек өткізуі тиіс.
Шешім шыққанан кейін Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Аллаға шүкір! Біз WBO чемпиондық титулын сақтап қалдық! Желтоқсанда рингке ораламыз! Тілеулес болған жандарға рақмет!» – деген жазба қалдырды.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсан айының басында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш бірдей белбеу үшін жоспарланған жекпе-жек қарсаңында қазақстандық спортшындан тыйым салынған мельдоний анықталған еді.





