Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРНАЙЫ ЖОБА

Біз майдангердің ұрпағымыз

08.04.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Біз майдангердің ұрпағымыз
WhatsAppTelegramFacebook

Міне, адамзат тарихындағы ең қырғын сұрапыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Толарсақтан қан кешіп Отанын жау шеңгелінен азат еткен бабаларамыздың ерлігі мен ұлы істерін естен шығармаған абзал. Бұл соғыста талай-талай боздағымызға жат елдің топырағы бүйырып, мәңгілікке сонда қалды. 

Аттай тулаған, оқтай зулаған уақытпен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, Жеңіс күнінің салтанат құрғанына да 80 жыл өте шығыпты. Тау алыстаған сайын биіктей түсетіні секілді, уақыт өткен сайын бүгінгі жер бетін басып жүрген ұрпақ үшін Жеңістің мән-маңызы артып келе жатқаны анық. Сұм соғыс елге нәубет әкелгенде қолына қаруын ұстап, майдан даласына аттанған боздақтардың ерлігі, олардың жүріп өткен қан-қапас жолдары елге мұра, ұрпаққа ұран болып қалары сөзсіз. Қаншама ана балаларын, қаншама ару адал жарын күтіп боздап жүрді.

Бұл сұрапыл соғыс кішкентай ғана 20-25 түтіннен тұратын менің ауылым Көксу ауданындағы Қызылтоғанды да айналып өтпепті. Саралап қарасақ, кейбір отбасы екі-үштен боздағын аттандырған екен. Қаншамасы туған топырағына жете алмай майдан даласында қалды. Бейбіт күннің қадірін білу үшін де сол батырларымыздың ерен ерлігін ұмытпауымыз керек. Осындай сәтте рухтарына құрметіміздің бір белгісі болсын деп ауылдан соғысқа аттанып, оралмай қалған ерлеріміздің есімін атап өткенді жөн көрдік. Әбдіғали Әбейбекұлы, Атамқұл Жапабайұлы, Әбу Сәттібайұлы, Әбітай Науырызбайұлы, Қалибай Науырызбайұлы, Байсүгір Қамысбайұлы, Бексүгір Қамысбайұлы, Бекжігіт Жаңбырбайұлы, Дінмұханбет Сарынұлы, Қыдырбай Мамекұлы, Құдайберген Жүнісұлы, Құтымбай Манауұлы, Құсайын Сарыұлы, Нұрмұханбет Әбдірахманұлы, Сәрсенбай Жабекұлы, Тоқсаба Жабекұлы, Сағи Мәутенұлы, Тарақ Сейсенбай-ұлы, Бөбек Сарыұлы сынды азаматтар сол сұрапыл соғыста туған жеріне жете алмай шейіт болған боздақтар қатарында тарихта қалары сөзсіз.

Қырық жыл қырғын болса да ажалы жоқ азаматтар елге оралып, еліне еңбек етіп, отбасы балаларының алдында өмірден озды. Мына суреттің тарихына аздап тоқталып өтсем деп едім.

Бұл менің кіші әкем Әбдіғали Әбейбекұлының суреті. Атам Әбейбектен екі ұл екен. Үлкені біздің әкеміз Әбдіғали 1939 жылы қызыләскер қатарына шақырылып, борышын аяқтар кезде соғыс басталып кетеді. 1943 жылдан, міне, бүгінгі күнге дейін хабар жоқ. Ол кісі әскерге шақырылғанға дейін үйленіп, қызды болады. Аты Бағила. Кіші анамыз Рахила Уәлібайқызы. Әбейбек атамыз баласы Әбдіғалидың оралмасына көзі жеткен соң бағын байламайын деп келіні Рахиланы көрші ауылдың жігіті Нұрбек Оғарұлына өз қызын ұзатқандай қылып береді. Рахила анамыз Нұрбек ақсақалдан үш бала сүйді. Бақытжан, Бауыржан, Батыржан. Бауыржан Оңғаров қауіпсіздік саласының ардагері. Батыржан Оңғаров 1959 жылы туған. Жетісу өлкесі жастарының мықты көшбасшысы болып еді. Аққан жұлдыздай 1992 жылы жол апатынан қайтыс болды.

1991 жылы Рахила анамыз науқастанып жатқанын естіп барғанымда: «Қарағым Құрманғали, мынау сенің кіші әкеңнің суреті. 51 жыл сақтадым. Енді мен кетсем не болады?», – деп жастық астынан алып, қолыма ұстатты. Содан бері бұл сурет біздің төрімізде. Шіркін-ай! Әбдіғали аға мен Рахила анамыздан қалған жалғыз тұяқ Бағила әпкеміз аман болғанда ғой деймін кейде. Бағила әпкеміз 6 жасында қызылшадан қайтыс болыпты.

Қарсы да тұрып, қайранда,
Оққа ұшып қанды майданда.
Елі үшін кеткен жан қиып, 
Қай жерде қалды, қай маңда?!

Ал біздің әкеміз Әбдуахап Әбейбекұлы соғысқа 1941 жылы аттанып, 1944 жылы екі жерінен ауыр жараланып елге оралыпты. Сол соғыс салған ауыр жарақаттан 63 жасында өмірден озды. Құдайға шүкір! Артында 4 ұл, 3 қызы қалып, өсіп, өніп жатыр. «Артыңда «күл шашарың» бар ма?» деген дана қазақ халқы. Онысы «Өзің дүниеден өткен соң еске алатын, өміріңді жалғастыратын ұл-қызың бар ма?» деген мағынада айтылғаны белгілі ғой. Халқымыздың біртуар ұлы Шәкен Айманов:

Қайдасың, қайда кеттің, асыл әкем,
Ағарған бейнетпенен шашың, әкем.
Ақтармын ақ батаңды әрқашанда,
Кіргенше қара жерге басым, әкем,
– деген екен.

Сол айтпақшы, біз ержүрек әкелерімізді өмір бойы ұлықтап өтуіміз керек. Майдан даласының оты өшіп, Жеңістің жалауы желбіреген сәттің ел тарихы үшін маңызы зор. Қан майданда жүрген жауынгерлерге дем беріп, тылда аянбай еңбек еткен жандардың Жеңіс күнін жақындатуға лайықты үлес қосқанын бәріміз білеміз. Содан болса керек, тыл ардагерлеріне деген құрметіміз шексіз. Майданнан оралмаған боздақтарымыздың қайда болса да жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын!

Елімізге ешқандай соғыс келмей аспанымыз ашық болсын! Ал Жеңіс күнін сыйлаған майдангерлер біздің есімізде мәңгі қалады.

Құрманғали Әбейбеков
 

Қатысты жаңалықтар

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026
Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

Жастарды жат ағымнан қалай қорғаймыз?

28.01.2026
Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

Экстремизмнің алдын алудағы отбасының рөлі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.