Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Талдықорғанда «Тазару күні» өтті

23.03.2026
АРДЫҢ ІСІ, КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда «Тазару күні» өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Көктемнің кең тынысы жер-ананың тоңын жібітіп, тіршіліктің тамырына қан жүгірткен шақта ел ішінде ізгі бастамалар да бой көтерері заңдылық. Осындай тағылымды тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы» деген байыпты байламы еске түсіп, көптің көкейіне ой салып, жүрегіне жауапкершілік жүгін артқаны анық. Иә, расымен, туған топырақтың тағдырына бейжай қарамау, қоршаған ортамен қатар келешекті кемелдендіретін бір асыл іс.

Жерұйықтай Жетісудың жүрегі – Талдықорған шаһарында өткен «Тазару күні» осы сөздің өміршеңдігін айғақтағандай. Қаратал өзені жағасында ұйымдастырылған «7 ozen» экологиялық игілікті шарасы – табиғатқа тағзым, елдік санаға серпін берген өнегелі іс болды. Бес жүзден астам жетісулық жұртшылық бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өзен бойын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан арылтып, айналаны ажарландыруға атсалысты. Бұл, әрине, ұлттың ұяты мен ұрпақ алдындағы аманатына деген адалдықтың көрінісі.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков бұл бастаманың маңызын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, табиғатты аялау – бір күндік әрекетпен шектелмейтін, ұдайы жалғасатын игі дәстүрге айналуға тиіс.

– Бұл күннің маңызы зор, – деді Жеңіс Андабеков. – Экологиямызды таза ұстаудың жарқын үлгісі бүгін Қаратал жағасында көрініс тапты. Игі іс осымен тоқтап қалмайды. Алдағы екі ай көлемінде Жетісудың жеті өзенінің бойын тазарту көзделіп отыр. Сонымен қатар облыс орталығында бірқатар жергілікті сенбіліктер, жалпықалалық және экологиялық тазалық шаралары өткізілмек, – деді шаhар басшысы.

Сондай-ақ, «Lider.kz» еріктілер қозғалысының жетекшісі Матвей Шведин де бұл бастаманың қоғам үшін берері мол екенін жеткізді.

– Мұндай акциялар қоршаған ортаға нақты пайдасын тигізеді. Ең бастысы, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді. Жастардың белсенді қатысуы – келешекке деген сенімнің айғағы, – деді.

Қазақ туған жерін «жер кіндікке» теңейді. Сол кіндікке кір жұқтырмау, бүгінгі буынның борышы. Табиғатты түлету тіршілікті түлетумен тең. Сондықтан әрбір азамат туған өлкесінің тазалығын өз шаңырағының шырағындай көріп, ұқыптылық пен жанашырлықты серік етуі қажет.

Тазалық – сананың да айнасы десек, ел еңсесін тіктеп, болашақтың бағдарын айқындайтын мұндай игі шаралар ұлт рухын жаңғыртып, жұртшылықтың жауапкершілік жүгін арттырары сөзсіз.

Ендеше, табиғатқа деген қамқорлық – науқандық дүниеден бұрын, ұлттың ұстынына айналуға тиіс ұлы қасиет.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

Табиғатқа тағзым – ортақ міндет

23.03.2026
Су ресурстары министрінің қатысуымен «Мөлдір бұлақ» акциясы іске қосылды

Су ресурстары министрінің қатысуымен «Мөлдір бұлақ» акциясы іске қосылды

23.03.2026
Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды

Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды

23.03.2026
Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

23.03.2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды «Тазару күніне» қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды «Тазару күніне» қатысуға шақырды

23.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.