Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ

2 сәуір 2021
АРДЫҢ ІСІ
АҚЫНЫН АРДАҚТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл ақын, әнші, журналист Зекен Әбілдаевтің туғанына 80 жыл толды. Небәрі 52 жасында өмірден озған талант иесінің өмір жолын, шығармашылығын насихаттау мақсатында аудандық кітапханада рухани шара шымылдығын түрді. 

Әдеби-танымдық кеш барысында Зекен Әбілдаевтің бауыры, Қазақстан Журналистер одағының, Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Шынәділ Мұқан-ұлы жиналған көпшілікке ақынның ауылда жүріп-ақ республикалық, облыстық газет-журналдар бетінде оқырмандарын жырларымен тамсандырғанын айтып,  ерекше әсер сыйласа, аудан өнерпаздары Алтынай Жәңгір мен Гүлмира Қасабекова ән әуелетті. 
Өз кезегінде Қазақстанның Құрметті журналисі Сағидолла Сиқымбайұлы ақынның сахна төрінде орындаған әндері мен ойнаған рөлдеріне тоқталды. Ол өз сөзінде: «Аудан орталығы Бақанас ауылында құрылған аудандық халық театры Зекеннің өмірдегі де, өнердегі де жолына үлкен бетбұрыс әкелді. Тағдыры қызық жанды халыққа танытқан әуелде осы халық театры болса, одан кейін аудандық «Балқаш еңбеккері» газеті еді», – деп айрықша атап өтті. 
Қапшағай қалалық «Нұрлы өлке» газетінің бас редакторы Алтынбай Сиқымбеков ақындығымен, алғырлығымен, шебер әнші, күйшілігімен жұртының сүйіктісіне айналған абзал азаматтың әдеби мұрасы мен еңбегі ерен екендігіне тоқталса, «Балқаш өңірі» газетінің ардагері Серік Бекжігітов те ақын ағасы жайлы естелік әңгімелерімен бөлісті. 
Әдеби кешке арнайы келген Зекен Әбілдаұлының ағайын-туыстары, балалары мен көршілері әсерлі естелікпен бөліссе, Шұға Смағұлова мен Бақтығали Дәуітбаев ақынға арнаған өлеңдерін оқыды. 
Салтанатты шараның соңында Алматы қаласындағы «Балауса» баспасынан жарыққа шығып, әлі сиясы  кеуіп үлгермеген  «Кемпірқосақ» жыр  жинағы мен «Ерте үзілген жыр-ғұмыр» атты естеліктер кітабының тұсау кесу рәсімін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Сқабаев пен Қазақстанның Құрметті журналисі С. Сиқымбай орындап, ақын рухына тағзым етуге жиналған көпшілікке қос кітапты ұсынды.  

Алтынай СЕЙТКЕН
Балқаш ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Бүгін, 20:31
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Бүгін, 19:27
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Бүгін, 19:21
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Бүгін, 19:13
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Бүгін, 18:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.