Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Жат елдегі өмір: арман ба әлде арпалыс па?

30.11.2025
АНАЛИТИКА
Жат елдегі өмір: арман ба әлде арпалыс па?

1prof.by

WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары қазақстандықтардың шетелге жұмыс іздеп баруы – жеке таңдау ғана емес, тұтас қоғамның беталысын, ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды айна-қатесіз көрсететін құбылысқа айналды. Көпшілігі еңбегінің әділ бағаланбауынан қажып, жаңа мүмкіндік пен еркіндікті іздейді. Бірі – кәсіби дамуға, бірі – лайықты жалақыға қол жеткізуге ұмтылады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі 10 жылда 370 мыңнан астам қазақстандық шетелге қоныс аударған. 2021 жылы – 32 209 адам, ал 2023-2024 жылдары елден кетушілердің 55 пайызын 18-34 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл – елдің ең белсенді, үйренуге бейім, икемді буыны сыртқа кетіп жатыр деген сөз.

Бұл материалда біз шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандық жастардың тәжірибесін, Work and Travel сияқты бағдарламалардың шынайы көрінісін, еңбек нарығы сарапшыларының пікірін және нақты деректерді саралап, қазақстандықтардың неліктен шетелге кетуге мәжбүр екенін талдап көрдік.

23 жастағы Саяра Темірбекқызы – шетелге кетуге шешім қабылдаған қазақ- стандық жастардың бірі. Ол 18 жасынан Халық банкінде қызмет еткен, бірақ кеңсеге тәуелді өмір оның еркіндігін шектеген.

– Өмірімді кеңседе өткізу ауыр көрінді. Бір сарынды жұмыстан шаршадым. Жаңа орта, жаңа тәжірибе іздедім, – дейді Саяра.

Алайда оның жолы бірден ашылмады. Виза алып береміз деген делдалдарға 3 мәрте алданып, қаржысын да, уақытын да жоғалтты. Соған қарамастан, 2022 жылы Ұлыбританиядағы ауыл шаруашылығы компаниясына сауалнама толтырып, маусымдық жұмысқа қабылданады. Алғашқы аптасында сағатына 10,10 фунт стерлинг алған. Кейін фермадағы жұмыс қысқарып, Лондонға көшіп, қонақүйде бөлме тазалаушы болып айына 1700-1800 фунт табыс тапқан.

– Ұлыбританияда кім екенің маңызды емес, жұмысты қалай атқаратының маңызды. Еңбекке құрмет ерекше, – дейді ол.

Бұл – шетелге барған қазақстандықтардың жиі айтатын пікірінің бірі: еңбек әділ бағаланады.

Соңғы жылдары Қазақстанда АҚШ-қа Work and Travel USA бағдарламасымен баратын студенттер саны айтарлықтай артты. 2024-2025 жылдарға арналған өтінімдер өткен жылдармен салыстырғанда 50 пайызға көбейген. Сол жастардың бірі – социология факультетінің студенті Аружан Болатқызы. Ол биыл жазда АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Оушен — Сити қаласында жұмыс істеп қайтқан.

– Әуежайдан Greyhound автобусымен сегіз сағат жол жүріп жеттім. Мұхиттың иісі, жағалаудың желі – жаңа өмірге қадам басқандай әсер берді, – дейді Аружан.

Ол қаланың шағын дүкенінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істеген. Жалақысы сағатына 15 доллар. Аптасына орта есеппен 700 доллар табады. Бірақ бұл табыстың бәрі қолына түспейді. Оның 167 доллары – жатын орынға, 80 доллары – салық. Қолына түсетіні – 400-450 доллар.

15 адам бір үйде тұрған, оның ішінде Түркия, Румыния, Қазақстаннан келген студенттер болған.

Ол сондай-ақ жұмыс кестесінің ауыр болғанын да жасырмады. Кешкі 16.00-ден түнгі 23.00-ге дейін, кейде 00.00-ге дейін жұмыс істеген. Бір күн ғана демалыс.

