2026 жылдың 13 ақпанында Жетісу облысында әуесқой ардагерлер арасында волейболдан облыстық жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық додаға өңірдің әр аймағынан келген 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Сарыбастау командасы
II орын – Алматы қаласы командасы
III орын – Сарыөзек командасы
Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:
Үздік ойыншы – Жүнісбаев Руслан
Үздік үйлестіруші – Жабайханов Бауыржан
Үздік қорғаушы – Қасаболатов Серік
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль, грамоталар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Аталған жарыс ардагер спортшылардың белсенді өмір салтын насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосты.





