Талдықорған: +7°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетісу өңірінде биыл 11 спорт нысаны бой көтереді

24.02.2024
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетісу өңірінде биыл 11 спорт нысаны бой көтереді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде биыл 11 спорт нысаны бой көтереді. Оған бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында айтылды.

Жуырда облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, тұрақты комиссия төрағалары, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Ерлан Бақтыбаев, «Атамекен» Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы жеке білім беруде салалық кеңес төрағасы Маржан Ахмеджанова қатысты.

Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұл атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол аймақта спортпен үнемі айналысатын ерекше қажеттіліктері бар жандардың саны артқанын айтады. Мәселен, спортпен шұғылданушылар 2022 жылы небәрі 8 пайыз болса, қазіргі уақытта 13 пайыздан асқан.

Сала жетекшісі күн тәртібінде көтерілген мәселелерге айрықша тоқталып жауап берді:

– Жалпы облыс бойынша мүгедектерге арналған спорт түрлерімен айналысатын адамдардың саны 1 386. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы I топқа, II топқа жататын барлық мүгедектерге, бала кезінен мүгедектігі бар жандарға көмекшілер тағайындады. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың көмекшілері жарыстарға және күнделікті жаттығу жұмыстарына қатысады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Әлем, Азия чемпионаттарында және халықаралық жарыстарда Жетісу өңірінің параспортшылары 14 алтын, 7 күміс, 10 қола жүлде иеленді. ҚР чемпионаттары мен республикалық жарыстарда олар 107 алтын, 80 күміс, 64 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Ханчжоу қаласында (Қытай) тірек-қимыл аппараты жеңіліске ұшыраған спортшылар арасында өткен IV Паралимпиадалық Азия ойындарында облыстық спортшылар бір күміс және бір қола медальға ие болды, – деді ол.

Айта кетейік, бұл күні үздік нәтиже көрсеткен 49 спортшы облыс әкімінің қаулысына сәйкес ай сайынғы ақшалай сыйақы алып отыр.

Мәслихат отырысында жазғы Париж Олимпиадасына  қатысатын спортшылардың дайындық жұмыстарына қатысты мәселелер де қозғалды. Өткен жылғы Әлем, Азия чемпионаттарында  облыс спортшылары Абдулин Ильфат, Еременко Александр, Жаңбырбай Дәулеткелді 2024 жылғы Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 4 лицензия жеңіп алғанын сала басшысы алға тартты. Сонымен қатар, спорттың 6 түрі бойынша лицензия алу жоспарлап отырғанын сөз етті. Қазіргі таңда облыс спортшыларына жоғары нәтиже көрсету мақсатында жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанынан ақпар берді.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «Атамекен» облысының кәсіпкерлер палатасының жеке білім беру салалық кеңесінің төрағасы Маржан Ахмеджанова тыңдалды.

Жетісу облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ішкі саясат және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының өкілдері қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдайтындарын айтты.

Медет ЖҰМАБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Көмек пен кеңес

Көмек пен кеңес

21.03.2026
Үш мың түп ағаш отырғызды

Үш мың түп ағаш отырғызды

21.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.