– Кей студент екі жұмысты қатар істейді. Мен маусым айының ортасында барғандықтан, екінші жұмыс табу қиын болды. Кей жерлерде азиат болғаным үшін жасырын дискриминация сезілді. Бірақ бар мүмкіндікті пайдаланып, түрлі жұмыс істеп көрдім. Ақырында сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейтін клининг компаниясына орналастым. Онда салық ұсталмайды, сағатына 20 доллар төлейді. Бірақ жұмыстың ауырлығынан аяқ-қолымды сезбей қалатынмын.

Тұрмыс та жеңіл емес. Біз тұрған үйде кір жуатын машина болмады. Екі ай сырттағы кір жуу орындарына бардым. Бір жуу – 10 мың теңге. Сондықтан екі айда екі-үш рет қана кір жудым.

Негізінде Америка – арман емес, өмір мектебі. Бұл қала маған шыдамдылықты, еңбек пен тәртіпті, табыс пен шығынды басқаруды үйретті. Жеңіл жұмыс жоқ екенін түсіндім. Еңбегіңнің өтеуі ғана емес, қиындықпен күресу қабілетің де маңызды. Мен үшін бұл сапар – өмірімді екі кезеңге бөлгендей. Бір нәрсені анық түсіндім: әлем үлкен, мүмкіндік көп, ал адамның шегі – тек өз ойыңда, – дейді Аружан.

Ал әлеуметтік желілерде Англияда маусымдық жұмысқа шақыратын жарнама да көбейді. Құлпынай теру, жидек жинау секілді жұмыстар оңай әрі табысты көрінгенімен, оның артында қатаң талап пен ауыр еңбек жатыр. Осы орайда Англияда жұмыс істеп жүрген таныс адамдармен де сөйлесіп, олардың шынайы тәжірибесін білдік.

Солардың бірі – 48 жастағы Азамат, ол баспана алу үшін шетелге бет бұрған.

– Қазақстанда қанша жыл жұмыс істесем де үй ала алмадым. 2022 жылы шетелге шығудың жолын іздедім. Алаяқтарға да жолықтым – олар 1 млн. теңге сұрады. Ақыры ресми сайттар арқылы құжат дайындап, Англиядағы фермаға бардым. Виза мен жолға 500 мың теңге жұмсадым, – дейді ол.

Айтуынша фермадағы маусымдық жұмыс өнім аз болғандықтан ойдағыдай болмай, кейін Лондондағы құрылыс алаңына ауысып, күніне 120 фунт таба бастапты.

– Алматыда үй салып жатырмын. Англияға келгісі келетіндерге айтарым – алаяқтардан сақ болу керек, – дейді ол.

Шетелге шығу жолында алаяққа алданып қалғанын айтқан тағы бір кейіпкеріміз:

– 21 жасымда Ұлыбританияға барғым келді. Бір танысым құжат дайындап беремін деп 200 мың теңге алды. Мәскеуге барғанымда барлығы жалған екенін білдім. Содан кейін барлығын өзім зерттеп, ресми сайттар арқылы ғана әрекет етуді үйрендім, – дейді.

Ол кейін Шотландияға таңқурай жинауға маусымдық жұмысқа барыпты. Бірақ бұл жердің салқын ауа райынан бастап, фермадағы талапқа дейін бәрі ауыр тиген.

– Жазда да жылы киіммен жүрдік. Бір сағатта 10 жәшік жидек термесең, жалақы қысқарады. Жұмыс таңғы 3.30-да басталады. Физикалық тұрғыдан өте ауыр. Мұнда румындар мен болгарлар жылдап істейді, ал біз көбіне 6 ай ғана шыдаймыз, – деген ол: – Бұл жұмыс әйелдер үшін өте қиын. Ең басты сабақ – ешкімге сенбеу, барлық құжатты өзің жасау, – деп ескерту де жасады.

