Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Сандар сөйлейді: нумерологияға сенім неге күшейді?

30.08.2025
АНАЛИТИКА
Сандар сөйлейді: нумерологияға сенім неге күшейді?

bud-prom.com.ua

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары әлемде де, Қазақстанда да нумерологияға қызығушылық ерекше артты. Әлеуметтік желілерде туған күн мен есімге байланысты «өмірлік кодтарды» есептеп беретін нумерологтардың парақшалары мыңдаған жазылушы жинап, онлайн- кеңес қарқынды жүріп жатыр. Кейбір ата-аналар тіпті баласына ат қоюда немесе үй сатып аларда мамандардан кеңес сұрайды.

Бұл құбылыстың ауқымын түрлі зерттеулер де көрсетеді. Мәселен, Pew Research Center жүргізген сауалнамада америкалықтардың шамамен 29 пайызы астрология мен нумерология сияқты эзотерикалық тәжірибелерге сенетінін айтқан. Қазақстанда да ұқсас үрдіс байқалады. Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы «қоғамдық көңіл-күй» сауалнамасында респонденттердің 18 пайызы болашағына қатысты шешім қабылдарда балгерге немесе нумерологқа жүгінетінін көрсеткен.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай сенімнің күшеюіне бірнеше фактор әсер етуде. Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық адамдарды белгісіздіктен қорғану жолдарын іздеуге итермелейді. Екіншіден, цифрлану дәуірінде «сандардың тілі» жастар үшін тартымды әрі түсінікті формаға айналды. Үшіншіден, әлеуметтік желілерде тараған қысқа әрі әсерлі контент көпшілікті жылдам баурап, қызығушылықты арттырады.

Әлемдік тәжірибеде де нумерология бизнеске айналған. Global Wellness Institute дерегіне сүйенсек, эзотерикалық қызметтер нарығы 2022 жылы шамамен 2,2 миллиард долларды құраған. Қазақстанда ресми статистика жүргізілмесе де, нумерологтар мен астрологтардың онлайн-консультациялары орта есеппен 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін бағаланатыны белгілі.

Кейбір ғалымдар нумерологияны «ғылымнан гөрі сенім жүйесі» деп бағалайды. Дегенмен бұл ағымның қоғамдағы орнын жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені адамдар өз болашағына қатысты белгісіздікті жеңілдететін кез келген құралға сенім артуға бейім.

Психоанализ маманы Серикова Жансая бұл құбылысты адамның ішкі психологиялық қажеттіліктерімен байланыстырады:

«Психоанализ тұрғысынан алғанда, нумерология мен астрологияға сенім адамның бейсаналы үрейімен және регрессиялық процестерімен тікелей байланысты. Адам болашақты алдын ала білуге ұмтылады, өйткені белгісіздік оның психикасына мазасыздық тудырады. Осыған сәйкес, жұлдыз жорамал немесе нумерология символикалық тұрғыда қорғаныш функциясын атқарып, бейсаналы деңгейде ата-ананың фигурасын алмастырады. Фрейдтің теориясына сәйкес, бала кезімізде ата-анамыз бізді жамандықтан қорғап, қауіпсіздік сезімін берсе, ересек шақта бұл қажеттілік бейсаналы түрде сақталады. Нәтижесінде кейбір адамдар жауапкершілікті өз мойнына алудың орнына сыртқы күшке артып, “мен үшін біреу шешсін” деген позицияға көше бастайды. Бұл регрессия – яғни балалық кезеңге кері шегіну. Дегенмен мұның мотивациялық жағы да бар: жасөспірімдер болашақтағы кәсіби немесе тұлғалық ізденістерінде өзін жұлдыз жорамалға сәйкес бейнелеуге тырысып, соның арқасында қабілеттерін дамытуға ынталануы мүмкін. Бірақ сенім шектен тыс күшейсе, ол тәуелділікке айналып, адамның жеке дамуына кедергі болуы ықтимал», – дейді ол.

Осы тұста нумерология өкілдері құбылысты басқа қырынан түсіндіреді: олардың пайымынша, сандар адамның табиғи бейімі мен өмірлік бағыты туралы ақпарат.

Нумеролог Аида Маден бұл ілімнің мәнін тереңірек түсіндіреді. Оның айтуынша, әр адамның туған күні мен есімі – тағдырға ықпал ететін басты кодтар.

