Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Дұрыс тамақтану әдебі – сән бе, әлде қажеттілік пе?

08.08.2025
АНАЛИТИКА
Дұрыс тамақтану әдебі – сән бе, әлде қажеттілік пе?

kz.amway.com

WhatsAppTelegramFacebook

Жастардың дұрыс тамақтануы өзекті мәселелердің біріне айналды. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану ұғымы әлеуметтік желіде кеңінен насихатталса да, олар бұл үрдіске шынымен денсаулығы үшін бет бұрып жатыр ма, әлде бұл тек сәнге ілесу ме – нақты айыру қиын. Әсіресе, студенттер қауымы үшін бұл тақырып өте өзекті. Себебі олардың күнделікті рационын бағамдасақ, фастфуд өнімдері мен жылдам дайындалатын тағамдардың үлесі басым.

Оқушылар мен студенттер көп жүретін білім орындарының маңында орналасқан фастфуд сататын дүкендер арзан, қолжетімді әрі уақыт үнемдеуге ыңғайлы. Алайда бұл қолайлылықтың көлеңкесінде ағзаға түсетін ауыр салмақ бар.Ондай тағамдардың құрамында пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер өте аз, керісінше, май, қант пен тұз мөлшері шамадан тыс. Бұл жас ағзаның қалыпты дамуын тежеп қана қоймай, иммунитетті әлсіретіп, жалпы өмір сапасын төмендетеді.

Фастфудпен жүйелі түрде тамақтанатын студенттер арасында шаршаңқылық, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің құбылуы жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар шаршауға, әлсіздікке, түрлі ауруға кейде тіпті психологиялық күйзеліске әкеп соғуы мүмкін. Себебі ағзаға қажетті қуат пен қоректік заттар жетіспеген сайын, оның барлық жүйесі әлсірей бастайды.

Ғылымдардың зерттеуіне сүйенсек, сапасыз ұйқы мен дұрыс тамақтанбау мелатонин гормонының бөлінуін тежеп, қатерлі жасушалардың көбеюіне жол ашуы мүмкін. Онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, фастфуд өнімдері тек асқазан-ішек жолдарының жұмысын әлсіретіп қоймай, жүйке жүйесіне де кері әсер етеді. Ал бұл жастардың оқу үлгеріміне, белсенділігіне және психологиялық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Мамандар жастарды қазіргі уақыттан бастап дұрыс тамақтануға дағдылануға шақырады. Себебі бүгінгі тамақтану мәдениеті ертеңгі денсаулықтың негізі. Арзан әрі жылдам дайындалатын тағамдар уақыт үнемдегенмен, зияны ұзақ мерзімді. Сондықтан әрбір жас өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, саналы таңдау жасауға тиіс. Дұрыс тамақтану сәнді болу үшін емес, сау болу үшін қажет. Бұл уақытша қызығушылық емес, өмір салтына айналуы тиіс ұстаным.

Денсаулыққа салғырт қарау – ертеңгі өкініштің бастауы

Нутрициолог Ольга Овсянникова жастардың қазіргі өмір салты жайлы ой қозғады. Оның айтуынша, жастардың көбі кеш жатып, кеш тұруды әдетке айналдырған. Мұндай күн тәртібі адамның биологиялық ырғақтарын – циркадтық жүйесін бұзады, ал ол гормондық тепе-теңдік пен ағзаның негізгі қызметтерін әлсіретеді.

«Көпшілігі бұл өзгерістердің ағзаға қандай зиян әкелетінін білмейді немесе мән бермейді. Таңғы асты өткізіп жіберу, жеңіл-желпі тамақтану – жиі кездесетін құбылыс. Ал майсыз немесе өте жеңіл таңғы ас өт қабының қалыпты босауына ықпал етпейді. Бұл өз кезегінде өттің тұрып қалуына, кейін өт-тас ауруына әкелуі мүмкін. Бұрыннан келе жатқан “Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер” деген нақылдың астарында өмірлік тәжірибе жатыр», – дейді ол.

