«Ұлы дала жорығы 2024» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. Биылғы аламан Павлодар облысынан бастау алып, елордада аяқталады.
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне еліміздің 18 аймағынан 90-ға жуық шабандоз қатысты.Әр өңірдің іріктеуінен іркілмей өткен үздіктер Павлодар облысынан Астана қаласына дейінгі 500 шақырымдық жолды 5 күнде шауып өтті.
Былтырғы жорықтың жеңімпаздары атанған жетісулық шабандоздар осы жолы да көш бастап ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНЫҢ жеңімпаздары атанды.