Кейіпкерлеріміз айтқандай, Англияға маусымдық жұмысқа бару – жарнамадағыдай жеңіл жол емес екен. Жұмыс ауыр, талап қатаң. Алаяқ көп, әсіресе құжат рәсімдеуде. Климатқа, физикалық жүктемеге дайын болу да қажет.

Шетелге барып жұмыс істеген жандармен тілдесуде сананы сан түрлі ой биледі. Әлеуметтанушылар шетелге жұмыс істуге баратындардың себебін үш топқа бөліп қарастырады. Ең алдымен, әлеуметтік фактор. Мамандар пікірінше, елде жоғары жалақыға қол жеткізу қиын, орташа айлық қажеттілікті толық өтемейді. Аренда, азық-түлік, жолақы – бәрі қымбат. Осы жағдайлар шетелден табыс табуға итермелейді.

Екінші себеп, экономикалық факторға әкеп тірейді. Жалпы Қазақстаннан жыл сайын 30 мыңнан астам адам шетелге қоныс аударады екен. Оның басты бөлігі білікті мамандар болып отыр.

– Еңбек нарығында тұрақсыздық бар. Кадр тапшылығы бар аймақтардың өзін де жалақы төмен. Жастардың қабілеті, білімі бар, бірақ еңбегі бағаланбайды, – дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова.

Үшінші себепті психологиялық факторға әкеп тіреген маманның айтуынша, олар еркіндікті, дамуды, өзін-өзі жүзеге асыруды қалайды. Бұл – табиғи сұраныс, білім, мәдени тәжірибе, әлемді көру мүмкіндігі шетелге жетелейді.

Экономистердің айтуынша, шетелге бару тек ақша үшін емес, еңбек мәдениетін көру үшін де маңызды. Шетелде әр сағат нақты есеппен төленсе, Қазақстанда аз жалақыға көп жұмыс істеу кең тараған.

Ал еңбек нарығы сарапшылары шетелдік жұмыс тәжірибесі бар жастар елге оралса, бәсекеге қабілетті болатынын айтады. Бірақ көпшілігі елге қайтпайды. Бұл ел ішіндегі жүйелі мәселелердің көрінісі: әлеуметтік қолдау әлсіз, жастар саясаты толық нәтиже бермейді, аймақтарға маман тарту бағдарламалары қағаз жүзінде қалып отыр.

Қалай десек те шетелге барып жұмыс істегендердің әңгімесінен бір нәрсе анық байқалады: бұл жолдың жарығы да, көлеңкесі де бар. Бірі – мүмкіндікке толы әлем, бірі – сол мүмкіндіктің өтеуіне кететін күш-қуат. Шетелдегі жұмыстың артықшылығы – еңбектің нақты бағалануы, әр сағаттың есеппен төленуі, еркіндік, жаңа орта, жаңа тәжірибе. Жастар өз-өзін сынап, тани түседі. Тұйықталған дүниетаным кеңейіп, өмірге деген көзқарас өзгереді. Бірақ оның кемшілігі де жоқ емес: ауыр жұмыс, ұзақ сағаттар, қымбат тұрмыс, үй мен елге деген сағыныш, жалғыздық, кейде көзге көрінбейтін дискриминация. Бөтен елге бейімделудің өзі бір сынаққа айналады. Сол себепті шетелдік еңбек – байлыққа бастайтын жеңіл жол емес, адамның ішкі төзімін, шыдамын, табандылығын сұрайтын ұзақ сапар.

Жастардың шетелге кетуі – біреуге өкпе де емес, елден түңілу де емес. Бұл – жаңа нәрсені көргісі келген жүректің қалауы, өзін сынап көргісі келген сананың таңдауы. Ең бастысы, олар қайда жүрсе де еңбек арқылы жинаған тәжірибе – өзіне де, еліне де керек байлық. Шетел – мүмкіндік береді. Ал сол мүмкіндікті елге алып келу – жас ұрпақтың да, қоғамның да ортақ мұраты.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.