Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ІІІ кіші тур ойындары өтіп жатыр. «Жетісу» волейбол клубы биылғы жылдың алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Талдықорғандықтар «А» тобында «Берел» (ШҚО), «Тұран» (Түркістан облысы) және «Алматы» командаларымен кездеседі.
Алғашқы ойынды «Алматыға» қарсы өткізген жетісулықтар 3:0 (25:15, 25:19, 25:20) есебімен жеңді. Бұл Марко Гршич жаттықтартын команданың ел чемпионатындағы жеңіліссіз 15 ойыны (маусым басталғалы чемпионатта жеңілген жоқ).
«Алматымен» болған ойында «Жетісу» сапынан үздік нәтиже көрсеткен үштік:
1. Перизат Нұрбергенова – 12 ұпай (7 шабуыл, 2 эйс, 3 тосқауыл).
2. Наталья Борисенко – 10 ұпай (9 шабуыл, 1 тосқауыл).
3. Ирина Кенжебаева – 9 ұпай (8 шабуыл, 1 тосқауыл).
«Жетісу» волейбол клубының статисті Руслан Кенжебаев әзірлеген ойындағы жалпы сандарға көз жүгіртсек.
«Жетісу» — шабуыл – 45 %, эйс – 5, тосқауыл – 8.
«Алматы» — шабуыл – 33 %, эйс – 0, тосқауыл – 5.
Ал «А» тобындағы екінші кездесуде «Берел» «Тұранды» 3:1 (25:20, 24:26, 25:21, 27:25) нәтижесімен ұтты.
Ертең «Жетісу» волейбол клубы тур аясында «Тұранмен» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





