Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Мұғалім жетіспеушілігі: жастар неге педагог болғысы келмейді?

15.09.2025
АНАЛИТИКА
Мұғалім жетіспеушілігі: жастар неге педагог болғысы келмейді?

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандағы мұғалім тапшылығы білім саласының ең өткір мәселелерінің бірі болып тұр. Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сәйкес, 2024–2025 оқу жылында елде 7 мыңнан астам педагог жетіспеген. Ең үлкен сұраныс математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне қатысты. Әсіресе ауылдық аймақтарда бос орындар айқын десек, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары деңгейде.

Мәселенің себебі тек жалақы мен әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігіне қатысты емес. Жас мұғалімдерге артылатын қағазбастылық, ата-аналардың артық талабы, ұстаз беделінің толық орнықпауы да бар. Соның салдарынан кейбір жас мамандар басқа салаға кетуді жөн көреді.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын шамамен 10 мың түлек педагогикалық диплом алады. Бірақ олардың тек үштен бірі ғана мектепке барып жұмыс істейді. Қалғандары басқа салаға ауысады, екінші білім алады немесе шетелге кетеді. Ал жыл сайын 5 мыңға жуық мұғалім зейнетке шығады. Бұл тапшылықты одан әрі тереңдетіп отыр.

Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ұстаз мәртебесін көтерудің тиімді жолдары бар. Финляндияда мұғалім ең беделді мамандықтардың бірі саналады. Оңтүстік Кореяда педагогтарға тұрғын үй мен әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады. Эстонияда мұғалімдердің орташа жалақысы елдегі орташа еңбекақыдан 20%-ға жоғары, ал Жапонияда ұстаздар 3 жыл сайын кәсіби сынақ тапсырады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан үшін де осындай кешенді қолдау жүйесі қажет.

Философия докторы (PhD) Райгүл Желдібаева педагог тапшылығының себептеріне тоқталып:

«2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімдердің құқықтарын қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталды. Осыдан кейін жастардың бұл мамандыққа қызығушылығы артты. Бұрын мектептен кетіп қалған түлектердің қайта оралуы да ұстаз беделінің біртіндеп көтерілуін көрсетеді», – дейді.

Ол педагогикалық гранттарға деген сұраныстың артып келе жатқанын мысалға келтірді:

«Грант иегерлерінің шекті балы жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл бәсекелестікті күшейтіп, сапаны жақсартуға әсер етеді».

Дегенмен ауыл мектептері мен жаратылыстану пәндері бойынша тапшылық әлі де өткір.

«GPA 3,33-тен жоғары көрсеткіші бар түлектер мен сертификаттаудан өткен жас мамандар конкурстан тыс жұмысқа орналаса алады. Бірақ қағазбастылық пен ата-аналардың қысымы олардың әлеуетін толық ашуға кедергі келтіреді», – дейді сарапшы.

Диплом алғанымен мектепке бармайтын түлектер де бар.

«Кейбір жастар педагогикалық мамандықты жүрек қалауымен емес, грант үшін таңдайды. Бұл болашақтағы кадр тапшылығына әсер етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту қажет», – деп қосты Желдібаева.

Жас мамандарды ұстап қалу үшін әлеуметтік жағдай шешуші рөл атқарады.

«Көп мұғалім жалақысын толықтыру үшін қосымша сағат алуға мәжбүр. Бұл білім сапасына теріс әсер етеді. Сол себепті қағазбастылықты азайтып, жұмыс жүктемесін жеңілдету, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру маңызды», – дейді сарапшы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас маманы Гүлдана Ткешева ұстаздықты бала күнгі арманымен таңдаған. Студенттік тәжірибе кезінде оқушылардың ықыласын көріп, мамандыққа деген сенімі одан сайын бекіген.

Алайда еңбек жолының алғашқы жылдары қиындықсыз болған жоқ.

«Балалармен тіл табысу қиын болмады, бірақ құжаттар мен есептің көптігі қажытады», – дейді ол.

Жалақы мәселесіне тоқталып, қазіргі еңбекақы жас маманға жеткілікті болғанымен, болашақта жауапкершілік артқан сайын әділ бағаланғанын қалайтынын айтады. Оның пікірінше, еңбектің лайықты бағаланбауы жастардың бұл саладан кетуінің негізгі себебі.

Соған қарамастан, оның ең үлкен мотивациясы – шәкіртінің табысы.

«Қиындығы көп болса да, жүрек қалауымен келген адам үшін бұл мамандықтың орны ерекше», – дейді Гүлдана.

Бұл пікірді зерттеу нәтижелері де қуаттайды. «Damu Research» орталығының сауалнамасына сәйкес, ата-аналардың 65%-ы мұғалімдердің қоғамда жеткілікті құрметке ие емес екенін айтқан. Ал мектеп бітірушілердің тек 15%-ы ғана мұғалім болуды армандайды.

Мұғалім тапшылығы – жай ғана кадр мәселесі емес, мемлекеттің интеллектуалдық болашағына тікелей әсер ететін фактор.

Райгүл Желдібаеваның «Жалақы мен жүйелік қолдау жеткіліксіз» деген пікірі мен Гүлдана Ткешеваның «Баланың ықыласы – ең үлкен мотивация» деген сөзі бірін-бірі толықтырады.

Бір жағында материалдық және кәсіби қолдау қажеттілігі тұрса, екінші жағында ұстаздықтың рухани қуаты бар.

Егер мемлекет ұстаздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, қоғам ұстазға лайықты құрмет көрсетсе, білім сапасы да жаңа деңгейге көтеріледі. Бұл тек мұғалімнің емес, бүкіл ұлттың болашағын айқындайтын қадам.

Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Әрбір шәкірттің тағдыры Абай айтқан жақсы ата-ана, ұлағатты ұстаз, рухани ортаға тікелей қатысты . Сондықтан мұғалімді қолдау – елді қолдау, ал мұғалімнің еңбегін бағалау – болашаққа салынған ең мықты инвестиция деп түйсіну – түсіну қажет.

Аяулым ШЫНГАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.