Талдықорған: -7°C
$ 486.20
€ 557.82
₽ 6.00
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕТІСУ — ЖЕҢІМПАЗ! ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ҚАЙРАТКЕРІН ЕСКЕ АЛҒАН ТАРТЫСТЫ ТУРНИР

22.02.2022
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕТІСУ - ЖЕҢІМПАЗ! ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ ҚАЙРАТКЕРІН ЕСКЕ АЛҒАН ТАРТЫСТЫ ТУРНИР
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласындағы «Тұлпар» ат спорты орталығының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлы, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Амангелді Сейітханов және ҚР Президенті сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті.

Өнертану докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Арыстанбек Мұхамедиұлының мұрындық болуымен өткен турнирге Шығыс Қазақстан облысынан «Шығыс ақпарат», Жамбыл облысынан «Taraz Press» командасы, Алматы қаласынан «КТК/Халық арна», «Қазақ газеттері» «Намыс», «Хабар», «Шұғыла» жастар командалары және облысымыздың «Qareket» командасы қатысты.

Майталман журналистерді еске алуға арналған спорттық доданың қатысушыларына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтау хат жолдап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікенұлы, қазақ спорт журналистикасының ақтаңгері Несіп Жүнісбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы мен Бейсен Құранбек сынды дарабоз таланттардың өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен қара шаңырағы «Қазақстан» корпорациясының Алматы филиалы директорының орынбасары Руслан Қосанов, Нұртілеу Иманғалиұлының зайыбы Қарлығаш Табулдинова, белгілі спорт журналисі Ақын Ордабай арнайы келіп қатысып, ұйымдастырушыларға зор алғыстарын жеткізіп, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Турнир тартысқа толы болды. Журналистер ала допты ұршықша иіріп, жеңістің желкенін көтеру үшін барын салып ойнады. Жарыс қорытындысы бойынша облысымыздың  «Qareket»  командасы 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды «КТК/Халық арна» командасы еншіледі. Ал «Шығыс ақпарат» командасы үздік үштікті түйіндеді. «Қазақ газеттері» командасы Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы жүлдемен, «Намыс» футбол командасы ұйымдастырушылардың арнайы жүлдесімен марапатталса, облыстық «Жетісу» телеарнасының арнайы сыйлығы «TarazPress» командасына бұйырды. Сонымен қатар, турнирде ерекше ойынымен көзге түскен  үздік  ойыншы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы да марапаттан тыс қалмады.

Соңында жарыс ұйымдастырушысы Жасұлан Қыдырбаев қатысушыларға алғысын білдіре отырып, айтулы жарыстың жылда дәстүрлі түрде өтетінін айтты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

Соғыс пен табиғи апат: Газа секторында құмды дауыл соқты

17.03.2026
Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

Respublica партиясының республикалық референдум қорытындысы бойынша мәлімдемесі

17.03.2026
«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

«Жалған мәліметтер ұсынған»: Жол саласында 11 млрд теңге үнемделіп, бақылау күшейтілді

17.03.2026
Кимешекте кие бар

Кимешекте кие бар

17.03.2026
Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

Халқымыздың бай мұрасын ұлықтады

17.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.