Биыл Талдықорған – Өскемен бағыты бойынша жол ақылы болады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Дархан Иманашев ҚР Премьер- Министрі Олжас Бектеновтың жетекшілігімен өткен Үкімет отырысында республикалық жолдардың алты жаңа учаскесінде төлем жүйесін енгізу жоспары туралы хабарлады. Ақылы болатын Талдықорған – Өскемен бөлігінің ұзындығы 773 шақырымды құрайды.
Айта кету керек, жол жамылғысындағы ақауы бар жерлерде ақы алынбайды. Бұдан басқа, салалық ведомствода айыппұлсыз жол ақысын төлеу мерзімін бір аптадан бір айға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. Қазір тиісті түзетулер келісу үдерісінен өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, қазір елімізде 26 ақылы жол қызмет көрсетеді. Одан өткен жылы шамамен 87 миллиард теңге қаражат жиналды. Оның бәрі осы жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалады.
А. Байжұмақызы





