Биыл 26-30 сәуірде Кореяның Инчхон қаласында кәрі құрлықтың үздік 8 волейбол командасының басын қосатын 2-Азия чемпиондар лигасы өтеді. Былтырғы жеңімпаз «Жетісу» волейбол клубының ширек финалдағы қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кореяда өтетін Азия чемпиондар лигасы ерекше жүйемен өтпек. Командалар турнирді ширек финалдан бастайды.
«Жетісудың» қарсыласы – Қытайдың «BAIC» (Beijing Arctic Ocean) командасы. Олар былтыр АЗия чемпиондар лигасында 4-орын алған. Жалпы тарихында Қытайдың лигасында 2019 жылы жеңімпаз болып, 2020 жылы қола медальмен аяқтады. Халықаралық жарыстағы ірі жетістігі – Ветьнамда 2011 жылы өткен VTV Халықаралық кубогында күміс медаль алды.
Екі команданың жеңімпазы жартылай финалда Жапония лигасының үздігі Индонезияның «Bandung BJB Tandamata» командасы арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
«Жетісу» әуелі 5-13 сәуірде Астанада өтетін ел чемпионатының кезекті жеңімпазын анықтайтын плей-офф кезеңінде барын салмақ. Одан кейін Азия чемпиондар лигасына күш жұмсайды. Арасы тғыз болғандықтан «Жетісу» үш бұл үлкен сын болмақ.





