Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Ардагерлерге дәрігерлік көмек көрсетілді

19.04.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Ардагерлерге дәрігерлік көмек көрсетілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу өңірінде Жеңістің 80 жылдығы аясында денсаулық апталығы басталды. Мақсат – сұм соғыста қару алып, жауға шаппаса да, «бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» ұранымен елде тылда еңбек еткендерге медициналық көмек көрсету. Айтулы шара аясында 1500 тыл ардагері қамтылмақ. 

Алғашқылардың бірі болып Көксу аудандық ақхалаттылар ардагерлерді тегін медициналық тексеріп, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетті. Балпық би ауылының тұрғыны Ырысжамал Шалтанбаева биыл тоқсанның қырқасына шыққан. Әлі де тың. Дейтұрғанмен, кейде қан қысымы көтеріліп, беймаза күйге түсетіні бар. Ауа райының құбылмалылығы да денсаулыққа әсерін беретіндей. Қазіргі Алтынемел ауылында туған кейуана соғысты көрмегенмен, жеңіс туы желбіреп, бейбітшілік орнауы үшін тер төккен. Сондай қиындықты еңсерген ақжаулықты әжей балалар соғысты көрмесін, бейбітшіліктен айырмасын деген тілекте.

 – Сұм соғыс басталғанда бала болдық. Бала болғанмен, балалық болмады бізде. Аналарымызбен иін тіресіп, егін жинадық, шөп шөмеледік. Ер балалар екі өгіз жегілген арбамен шөп таситын. Біз үлкендер қазған картопты жинап, таңның атысы кештің батысы қара жұмысқа жегілдік. Соның салдары болар, денсаулық соғыс аяқталған жылдарда сыр берді. Алматы қаласынан ота жасаттық. «Қырық жыл қырғын болса да ажалы келген өледі» деген. Құдайға шүкір, Қазақстанның бейбіт күндерін, бала-шағамыздың аман-есен өмір сүріп жатқанын көзбен көріп отырмын. Дәрігерлерге рахмет, жиі келіп тексеріп, кеңестерін айтып тұрады, – дейді кейуана.

Бүгінде 8 бала, 22 немере, 30-ға жуық шөбере сүйген әжейге дәрігерлер көп тынығуға, құнарлы тамақтануға, таза ауаға шығуға кеңес берді. 

Денсаулық айлығы аясында көксулық Ұлбике Қонарбаеваның да шаңырағында болды. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті ауылының тумасы. Бүгінде 4 баладан 7 немере, 10 шөбере сүйген. Үлкен баласы кезінде Талдықорғанға қарай қоныс аударып, бүкіл отбасын осында алдырыпты. Өзі 40 жыл ұстаздық еткен. Ұлбике Қонарбаева соғыс басталғанда 10 жаста болған ардагер де жастайынан еңбекке жегіліпті. Айтуынша, шешесі елге ас таратады екен. Ел ашқұрсақ, алқапта қара күштің көмегімен ғана еңбектеніп жүргендерді көзбен көрген Ұлбике ана сол жылдардың ауыртпалығын көз жасынсыз елестете алмайды. Ақжаулықты ана былтыр абайсыз жамбас сүйегін сындырып, қазір төсек тартып жатыр. Қозғалысы қиын. Дәрігерлер тыл ардагерінің қан қысымын, қандағы қант құрамын тексеріп, медициналық кеңестерін берді.

Көксу ауданында 67 тыл ардагері бар. Дәрігер Мақпал Ешенова соғыстың ауыртпалығын көрген жанның барлығына дәрігерлік көмек берілетінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі өкілдерінің сөзінше олардың бәріне 100 мың теңгеден аса әлеуметтік төлем беріледі екен.

Дастанбек САДЫҚ,
Көксу ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.