Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

Жаңарады дүние, көнереді (ӨЛЕҢ)

13.07.2025
АРДЫҢ ІСІ
Жаңарады дүние, көнереді (ӨЛЕҢ)
WhatsAppTelegramFacebook

Бәріне жауаптымын…

Атқан сайын алдымнан күн арайлы,
Тағдыр бізді бекерге сынамайды.
Не болса да қазағым ақындарын,
Айыптайды, әйтеуір, кінәлайды.

Көзтүрткі боп жасқа да, кәріге де,
Жақпай келем, қайтейін, әр үдеге.
Айыптаңдар,
Айтыңдар,
Кінәлаңдар,
Жауаптымын, білемін, бәріне де.

Көктем себіл жыласа – жауаптымын,
Көктен көңіл құласа – жауаптымын.
Қазағымның әр басқан қадамына,
Жауап берем алмастан тағат-тыным.

Іні ағасын тілдесе – жауаптымын,
Ана тілін білмесе – жауаптымын.
Әділ деген биіміз бұра тартып,
Әлді әлсізді жүндесе – жауаптымын.

Ақиқатың тапталса – жауаптымын,
Айыптылар ақталса – жауаптымын.
Жақындарың түсінбей жырақ кетіп,
Жаныңда тек жат қалса – жауаптымын.

Мұңға батса қорғансыз жетімегім,
Лас қоғамның таппасам шетін емін.
Жауабы жоқ сұраққа жауап тауып,
Бере алмағаным үшін де өкінемін,

Талаптының бермесе бақ-талабын,
Жындануға кей-кейде шақ қаламын.
Күнәм да бар,
Кінәм да,
Олай болса,
Не деп мына жұртыма ақталамын?

Көңілдерді торласа құса, нала,
Балағаттап біреуді күш ала ма?!
Амалдары таусылса ағайындар,
Ақындарды алады нысанаға.

Не қалайды,
кім білген, не керегін?
Қолдан келсе әркімге жетер едім.
Ақындары кінәлі қоғам ғой бұл,
Мейлі,
Болсын,
Бәрін де көтеремін.

Ел қашанда үмітін артады ерге…
Қалыптасқан үрдіс бұл барша әлемде.
Тек сандырақ сөзі үшін санасыздың,
Өтінемін,
Жауапқа тарта көрме!

Айта алмасам…

Өзімді айтам!
Басқа кімді, немді айтам?
Кеудемдегі көшіп жатқан сеңді айтам.
Жұртымды айтам – қобалжулы, қорғансыз,
Сенгіш,
Көнбіс,
Аңқау,
Адал,
Кең,
Бейқам…

Өзімді айтам,
алаңды айтам мендегі,
Қоғамды айтам ақталмаған еңбегі,
Жарамды айтам сыздататын жүректі,
Заманды айтам, айта алмасам жөн бе еді?!

Өзімді айтам,
кезімді айтам көшке ерген,
Төзімді айтам таусылмауды қош көрген.
Сезімді айтам сергелдеңге сан салған,
Кезім бейқам көп болса да дес бермен…

Өзімді айтам,
шерімді айтам іштегі,
Айт деп мені ар-ұятым күштеді.
Еркін елде ерік-жігер құм болған,
Отыз жылым жайсыз көрген түс пе еді?!…

Өзімді айтам,
Безбендеп көр жырымды,
Болашағым қандай жайға ұрынды,
Бұлдыр-бұлдыр тірлік кешіп ағайын,
Бұрымды қыз болмай жатып бүлінді.

Өзімді айтам,
шағымды айтам жан ұшқан,
Заманды айтам жан-жағымнан жанышқан.
Есті жиып, тіктер кезде еңсені,
Ұлымды айтам ада болған намыстан!

Өзімді айтам,
өзімді айтып үйренгем,
Арыла алмай келем осы күйден мен.
Ұрпақты айтам – ана тілін мансұқтап,
Ата-салттан, дәстүрінен жиренген.

Өзімді айтам,
намысыммен асқақ ем.
Білгендерін жасай берсін басқа әлем.
Билікті айтам өзін ғана еститін,
Ел дегенде –
Соқыр,
Мылқау,
Тас керең!

Айтам, сірә,
ақиқатқа шөлдедім,
Үндемесем көрінердей көр де мін.
Біл ажал бар –
Маған,
Саған,
Оған да,
Айта алмасам өлмей тұрып өлгенім!

Арманым

Ізгілік болып бар міндет,
Жайылдым жұртқа шалғын боп.
Пейілімді дұрыс көрді ме,
Атадан бата алдым көп.

Асып бір қайтем шамадан,
Көңілім менің самал ән.
Еркелеп әркез іні боп,
Қамқорлық көрдім ағадан.

Сөзім көп жіпке тізетін,
Сезім боп тұрсын күзетім.
Айбарлы аға болдым ба,
Інінің көрдім ізетін.

