Талдықорған: +9°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Жетісу» Бразилияға барады

9 қыркүйек 2026
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Жетісу» финалдың бірінші күні жеңіске жетті

7-su.kz / Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу» волейбол клубы 8-13 желтоқсанда Сан-Паулуда (Бразилия) өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Төрт құрлықтан үздік екі командадан жиналып (жалпы 8 команда) өзара мықтыны анықтайды. Былтыр да Сан-Паулуда өтіп, «Жетісу» сол кезде Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы есебінде сынға түсті.

Қазақстанның 10 дүркін жеңімпазы, Азия чемпиондар лигасының иегері (2025) «Жетісу» волейбол клубы екінші жыл қатарынан клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады. «Жетісу» ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды. Биыл сәуірде Тайландта өткен Азия чемпиондар лигасында талдықорғанның командасы 3-орынға ие болды. Ал финалда «НЕК Ред Рокетс» (Жапония) «Накхонратчасима» (Тайланд) командасын 3:0 есебімен жеңді. Финалға шыққан екі команда тікелей клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады. Алайда Тайландтың командасы Бразилияға барудан бас тартқаннан кейін, ұсыныс Қазақстанның клубына түсті.

Былтыр Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы есебінде ойнап, «А» тобында сол кезде жеңімпаз болған Италияның «Савино Дель Бене Скандиччи» (0:3 – 22:25, 21:25, 20:25), Перудің «Альянц Лима» (1:3 – 26:24, 21:25, 23:25, 24:26) және сол жолы турнирде 3-орын алған алаң иелері Бразилияның «Озаску Сан-Кристован Сауде» (2:3 – 17:25, 25:23, 25:21, 18:25, 17:19) командаларымен кездесті. Бұл жолғы қарсыластар да оңай емес. Топта Еуропа чемпиондары «Вакифбанк» (Түркия), Африканың жеңімпаздары «Әл Ахли» (Египет) және Оңтүстік Америка чемпионатында топ жарған «Сеси Бауру» (Бразилия) бар.

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында «Жетісу» волейбол клубы «В» тобында ойнайды.

8 желтоқсан, 21:30 –  «ЖЕТІСУ» (ҚАЗАҚСТАН) — «Вакифбанк» (Түркия)

10 желтоқсан, 01:00 – «SESI Volei Bauru» (Бразилия) – «ЖЕТІСУ» (ҚАЗАҚСТАН)

10 желтоқсан, 18:00 – «Al Ahly SC» (Египет) – «ЖЕТІСУ» (ҚАЗАҚСТАН)

* Қазақстан уақытымен жазылды

Қазақстан волейбол федерациясының ұсынған күнтізбесіне көз жүгіртсек, «Жетісу» клубтар арасындағы әлем чемпионатында ойнап келіп, іле-шала 20-28 желтоқсанда болатын Қазақстан кубогына қатысады. Талдықорғандықтарға желтоқсан айы оңайға түспейін деп тұр.

Ал «Жетісу» қазан айының басында ел чемпионатының жаңа маусымын бастайды. Әзірге (ресми емес) кесте бойынша ішкі біріншіліктегі алғашқы ойынын 3-4 қазанда Талдықорғанда «Ертіске» (Павлодар) қарсы өткізеді. Биыл ел чемпионаты үйде-түзде форматы бойынша алғаш рет өтпек.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

6 қараша 2026
Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Масылдық пен негізсіз төлемдер: Әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

6 қараша 2026
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Медицина қызметкерінің жалақысы өсуі мүмкін

6 қараша 2026
Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

Alatau City Еуропадағы роуд-шоуын аяқтады: Келісімдердің инвестициялық әлеуеті $2 млрд-тан асты

6 қараша 2026
Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

Астанада жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық саммит өтуде

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.