Маман жастардың күні бойы түрлі тіскебасармен шектелуін де дұрыс көрмейді. Көп жағдайда олардың рационында жартылай фабрикаттар, глютен мен трансмайлар басым болады. Мұндай өнімдер ағзаның дәрумендер мен микроэлементтерге деген қажеттілігін өтей алмайды.

«Су ішуді елемеу де – жастар арасында кең тараған қате дағды. Газдалған, тәтті сусындар судың орнын алмастыра алмайды. Ағзаның 70–80 пайызы судан тұратынын ескерсек, бұл өте маңызды мәселе. Көп жастар “бәрі осылай өмір сүреді” деп, өзгелерге еліктейді. Бірақ мұндай өмір салты ерте ме, кеш пе – денсаулықтың күрт нашарлауына себеп болады», – дейді маман.

Ішкі сенім бе, әлде қоғам талабы ма?

Психолог Айгерім Тұрсағатова дұрыс тамақтануға деген қызығушылықтың психологиялық себептеріне тоқталады. Оның пікірінше, жастар бұл үрдіске әртүрлі себеппен келеді: бірі денсаулығына шынайы алаңдаса, енді бірі әлеуметтік қысым мен сұлулық стандарттарына сай болу үшін таңдайды.

«Жастардың дұрыс тамақтануға ұмтылысына бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Кейбірі бұл жолды саналы түрде таңдайды – денсаулығы үшін, өмір сапасын арттыру үшін. Ал кейбірі сәнге, қоғамның күтетін бейнесіне сай болуға тырысады. Менің өз тәжірибемде, бұл шешімге келуіме отбасым әсіресе, енемнің ықпалы зор болды. Ол кісі әрдайым үйде дайындалған, табиғи тағамдарды насихаттап, олардың денсаулыққа пайдасын айтып отыратын. Осыдан кейін мен де зерттей бастадым. Біртіндеп пайдалы тағамдарды қолдануға көштім. Сондықтан бәрі бірдей трендтің соңынан еріп кетті деп айту қиын», – деді.

Психолог дұрыс тамақтанудың ішкі қажеттілікке негізделген кезде ғана тұрақты әдетке айналатынын айтады:

«Дұрыс тамақтану – өзіңе деген құрмет, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі. Бірақ бұл үрдіс тек сыртқы мақұлдау үшін болса, онда ол тұрақсыз әрі ішкі мазасыздыққа себеп болады», – дейді Айгерім Тұрсагатова.

Жастар дұрыс тамақтануды қалай әдетке айналдырды ?

Дұрыс тамақтану туралы көп айтылады. Бірақ бұл тақырыпқа мән беріп, оны күнделікті әдетке айналдырып жүрген жастар аз. Гүлдана Ткешева сондай салауатты көзқарасты ұстанушылардың бірі. Ол бұл үрдісті сыртқы көрініс үшін емес, денсаулығы үшін таңдаған.

«Мен үшін дұрыс тамақтану – бұл денсаулық пен өзімді жақсы сезіну үшін қажетті өмір салты. Бұл тек салмақ қосу немесе азайту емес, ағзама пайдалы әрі уақтылы, теңгерімді тамақ ішу. Жақында жаттықтырушымның көмегімен жеке жоспар құрдық, сондықтан енді не жеп, нені шектеу керектігін нақты білемін. Дұрыс тамақтану маған күш, энергия береді және жаттығу нәтижелеріне де әсер етеді», – дейді ол.

Гүлдананың айтуынша, қазіргі таңда жастардың бір бөлігі осы тақырыпқа шынымен қызығады. Бірақ арасында тек тренд үшін ғана уақытша қызығушылық білдіретіндер де бар.