Адалдық әркез деп келдім,
Адам боп өмір өткердім.
Менен де опа тапты ма,
Досымнан опа көп көрдім.

Теңесер сірә, балменен,
Иіліп тұрар тал денең.
Бозбала болып боздаған,
Сұлудан ләззат алған ем.

Жаманға жүрер жуыс кім?
Жақынмен бірге у іштім.
Азаматым деп ардақтап,
Қолпашын көрдім туыстың.

Қомдалған сәтте қарымым,
Оң менен солды таныдым.
Таңдап бір сүйген арумен,
Жардың да сездім жалынын.

Алқалы топта шырқап мың,
Арқалы сәтте нұр таптым.
Ендігі басты арманым,
Өскенін көрсем ұрпақтың.

Әрген шалдың баласы
(досым Мақсатқа)

Өткен жылдар –
тағдыр жазған жыр-дастан,
Бірде шаттық,
бірде көзді мұң басқан.
Біз үшеу ек – Мақсат, Дәрібек және Мен,
Бүгін, міне, көз жазғанбыз бір достан.

Біз үшеу ек,
ес білгелі бірге едік,
Бәріне де жүруші едік үлгеріп.
Таң атқанда жолығуға асығып,
Кеш батқанша үйімізге кірмедік.

Қариялар майдан көрген,
қан көрген,
Қарсы алатын бұрын тұрып таңды елден.
Ал, аналар өтсе де өмір бейнетпен,
Айналаға шуақ шашқан, сән берген.

Әкелер ме…
құрыш кеуде, мәрт еді,
Оларды өмір ұрды, соқты, өртеді.
Сан сынақты қайыспастан қарсы алды,
Тағдырлары таңғажайып ертегі.

Қайыспады,
қара емендей морт сынды,
Мына жалған бізге оларды көпсінді.
Төбемізде балға тұрды ұрам деп,
Ал, табанда жаншимын деп төс тұрды.

Бала болып ойнамастан жөндеп те,
Біздер ерте араластық еңбекке.
Мақсат қалды бауырларға бас болып,
Ол тұрғанда әулет шамы сөнбек пе?!

Алғыр, өткір,
мінезі жоқ бұйықпа,
Мақсат досым тірелмеді тұйыққа.
Жеткізем деп қарындас пен бауырды
Артып алды ауыр жүкті иыққа.

Теміржолда балға соқты тынбастан,
«Темір тұлпар» тізгіндеді қыңбастан.
Төрт мезгілде еңбек етіп, тер төкті,
Оған куә шуақты күн, түнгі аспан.

Біздер кеттік арман қуып жан-жаққа,
Бәлкім көрдік көкжиекке самғап та.
Ал, досымыз, туған жерден тайқымай,
Еңбек етті бал жұқтырып бармаққа.

Тірлік етті жаба қылмай жауырды,
Тұрмысы да көпшіліктен тәуір-ді,
Қарындасты сүйгеніне ұзатты,
Үйлендірді жұбын тапқан бауырды.
Айтбаладай өзіне сай жар тапты,
Ұрпағымен әулет жолын тарқатты.
Ағайынға асқаралы арқа боп,
Немеремен толтырған-ды алқапты.

Мақсат досым,
көңілде жоқ аласы,
Дайын тұрар мейманына дәм-асы.
Ақ самайлы батагөйі ауылдың,
Бір кездегі Әрген шалдың баласы!

Жылдарым

Ұсынып өмір жұмбағын,
Көңілге сыйлап гүл бағын.
Күндерді тізіп ноқталап,
Барасың қайда, жылдарым.

Шырқалды талай қырда әнім,
Сезімді сұлу жырладым.
Тәуелді қылып уақытқа,
Асықтың қайда, жылдарым.

Білсем де алда сын барын,
Атымның басын бұрмадым.
Мезетер болып мезгілде,
Зулап бір жатыр жылдарым.

Алдыдан күтіп бір бағын,
Аңдамай торды құрғанын,
Алаң күн кешіп жалғанда,
Ағып бір жатыр жылдарым.

Жүректің үнін тыңдадым,
Майыстым, бірақ сынбадым.
Мақамын салып минуттың,
Өтіп бір жатыр жылдарым.

Білемін қайғы, мұң барын,
Жабырқау содан жүр жаным.
Сағат боп, ай боп жиылып,
Жылжып бір жатыр жылдарым.

Шарықтап жүрсе мың дарын,
Шықпады, бәлкім, шыңға арын.
Азғантай мына ғұмырда,
Абырой берші, жылдарым!

Ана тілге араша…
(немесе қазақ қыздарына базына)

Айналайын, қыздарым,
балаларым,
Салмақ салды демеңдер санаға мың.
Айтайын деп қолыма қалам алдым,
Көңілімде айықпас нала барын.

