Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Баланы ата-апасына берген дұрыс па?

26.11.2025
АНАЛИТИКА
Баланы ата-апасына берген дұрыс па?

ChatGPT

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақта «жазылмаған заң» деген ұғым бар. Әсіресе, отбасы құндылығы, институты, ұрпақ сабақтастығы, тәрбиесі, ұл мен қыздың рөлі ерекше мәнге ие болған. Сол себепті бұрын жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар тұңғыш балаларын ата-апасына берген. Қазір осы дәстүрге қарсы пікір айтып, оның мүлдем дұрыс емес екенін дәлелдеуге тырысатындардың қатары көбейді.

«Ондай бала ата-анасынан алшақтап, оларға шынайы мейірімін көрсете алмайды. Ата-апасы өмірден өткенде өзін жетім сезініп, туған бауырларынан алыстап кетеді» деген пікір жиі айтылады. Орынды уәж. Бірақ бұл тұңғыш балаңды басыбүтін бере салу керек дегенді білдірмейді.

Бала ата-анасының мейіріміне қанып өсуі керек. Ал ата-апасына жақын өскен жеткіншек ешқашан жаман болмайды. Неге десеңіз, көненің көзі болған ата-әже – баланың бойына салт-дәстүрді сіңіретін тәрбие мектебі. Ата қасында өскен бала жылқыға жүген салу, ер-тұрман, тартпа, үзеңгі сияқты бүгінде қалалық жастарға жат ұғымдарды табиғи түрде меңгереді. Ал әже қасында өскен бала ертегі тыңдап, батырлар жырына қанығып, «Өрмекші адам», «Бэтмен» емес, Ер Тарғын, Қабанбай, Қобыландыны үлгі тұтады. Шыбықтан ат мініп, ағаштан қылыш жасап, елін, жерін қорғауды жүрегіне ұялатады.

Осы уақытта жас жұбайлар «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген түсінікпен тұрмыстық жағдайын түзеп, баспана, несие, қаржы мәселелерін реттеп алады. Екінші, үшінші балаларын өмірге әкелуге дайындалады.

Ал қазіргі кезде көз көріп, құлақ естіп жүрген ащы шындық мынау. Баласын ата-апасына беру былай тұрсын, қарттар үйіне апарып тастайтын жағдайларға кезігіп жүрміз. Ал олардың өз баласын бүгінде ата-апасы емес, телефон мен ғаламтор тәрбиелеуде. Атыс-шабыс ойындар баланың ойын улап, қатігез, сезімсіз, өмір сынына төтеп бере алмайтын, тіпті өзіне қол жұмсайтын жаңа буын қалыптасып келеді.

Психолог-маман Зарина Ғабитханқызы балалардың неліктен өз еркімен өлімге баратын себептері туралы былай дейді:

– Суицид – мінез-құлық нормаларының бұзылуы. Сондықтан балалардың өз-өзіне қол жұмсауының бір ғана себебі бар деп айту дұрыс емес. Егер биологиялық фактор туралы айтсақ, бірінші мәселе – суицидке бейімділіктің қалыптасуындағы генетикалық фактордың рөлі. Зерттеулер суицид жасаған жасөспірімдердің префронтальды қыртысында серотонин жетіспеушілігін анықтады. Бұл – мінез-құлықты ерікті бақылау қабілетінің төмендеуіне, суицидтік импульстарға қарсы тұрудың әлсіреуіне әкеледі, – дейді маман.

Оның айтуынша, тағы бір үлкен қауіп – бұқаралық ақпарат құралдарындағы материалдар:

– БАҚ-та таралатын суицид туралы хабарламалар немесе суреттер кері әсер етіп, әсіресе жасөспірімдер арасында суицидтік әрекеттерді арттырады. Бұл ақпараттар жасөспірімдерге әрекетті қалай жасау керектігі туралы да білім береді. Мұндай процесс шағын аумақта қысқа уақыт ішінде өзіне-өзі қол жұмсау жиілігін көбейтуі мүмкін, – деді Зарина Ғабитханқызы.

Өзімізге қарасақ та, бірінші баламыз өскен кезде кішкентай сәби аңсайтынымыз бар. Баланың қылығы, алғаш тәй-тәй басуы, былдырлап сөйлеуі – бәрі сағынышқа айналады. Ал қарттар үшін кішкентай баланың қасында жүрудің өзі – үлкен демеу, қуаныш, ем.

Сол тұрғыдан алғанда баланы ата-әжесіне табыстау – кеше мен бүгінді байланыстыру, салт-дәстүрдің үзілмеуі.

Қазақта кенже баланы шаңырақ иесі деп таныған. Қартайған ата-анасына қамқор болып, олар жаққан отты өшірмей, шырағын сөндірмей, шаңырағын сақтайтын да осы – кенже бала. Бүгінде ауылдағы қаңырап тұрған үйлердің көбейуі – дәл осы дәстүрдің әлсіреуінен.

Мемлекет те кейінгі жылдары ауылға ерекше көңіл бөліп, «Дипломмен ауылға», жас мамандарды қолдау, жұмыс орындарын ашу сияқты бағдарламаларды іске асыруда.

Осы орайда өз өмірімнен де мысал келтірейін. Менің әкем – кенже ұл. Үлкен шаңырақтың иесі болды. Біз әкемнің апасының қолында өстік. Әжем бізді етегіне салып, бауырына құшып бақты. Әже ерегісімен ұйықтап, атамның оятуымен ерте тұрып, Көк биеге мінгесіп малға шығатынмын. Сол арқылы мен әжемнің де, ата-апамның да, нағашы ата мен апамның да тәрбиесін алдым.

Қазір анамды «жеңге», әкемді «аға» деп кеткен жоқпын. Неге? Өйткені мені ешқашан екі ортада қалдырмай, тепе-тең ұстап өсірді. Сол себепті мен туған-туысқа да, нағашы жұртыма да жақынмын. Әжем арқылы «Жез тырнақ», батырлар жыры сияқты талай дүниені тыңдап өстім.

Алма есімді апайымыз ата-әже тәрбиесінің өмірге әсері туралы былай дейді:

– Мен әжемнің тәрбиесінде өстім. Қазір өзім балалы-шағалы болсам да, сол кісіге барып еркелеп тұрам. Әжемнің жанында жүріп талай құдалық, той, қонаққа бардым. Ағайын-туыстың татулығы, жөн-жоралғы, қыз жасауы сынды салт-дәстүрді үйрендім. Оның барлығы менің үлкен өмірге қадамымды жеңілдетті. Қазір де әңгімелесу барысында кімнің ата-әже тәрбиесін көргенін сөзінен-ақ аңғарып тұрамын. Бүгінгі қоғамда дәл осы нәрсе жетіспей жатқандай, – дейді ол.

Баланы ата-әжесіне беру – бұрынғыдай міндет емес, бірақ терең мәні бар дәстүр. Бастысы – баланы туған ата-анасынан ажырату емес, екі жақтың да мейірімін сезіндіру. Ата-әже – ұрпақ жалғастығының алтын көпірі, ұлттық тәрбиенің мәйегі. Ал ата-ана – баланың негізгі тірегі. Екі тараптың үйлесімі ғана тәрбиені толық етеді.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026
Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

30.01.2026
Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.