WBO тұжырымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды тағайындады.
Қос боксшының командаларына «Top Rank» пен «Queensberry Promotions» келіссөздер үшін 15 күн уақыт берілді, бір келісімге келе алмаған жағдайда жекпе-жек промоутерлік бәссаудаға қойылады.
Промоутерлік бәссауда кемі 200.000 $-дан басталып, жеңіске жеткен тарап жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына ие болады.
25 жастағы Хамза WBO рейтингінде 1-ші орында, сонымен қатар ол екінші деңгейлі Commonwealth Boxing Council, EBU European және WBC Silver титулдарының иегері. Шираз соңғы жекпе-жегін 21-ші қыркүйек Лондонда өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.