«Туған күн – адамның жанының коды. Ол адамға тән табиғатты, өмірлік миссияны және алда күтіп тұрған сабақтарды көрсетеді. Мысалы, телефоныңыздың кодын білсеңіз ғана ішіндегі ақпаратқа толық қол жеткізесіз. Сол секілді туған күн де бекер таңдалмайды. Ал есім – сыртқы энергия, яғни қоғамда қалай көрінетініңізді айқындайтын вибрация. Туған күн ішкі жолды көрсетсе, есім сол жолды қалай жүретініңізді анықтайды. Осы екі дерек арқылы адамның мүмкіндігі, қабілеті, әлсіз тұстары және өмірлік сценарийлері түсіндіріледі», – дейді ол.

Маман әр санның белгілі бір энергияны білдіретінін айтады.

«Кейбір сандар көшбасшылық пен батылдыққа, басқалары шығармашылыққа, рухани ізденіске немесе адамдарға көмектесуге бейім етеді. Шын мәнінде, әрбір адамның ішінде бір ерекше әуен бар. Сандар – сол әуеннің ноталары. Өз сандарын түсінген адам табиғатын, қабілеттерін және өмірлік бағытын анық көреді», – дейді Аида Маден.

Ол тәжірибесінен мысал келтіреді:

«Бір клиентім өзін жұмыстан таппай жүрді. Есептеу барысында оның шығармашылық энергиясы күшті екенін анықтадық. Қазір ол табысты дизайнер. Тағы бір жағдайда адам өз жолын дұрыс таңдаған соң, денсаулығы мен жеке өмірі де реттелді». Оның айтуынша, бұл әдіс адамға өзін жаңа қырынан көруге және шешім қабылдауда сенімді болуға көмектеседі. «Бізде мектептегі кәсіби бағдарлау енді дамып келеді. Америкада балаларды ерте жастан мамандыққа бағыттайды. Бізде ата-ананың ықпалы мен қаржы тапшылығы жиі кедергі болады. Өз ісімен айналыспаған жан толық бақытты бола алмайды», – дейді ол.

Аида Маден жастардың нумерологияға қызығушылығын былай түсіндіреді:

«Бүгінгі жастар еркіндікті және өзін-өзі тануды қалайды. Ақпарат көп, бірақ нақты жолды таңдауда қиналады. Нумерология сол кезде бағыт-бағдар береді. Биыл көптеген түлекке тегін кеңес бердім: әскерилікке бейімі жоқтарды шығармашылыққа, миссиясы дәрігерлік пен заңға жақындарды өз саласына бағыттадым. Бұл – дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Біз Суқұйғыш дәуірінде өмір сүріп жатырмыз». Оның сөзінше, жастарды тартатын негізгі факторлар – жеке тұлғалық даму, жылдам нәтиже, өзіндік ізденіс және өмірге жақын кеңес.

«Мен үшін нумерология – болашақты болжап беретін сиқыр емес, бағыт көрсететін карта. Ол қай жол барын көрсетеді, ал сол жолмен жүру-жүрмеу – адамның өз еркінде», – дейді маман.

Психоанализ бен нумерология арасындағы пікір қайшылығы, шын мәнінде, қоғамдағы үлкен сұрақты ашып отыр: адамға өз өмірін түсіну үшін ғылым ба, әлде сенім бе маңыздырақ? Бір тарап үшін нақты дерек пен дәлел басты өлшем, ал екінші тарап үшін ішкі түйсік пен рухани бағдар нағыз жол сілтегіш. Екеуінің тоғысқан тұсы адамның болашаққа сенім артуға деген табиғи мұқтаждығы.

Бүгінгі таңда жастар да, ересектер де белгісіздіктен қорқады. Күн сайын өзгеріп жатқан әлемде көпшілік өзін жоғалтып алмаудың амалын іздейді. Біреу оны психотерапиядан табады, біреу нумерологиядан, енді біреу діннен немесе өнерден табады. Бұл құбылыстардың түпкі негізі бір адамға тірек, адамға сенім қажет.

Нумерологияға толықтай сену немесе мүлде жоққа шығару қарапайым жол. Бірақ шын мәнінде, мәселе бұдан да күрделі. Сандардан тағдыр іздеу – бір жағынан, адамға өмірін реттеп, мақсат қоюға мүмкіндік беретін құрал. Ал екінші жағынан, тым артық сену жеке жауапкершілікті әлсіретіп, өмірін кездейсоқтыққа тапсыруға әкелуі мүмкін.

Сондықтан бүгінгі оқырманға ең маңыздысы – тепе-теңдікті табу. Нумерологияны біреулер үшін шабыт беретін символдық тіл, біреулер үшін өзін танудың тәсілі ретінде қарастыруға болады. Бірақ ақиқаттың кілті тек сандарда емес, адамның өз әрекеті мен таңдауларында жатыр. Болашақты болжайтын ең сенімді күш адамның өзі жасаған ісі мен жүректен шыққан шешімі.

 

Аяулым ШЫНГАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.