Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

24.11.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің ардагер спортшылары және спорт саласының басшыларымен кездесіп, ұлт денсаулығын жақсартудағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Бейбіт Өксікбайұлы Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты ұлт денсаулығын жақсарту үшін балалар мен бұқаралық спортты дамытуды алға тартты. Сондай-ақ, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасында 2025 жылға қарай дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту ісін 50 пайызға жеткізуді күн тәртібіне қойды.

Мұнан кейін өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына келген іссапарында спорт саласына байланысты жүктеген бірқатар тапсырмаларына тоқталды. Жетісу өңірі таулы аймақ, ауа райы қысқы спорт түріне өте қолайлы. Осыған ерекше мән беріп, облыста заманауи шаңғы және биатлон стадионын салу ісін қамтамасыз етуді қолға алу қажеттігін айтты. Бұл тұрғыда қысқы спорт түрлерін дамытуға байланысты жұмыстар басталды, сондай-ақ, ауылдарда модульді дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды жоспарға алғандығын жеткізді.

Расында да мұндай заманауи модульді спорт кешендері тез тұрғызылады әрі көп қаражат талап етпейді. Бұған дейін де бірқатар аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтерген болатын. Әлі де мұндай спорт кешендері жоқ аудандар бар. Дәл қазіргі уақытта 6 спорт кешені жұмыс істеп тұр, тағы 8 спорттық-сауықтыру орталығының құрылысы жүріп жатыр. Енді модульді спорт кешендер жаппай бой көтерсе, халықтың 50 пайызы спортқа тартылатыны сөзсіз.

Облыс  басшысы бұдан кейін өзекті мәселенің бірі кадрға байланысты өз ойын жеткізді.

– Бізде заманауи жүзу бассейні бар. Ол әлемдік стандарттарға сай салынған және ірі жарыстарды өткізуге мүмкіндігі жеткілікті. Жас жеткіншектеріміздің де нәтижесі көзге көрініп, жарыстарда жүлдемен оралып жүр. Өкінішке қарай, су спортының мамандары тапшы. Келген жақсы бапкерлер баспана  жағынан қиындық көріп, кетіп қалып жатыр. Сондықтан қала басшылығына келген кадрларды ұстап қалу мақсатында коммуналдық үймен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Тағы бір күрмеуі қиын мәселе – талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының  жағдайы. Соңғы жылдары бірінші лигаға түсіп қалған «Жетісу» командасы жоғары топқа шығуға бар күшін жұмсады. Биыл жерлестеріміз бірінші лиганы 3-орынмен аяқтады. Өкінішке қарай, жақсы ойын көрсеткенімен қосалқы алаңның талапқа сай болмауына байланысты команданың ұпайын алып тастаған.

Ұпай жоғалтқан команда турнирдің биік сатысынан көріне алмай отыр. Осыған орай, облыс басшысы футбол маусымы басталғанша қосалқы алаңды жөндеу керектігін жеткізді. «Жетісу» стадионын қайта құрылымнан өткізуге 1 млрд.теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды құрылыс басқармасы мен өзінің орынбасары Рустам Әлиге тапсырып, жұмысты қадағалауды айтты.

Мұнан кейін облыс басшысын қатты толғандыратын істің бірі – таланттарды іздеп табу. Іріктеу жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағанын сынға алды. Жетісу облысының спортшылары ұлттық құраманың сапында жоқ. Әсіресе, бокс, дзюдо, күрес түрлерінен артта қалып келе жатқанымыз жасырын емес. Әлемдік сынды былай қойғанда, ұлттық құраманың сапына ену қиынға соғып отыр. Міне, осы мәселені тілге тиек еткен Бейбіт Өксікбайұлы спорт басқармасының басшысы Алмат Үшкемпіров пен спорт мектептерінің директорларына іріктеу жұмыстарын жетілдіруді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, Жетісу облысының бірқатар спорт федерациясы облыстың бөлінуіне байланысты аккредитациясын ала алмай отыр.

Бұл мәселені Рустам Әлиге жүктеп, тиісті министрлікпен байланыс жасап, жұмысты тез арада шешуді бұйырды. Кездесуде осындай келелі мәселелерді көлденең  тартқан Бейбіт Өксікбайұлы спорт мектебінің директорлары мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын сын садағына іліп, жұмысты ширатуды ескертті.

Бұдан кейін спорт мамандары мен спортшыларға кезек беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«Ұлттық ат спорты» федерациясының президенті Рүстем Досжанов Жетісу облысының көкпар командасын құруды, 20 жылдық тарихы бар ұлттық ат спорты ойындары Президент кубогын Талдықорған қаласында өткізуді ұсынды. Көкпаршыларды ұстап тұруға арнайы ұлттық спорттық клуб керек екенін жеткізді.

Облыс басшысы клуб мәселесін назарға алып, алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.  Ал «Өңірдің жеке көкпар командасын құру және ат жарысын өткізу келер жылдың  жоспарына енгізетін болды.

Регбишілердің жаттығу орны бар, бірақ киім ауыстыруға арнайы базасы жоқ екені жайлы әңгіме көтерілді. Бұған арнайы жоба жасалып, заман талабына сай ғимарат тұрғызылатын болды. Сонымен қатар, волейболшылардың жаттығатын арнайы орны жоқ. Осыған байланысты қала әкімімен бірлесіп, спорттық кешенге орын табуды және келер жылы спорттық нысанның волейбол маусымы басталғанша аяқтауды құрылыс басқармасы мен орынбасарына жүктеді.

Паратеннистен ұлттық құраманың бас бапкері Арнұр Әбішов мүмкіндігі шектеулі жандардың жаттығуына ыңғайлы үстел теннисі орталығын ашуды өтінді. Бұл ұсыныс алдағы уақытта демеушілердің көмегімен шешілмек.

Ұсыныс-тілектің соңынан облыс әкімі  Бейбіт Исабаев спортта өзіндік қолтаңбасы бар ардагер спортшылар мен болашағынан үміт күттіретін спортшылар мен бапкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты, «Үздік спорт қызметкері», Жетісу облысының Құрметті спорт ардагері сынды марапаттарды табыстап, сәттілік тіледі.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

Жетісу облысында қауіпсіздік күшейтілді

17.03.2026
Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

Іле өзенінде балық аулауға тыйым салынды

17.03.2026
Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Мектеп оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеді

17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша рейс ашылды: Әуе компанияларының жаңа кестесі

17.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.