Көксегенің болды ма табыс, пайда,
Сөз бен ісің бүгінде қабыспай ма?!
Еркіндік ап, еңсені тіктегенде,
Найзағайдай кешегі намыс қайда?!

Жігіттердің құятын жігеріне от,
Арулардың тылсымы, білері көп.
Қазақ қызы қашаннан жүрмеп пе еді.
Ермен қатар Отанның тірегі боп!

Кімнен енді сұраймын хақтың құнын,
Қаңсығына біреудің қақтың күлім.
Дәруіштей дәріптеп не көрінді,
Өзге ғұрып,
Бөтен салт,
Жаттың тілін?!

Жұрт едік қой тарихын тәпсірлеген,
Сан ғасырлар күн кештік дәстүрменен.
Өзің керек қылмаған Ана тілі,
Керек пе екен балаңа ес кірмеген?!

Амал құрып, кетті ғой бастан айла,
Ата-баба назасы жасқамай ма?
Сұрыпталған сан ғасыр әсем тілді,
Күресінге ұрпағың тастамай ма?!

Базынам бар айтатын саған деген,
Кім едім деп келешек ғаламға енем?
Аманатын анаңнын мансұқтамай,
Өз тіліңде сөйлесші балаңменен?!
Өзгешелеу өзіңе құрдың ба әлем,
Тірлігіңнен кетпеді-ау бір дүрбелең.
Жарығым-ау, қазақша сөйлессеңші,
Ағайынмен,
Көршіңмен,
Құрбыңменен!

Жерімде егес басталған, төрімде егес,
Ар-шыңынан әйтеуір көрінбе кеш.
Ана тілі – Ананың ақ сүтінде,
Ана тілі – Атаның белінде емес!

Жиен менен нағашы
(бауырым Нұртайға)

Бауыр десем – жиенсің,
жиен десем – бауырсың…
Қалауыңды дөп табу маған боп тұр ауыр сын.
Көңілімнің көгінде көнермейтін орның бар ,
Елесіндей әпкемнің қалықтаған қауырсын!

Білесің ғой,біздерден шықпады әсте өгей үн,
Келер күн де көмескі сөз айтпайды көмейім.
Балапандай шағыңнан бауырымда өсіп ең,
Балақаным, ендеше, бауыр демей не дейін?!

Толтырсам деп дүрмекті дүниенің бір кемін,
Арпалыспен әпкемнің көрдім өмір сүргенін.
Отырысы, тұрысы, тура сөйлер тұрпаты,
Аумайды ғой, аумайды,
Өңің, түсің, түр-кебің.

Туған өлке – өскен жер,
ақ таңымыз жиі атты.
Жақсылығын әпкенің біз айтпасақ ұят-ты.
Оу, Нұртай-ау, өзіңді көрген сайын боламын,
Сол әпкемді тағы бір көріп қайтқан сияқты.

Иығына артып ап аналардың ар-жүгін,
Хан қызындай жүретін, күн кешсе де жарлының
Қазкен дейтін дүйім жұрт,
Шын есімі – Қазиза
Сағынамын әлі де тіліп түсер қалжыңын.

Әпкем сынды өзің де сәні болдың ортаның,
Қарсы алумен келесің туған жердің әр таңын.
Бауыр деген қашанда басыбүтін өзім ғой,
Жиен десем алшақтап алам ба деп қорқамын!…

Көктем

Жаңарады дүние, көнереді,
Міне, тағы ақ жаңбыр себеледі.
Есігімнен енді кеп көктем-ару,
Тағдырыма, беймәлім, не береді?!

Көктем келіп, далама шуақ кірді,
Ақ көрпесін үстінен лақтырды,
Не береді бұл көктем,
не береді?
Көкейімде көмескі сұрақ тұрды…

Көлбеулеп көңілдегі бөтен ойды,
Күннің нұры төбеңнен төпелейді.
Кеудеңе қонақтаған үміт-сәуле,
Буалдыр болашаққа жетелейді.

Тағдырдың бұзып-жарып бөгетін кей,
Тоң болған беріштерді сөгетіндей.
Аяздан әлсіреген селкеу сенім,
Көктемде қайта түлеп келетіндей.

Арылып көктем сайын күйден күпті,
Жабыққан жаным бүгін үйден шықты.
Қыстан соң жаңа өмірді күтетұғын,
Пенденің әдеті ғой үйреншікті.

Көктеммен келеді деп тымық керім,
Ежелден от пен суда шынықты елім,
Мені қойшы,
ей, көктем,
өтінемін,
Халқымның ақтай көрші үміттерін!

Қуат Қайранбаев,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

27.01.2026
Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 пайызға өсті

Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 пайызға өсті

27.01.2026
Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

27.01.2026
Мұз үстінде қауіп көп

Мұз үстінде қауіп көп

27.01.2026
Адалдықты ту еткен

Адалдықты ту еткен

27.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.