Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Он сегізде от кешкен

5 ақпан 2026
АРДЫҢ ІСІ
Он сегізде от кешкен
WhatsAppTelegramFacebook

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай, Жаркент қалалық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауған соғысының ақтаңдары» атты кездесу кеші өтті. Оған Ауған соғысының ардагерлері Дәулетбек Қоқымбеков, Айдар Нұрбеков, Ерқанат Батырбеков және Жаркент жоғары көпсалалы колледж студенттері қатысты.

«Өткенін ұмытқан халқының болашағы бұлыңғыр» деген дана халқымыз. Сол себепті Ауған соғысы тарихының ауыр шежіресінің куәгерлерімен жүздесіп, олардың өмір сабағынан тағылым алу ғанибет. Бұл тек тарихи тағылымды еске алу ғана емес, ерлікке тағзым, ардагерлерге құрмет, соғыс құрбандарын еске алуға арналған кездесу болды.

Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматты соғысты ауық-ауық еске түсіру ұрпақ тәрбиесіне қажет. Ауған соғысы адамзатқа қасірет әкелген, жазықсыз қан төгілген зұлмат кезең. 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғарымымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін жіберу туралы шешім қабылдады. Соғыс 1979 жылы 27 желтоқсанында басталып,1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылды. Оған Панфилов ауданынан 104 азамат шақырылып, 8-і ерлікпен қаза тапты. Бүгінде тірі қалған азаматтар егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қосып, жас ұрпақты тәрбиелеп жүр. Отан алдындағы антына адалдықтың үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің есімі ұрпаққа өнеге.

Мұражайдағы кездесуге қатысушылар сол сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтарды үнсіздікпен еске алды.«Мен көрген соғыс» атты бейнебаян көрсетіліп, ардагерлерімізге студент жастардың көкейінде жүрген сұрақтар қойылды.

Басқосуда Ауған соғысының ардагері Айдар Исраилұлының қолдауымен жарық көрген «Жат жерде от кешкендер» атты ғұмыр-деректік жинақта жазған ардагерлердің ерлігі кеңінен баяндалды.

Жиында Панфилов аудандық балалар кітапханасының кітапханашы Сәуле Қайрақова:

– Бүгін біз тарихтың ең қасіретті беттерінің бірі – Ауған соғысын еске алып, отты жылдардың тірі куәгерлерімен жүздестік. Бұл кездесу өткенге тағзым, ерлікке құрмет, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағылымды сәт болды. Ауған соғысы – мыңдаған жастың тағдырын өзгерткен ауыр кезең. Бірақ сол соғыста Отан алдындағы борышын адал атқарған азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың қайсарлығы мен төзімі кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге, – деп кездесуді қорытындылап, «Ауғанстан біздің есімізде» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 

Айгүл ЖЕТПІСБАЕВА
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Бүгін, 20:31
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Бүгін, 19:27
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Бүгін, 19:21
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Бүгін, 19:13
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

Бүгін, 18:39

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.