Астанадағы «Барыс Аренада» волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті. Былтырғы маусымның жеңімпазы «Жетісу» екі күн болған финалда «Қуаныш» командасынан басым түсті. Бірінші күні 3:2 (25:22, 19:25, 12:25, 25:21, 15:12) есебімен, ал екінші күні 3:1 (25:13, 25:21, 21:25, 25:21) нәтижесімен ұтты. Жартылай финалда «Тұранды» (Түркістан облысы) жеңген еді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Алғашқы ойында «Жетісу» сапынан Мяо Ивэн (25 ұапай – 1 эйс, 22 шабуыл, 2 тосқауыл) үздік нәтижеге ие болса, келесі күні Татьяна Никитинаның (20 ұпай – 2 эйс, 18 шабуыл) көрсеткіші жақсы болды.
– Әрине, екінші мәрте чемпион болу – үлкен қуаныш. Осыған дейінгі еңбектің өтеуі есебінде қабылдаймын. Командамыздың ауызбіршілігі, ұйымшылдығы осындай сын сағатта өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Осымен тоқтап қалғымыз келмейді, бір аптадан кейін Тайландта өтетін 2-ші Азия чемпиондар лигасына қатысамыз. Ол жердеденде жүлдемен қайтықымыз келеді, – дейді «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы Перизат Нұрбергенова.
«Жетісудың» аналитик маманы Руслан Кенжебаевтың жасаған «Қуанышпен» болған екінші ойындағы статистикасына көз жүгіртсек.
«Жетісу»:
Шабуыл – 37 пайыз.
Тосқауыл – 14.
Эйс – 4.
«Қуаныш»:
Шабуыл – 35 пайыз.
Тосқауыл – 7.
Эйс – 4.
Осылайша «Жетісу» волейбол клубы ел чемпионатын 10 рет (2009 – 2015; 2020; 2025–2026) жеңіп отыр. Былтырғы маусымда «Жетісу» өзі қатысқан жарыстардың барлығында (ел чемпионаты, Қазақстан кубогымен Суперкубогы және Филиппинде өткен Азия чемпиондар лигасында) жеңіске жетті. Биыл Қазақстан кубогында 3-орын алып, ел Суперкубогын жеңген еді.





