Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісуға футзал керек пе? «Жастарға жасалған қиянат»

18.03.2026
АЛТЫН ТҰҒЫР, ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуға футзал керек пе? «Жастарға жасалған қиянат»

7-su.kz / Serik Kantayev

WhatsAppTelegramFacebook

Кейінгі кезде Жетісудағы футзалдың тағдырына алаңдап, оң нәтижеге бет алған істің бүгін үзіліп қалғанын қаламайтын бір шоғырдың пайда болғандығы бар. Олар жастардың нәтижесін алға тартып, маусым басындағы көрсеткішпен бүгінгі есеп-қисапты ұсынады. Үңілсеңіз, Жетісудағы футзал қарқынды дамып, әуесқойлар арасында кең қолауға ие болғандығын, ал жас кәсіби ойыншылардың тәжірибесі өскендігін көресіз.

Иә, ел чемпионатындағы «Жетісудың» дәл қазіргі жағдайы көңіл қуантатындай емес. Бірақ, чемпионаттағы ең жас құрам екенін, осыған дейін көбісі кәсіби клубта ойнамағандығын және оларды бас бапкер Биро Жаде «жасап» шыққандығын ескеруіміз қажет. «Жетісу» дәл қазір чемпионатта 32 ойыннан кейін 13 ұпаймен 12-орында келеді. Одан кейін 10 ұпай жинаған «Шымкент» бар.

– Жастардың ойыны көңіл қуантады. Таза еңбек. Команданың барлығы дерлік жетісулықтар. Қазірдің өзінде мықтылармен иық тірестіре ойнап, олардың оң бағасын алып жатыр. Бұл жігіттерге әлі екі маусым берсек, еліміздегі негізгі тірек ойыншыларға айналары анық. Осы тұрғыда «Ақтөбені» мысалға алсақ болады. Дәл қазір өзінің түлектерімен чемпионатта үшінші орында келеді. Бұл «Жетісудың» да қолынан келетін іс, – дейді Instagram желісіндегі FutsalKazakhstan парақшасының белді шолушысы, әуесқой лигада жеңіске жетіп жүрген командаларыдың бапкері Бекет Парух.

Рас, «Жетісу» футзал клубының ойыншысы 19 жастағы Мади Маратұлы чемпионатта 18 гол салып үздік 10 мергеннің тізіміне енді. Бұл көшті Альберт Ақбалықов («Ақтөбе») 37 гол мен бастап тұр. Одан кейін 34 гол салған «Семей» ойыншысы Дедезиньо келе жатыр. Тағы бір «Жетісу» командасының  21 жастағы ойыншысы Ерназар Бекбосыновтың ойынын да айрықша атап өтсе болады. Ол өзі қатысқан 26 матчта 9 гол салып, 6 пас берген. Бұл ойыншының карьерасындағы ең нәтижелі маусым. Чемпионатта әлі ойынның бар екенін ескерсек, Ерназардың бұл нәтижені жақсартуға мол мүмкіндігі бар. «Жетісу» сапында ел чемпионатында сілкініс жасаған ойыншылардың қатарында 19 жастағы қақпашы Дәурен Қайратұлы (25 ойында 1 гол салды), 18 жастағы қорғаушы Бексұлтан Тілеухан (32 ойында, 3 гол салды), 18 жастағы Аят Мұсабаев (30 ойында, 13 гол салды), 19 жастағы Жанасыл Алмасұлы (30 матчта 11 гол салды), 20 жастағы Мадияр Тұрғамбайдың (26 ойында 1 гол салды) есімін айтсақ болады.

Өткен маусымда тәжірибелі ойыншылармен қатар легионерлердің күшімен «Жетісу» чемпионаттағы үздік командалардың бірі болды. Биыл жергілікті жастарға мүмкіндік беріп, олардың паркетте өзін көрсетуіне толық жағдай жасады. Былтыр жабылып қалуы мүмкін болған команда бүгінде өз ойыншылары ойқастай бастағанда дәл осы мәселенің қайта алдынан шыққандығы бар. Бұл жөнінде «Жетісу» футзал клубының директоры Әділет Талғатов:

– Кейінгі кезде командамыздың жабылуы мүмкін екендігі туралы көп айтылып жүр. Клуб директоры ретінде бұл мәселеге нүкте қойып, өз позициямды ашық білдіргім келеді. Неге команданы сақтап қалуымыз керек? Бүгінде футзал елімізде қарқынды дамып келе жатқан және ең танымал спорт. Басқа ірі спорт түрлерімен салыстырғанда, футзал клубын ұстап тұруға кететін шығын әлдеқайда аз. Біз бюджеттің әр теңгесін тиімді пайдаланып, аз қаражатпен үлкен іс жасап келеміз. Біздің құрамда легионерлер емес, өзіміздің жетісулық жастары ойнап жүр. Бұл – тек спорт қана емес, жүздеген баланың үміті мен болашағы. Осы жастарға 2-3 жыл уақыт берсек, үлкен жетістіктерге қол жеткізетінімізге кәміл сенемін. Клубты жабу туралы шешім қабылдау – бұл жай ғана ұйымды тоқтату емес, бұл өз жеріміздің талантты жастарына жасалған қиянат болар еді. Біз жастаға үлкен мүмкіндік сыйладық. Енді сол үмітті сөндіруге қақымыз жоқ, – дейді.

«Жетісудың» негізі командасынан бөлек 19 жасқа дейінгілер арасындағы ойыншылары чепионатта үздік нәтиже көрсетіп, алдыңғы қатарда келеді. Команданың бас бапкері Еркебұлан Мұсабековтің айтуынша жастарымыздың қарқыны жақсы, тек сеніп, оларға мүмкіндік беруіміз керек. Ал Талдықорғанның өзінде әуесқой лигада командалар саны 100-ден асады және олар жас айырмашылықтары бойынша бөлінеді. Жетісудағы футзалдың дамуы жақсы, тек кәсіби команданы жабуы арқылы жас ойыншыларымыздың жігерін өшіріп алмасақ болды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: БАҚ, отбасы және еңбек саласындағы маңызды өзгерістер

Жаңа Конституция: БАҚ, отбасы және еңбек саласындағы маңызды өзгерістер

18.03.2026
«Турнирлерге қатыспаймын»: Абиба Әбужақынова мәлімдеме жасады

«Турнирлерге қатыспаймын»: Абиба Әбужақынова мәлімдеме жасады

18.03.2026
Жетісуға футзал керек пе? «Жастарға жасалған қиянат»

Жетісуға футзал керек пе? «Жастарға жасалған қиянат»

18.03.2026
Жетісу облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.