«Кейбір жастар шынымен өз денсаулығы үшін дұрыс тамақтануға қызығушылық танытады, бірақ, өкінішке орай, көпшілігі тренд үшін ғана бастайды. Әлеуметтік желілерде дұрыс тамақтану жайлы көп ақпарат тарап, бәрі соған еріп кетеді. Бірақ тек сыртқы көрініс үшін емес, ішкі денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану маңызды екенін түсіну қажет», – дейді Гүлдана.

Ол тамақтану дағдысының өзгеруі өз жағдайына қалай әсер еткенін де нақты мысалмен түсіндіреді.

«Иә, соңғы уақытта өз тамақтану дағдымды пайдалы деп сеніммен айта аламын. Бұрын ас ішу уақытым белгісіз, әрқашан бірде бар, бірде жоқ болатын. Қазір жаттықтырушымның кеңесімен 3 негізгі және 2 жеңіл тамақтану тәртібін ұстануға тырысамын. Ағзам өзгеріп, өзімді сергек сезіне бастадым», – дейді ол.

Гүлдана жастардың денсаулығына бейжай қарамай, тамақтану мәдениетін саналы түрде қалыптастырып жүрген қыз. Оның тәжірибесі пайдалы әдеттің жарқын үлгісі.

Дұрыс тамақтану – дағдыға айналуы керек

Жастардың дұрыс тамақтануға бет бұруы – бұл қоғам үшін маңызды әрі құптарлық қадам. Бірақ бұл бағыт тек уақытша сән ретінде қалып қоймауы керек. Кез келген оң бастама тұрақты әдетке айналғанда ғана шынайы нәтижесін береді. Сондықтан салауатты тамақтану үрдісі жастардың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Мұны қалыптастыруда тек жеке ниет жеткіліксіз. Қоршаған орта, отбасындағы үлгі, білім беру жүйесіндегі қолдау және қоғамдағы ақпараттық кеңістік те үлкен рөл атқарады.

Қазіргі заманда тұтынушыны аз уақыт ішінде тез әрі арзан өніммен қызықтыруға бағытталған нарықтық жүйе жастардың дұрыс таңдау жасауына кедергі келтіруде. Бірақ денсаулық – уақытша пайдадан әлдеқайда құнды. Тамақ тек қарын тойдыру емес, ағзаның өмір сүруіне қажетті қуат пен қоректі заттар көзі. Егер осы түсінік жастар санасында бекісе, олар денсаулығына немқұрайлы қарамайды. Бұл тұрғыда ақпараттың шынайылығы, мамандардың пікірін тыңдау, өз ағзасын тыңдай білу маңызды дағдылардың бірі.

Сарапшылардың айтуынша, дұрыс тамақтану адамның өмір сүру ұзақтығы мен сапасын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Иммунитеттің мықты болуы, психикалық тұрақтылық, сергектік пен белсенділік барлығы ас мәзірімен тығыз байланысты. Әсіресе, студенттік кезең адамның өз денсаулығына негіз қалайтын ең маңызды уақыт. Осы сәтте дұрыс тамақтануды үйрену болашақ өміріне жасалған маңызды инвестиция.

Жастар бұл жауапкершілікті сезінсе, болашақта созылмалы аурулар мен артық салмақ, жүйке жүйесінің бұзылуы сынды қауіптердің алдын алуға болады. Өмірдің сапасы тек табыспен немесе мансаппен өлшенбейді. Ол ең алдымен ішкі тепе-теңдік пен ден саулығынан тұрады. Ал ден саулық дұрыс тамақтанудан басталады.

Сондықтан әр жас күнделікті ас таңдауда дұрыс шешім қабылдауға дағдылануы тиіс. Бұл үрдіс ұлт денсаулығының тірегі, қоғамның болашағына қосылған үлес.

Аяулым ШЫНГАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

30.01.2026
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жолдады

30.01.2026
Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

30.01.2026
Отандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын енді

Отандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын енді

30.01.2026
«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.