Орта самлақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) британиялық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жекке қатысты әлеуметтік желіде сұрақ қойды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Жуырда ма? Әлде қалай?», — деп жазыпты Жәнібек твиттерде Ширазбен коллажды жариялап.
Осыған дейін Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) Ширазды қазақстандыққа міндетті қарсылас еткен болатын. Тараптарға келіссөз өткізуге 15 күн уақыт берді. Егер боксшылардың командалары 23 қазанға дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.
Фото: https://x.com/qazaqstyle





