Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 4-үлкен тур ойындары басталды. «Жетісу» волейбол командасы алғашқы кездесуін «Астанаға» қарсы өткізіп, 3:0 (25:12, 25:17, 25:19) есебіммен сенімді жеңді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
– Кез келген жарыста бірінші жеңіс маңызды деп ойлаймын. Бүгін біз өзіміз ойлағандай ойын көрсеттік. Тактикалық тұрғыда қарсыластан сауаттырақ жұмыс істедік. Тоқтап қалғымыз келмейді, жеңісті серияны жалғастыру үшін барымызды саламыз. Маңызды ойындар әлі алдымызда, – дейді «Жетісу» волейбол клубының ойыншысы Елизавета Сырова.
Теріскейдегі турда «Жетісу» барын салатындығы анық. «Астанамен» болған ойында команда сапынан үздік нәтижені Мария Фролова көрсетті. Ол 18 ұпай (1 эйс, 15 шабуыл, 2 тосқауыл) алды. Одан кейінгі жақсы көрсеткішке ие болған – Ирина Кенжебаева (10 ұпай – 1 эйс, 9 шабуыл).
«Жетісу» волейбол клубының аналитик маманы Руслан Кенжебаевтың жасаған статистикасына зер салсақ.
«Жетісу»:
Шабуыл – 54 пайыз.
Тосқауыл – 5.
Эйс – 10.
«Астана»:
Шабуыл – 30 пайыз.
Тосқауыл – 7.
Эйс – 5.
«Жетісу» командасы ертең (20 наурыз) «Қарағандымен» ойнайды.
«Жетісу» әзірге чемпионатта жеңілген жоқ. Бұл соңғы тур. Ал келесі айдың басында Астанада биылғы маусымның жеңімпазын анықтайтын плей-офф кезеңі күтіп тұр.





