Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында Ұлттық лиганың 4-кіші тур ойындары аяқталды. «Жетісу» волейбол клубы ұпайдан шашау шығармай, барлық қарсыласынан басым түсті. «А» тобындағы соңғы ойынын «Тұранға» қарсы өткізген талдықорғандықтар 3:1 (25:14, 25:14, 25:27, 25:17) есебімен жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Біз осы турды өз қалағанымыздай аяқтадық. Үш ойында да жеңіске жеттік. Иә, бұл осы маусымдағы маңызды тур болды деп айта алмаймын. Командамыз да ойын жағынан жақсы өнер көрсетті дей алмаймын, әсіресе топтағы «Тұранмен» болған соңғы кездесуде. Біз міндетті түрде қорытынды шығаратын боламыз. Ендігі мақсат плей-оффта сәтті ойын көрсету, – дейді «Жетісу» волейбол клубының бас бапкері Марко Гршич.
«Жетісу» сапынан 4-кіші тур ойындарында үздік ойыншы Елизавета Мейстер болды. Байланыстырушы «Тұранмен» болған ойында 3 ұпай (1 эйс, 2 шабуыл)алса, «Алматымен» болған кездесуде 1 эйс жасады.
«Тұранмен» болған ойын 4 сетке созылды. «Жетісу» сапынан көп ұпай жинаған ойыншылар – Мяо Ивэн (17 ұпай – 1 эйс, 16 шабуыл) және Татьяна Никитина (17 ұпай – 15 шабуыл, 2 тосқауыл). Одан кейінгі нәтижелі ойыншы – Мария Фролова (9 ұпай – 1 эйс, 8 шабуыл).
Екі команданың статистикасына қарсақ.
«Жетісу»:
Шабуыл – 42 пайыз.
Эйс – 9.
Тосқауыл – 8.
«Тұран»:
Шабуыл – 37 пайыз.
Эйс – 4.
Тосқауыл – 4.
Енді Петропавлда 4-үлкен тур болдаы, одан кейін 5-13 сәуірде Астанада чемпиондықты анықтайтын плей-офф кезеңі болады. «Жетісу» дәл қазір турнирлік кестеде 24 ойыннан кейін 70 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейін 63 ұпай жинаған «Қуаныш» және 52 ұпайы бар «Берел» келеді.





