Талдықорған: +25°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Astana AI Film Festival алғашқы халықаралық AI-кино байқауының жеңімпаздарын жариялады

04.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Astana AI Film Festival алғашқы халықаралық AI-кино байқауының жеңімпаздарын жариялады
WhatsAppTelegramFacebook

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды. 3 қазанда марапаттау рәсімі аясында әлемнің түкпір-түкпірінен авторлар мен режиссерлерді біріктірген халықаралық байқаудың жеңімпаздары жарияланды. Фестиваль 1-3 қазан аралығында жасанды интеллектке арналған іс-шаралар топтамасын біріктірген AI Month аясында өтті. AAIFF 2026 бағдарламасына байқау фильмдерінің көрсетілімдері, іскерлік бағдарлама және авторлар мен креативті индустрия өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар кірді.

Astana AI Film Festival-ке 125 елден 8 067 өтінім келіп түсті. Ресми комиссия іріктеген 25 жұмыс финалдық бағдарламаға енді. Финалистерді құрамына ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры және Францияның бұрынғы мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект зерттеулері институтының деканы Ма Пин, Бейжің киноакадемиясы Анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан, сондай-ақ Таяу Шығыс, Африка, Үндістан, Түркия және ТМД елдері бойынша BytePlus бас менеджері Ли Лонг кірген халықаралық қазылар алқасы бағалады.

«Бүгінде AI-кино саласындағы ең қызықты нәрсе – технологияның өзі емес, авторлардың оның көмегімен жасап жатқан дүниесі. Фестиваль аясында біз ерекше визуалды шешімдерден бастап, оқиға баяндаудың жаңа тәсілдеріне дейінгі өте мықты әрі бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды көрдік. Әсіресе әртүрлі елдердің режиссерлері мен авторларының AI-платформаларды өз идеяларын жүзеге асырудың жаңа құралы ретінде қалай пайдаланатынын бақылау қызықты. Нәтижесінде шын мәнінде халықаралық жоба қалыптасты. Жұмыстардың ауқымы мен сапасына қарап, AI-кино әлемдік киноиндустрияның дербес бағытына айналып келе жатқанын көріп отырмыз», – деді фестивальдің тең құрылтайшысы әрі AAIFF креативті директоры Айзат Кусаинов.

Халықаралық қазылар алқасының бағалауы қорытындысы бойынша бес арнайы номинацияда және The Future Worth Living In («Өмір сүруге лайықты болашақ») атты негізгі тақырыптық бағдарламада жеңімпаздар анықталды.

Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар:

– Myrzakhan Zhumakhan – «IT WAS JUST A JOKE» (комедия, Қазақстан), Best Characterноминациясы;

2xLabs – «The Last Span» (фэнтези, Қытай), Best Story номинациясы;

– Jacopo Zanetti – «What’s the Job?»(сюрреализм, Италия), Best Visualноминациясы;

– Jacopo Reale – «The Fracture» (триллер, Италия), Best Direction номинациясы;

– Zachary London – «Pomegranate» (ғылыми фантастика, шытырман оқиға, АҚШ), Best Concept номинациясы.

Аталған номинациялардың финалында Қазақстан, Оңтүстік Корея, Сенегал, Канада, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Аргентина және басқа да елдер авторларының жұмыстары ұсынылды. Олардың қатарында Myrzakhan Zhumakhan-ның «It Was Just a Joke», Kang Daehyeong-тың «Green Flag», Moustapha Sakho-ның «Ballast», Robert Gaudette-нің «A Face Only A Mother Could Love», 2xLabs-тың «The Last Span», Lu Junjie-нің «Delete», Mark Wachholz-тың «Five Minutes of Spring», Jonathan Perry мен Alex Naghavi-дің «Railbound», Zachary London-ның «Pomegranate», Jacopo Zanetti-нің «What’s the Job?», Tim Zhang-ның «Gabriel», Gabriel Bosisio-ның «Charli Boy», Jacopo Reale-дің «The Fracture», Fredrik Akerstom-ның «Aphelion» және Marco Magario-ның «Er Loop» фильмдері бар.

«Менің фильмім комедия жанрында. Фильм қарапайым әзілдің кесірінен ит пен оның иесінің ағасы төбелесіп, ақыр соңында бұл нағыз соғысқа айналатыны туралы. Мен күрделі немесе астарлы мағына беруді мақсат етпедім – бұл белгілі бір деңгейде мені де сипаттайтын жеңіл оқиға: мен пранк пен көңіл көтеруді жақсы көремін. Шынымды айтсам, бәсекелестікке байланысты қатты уайымдадым, өйткені мұнда талантты әрі мықты авторлар өте көп. Барлық қатысушылар өз фильмдеріне көп күш пен уақыт жұмсады. Сондықтан, менің ойымша, олардың әрқайсысы лайықты бәсекелес болды», – деді Best Character номинациясының жеңімпазы Мырзахан Жумахан.

Ал The Future Worth Living In негізгі тақырыптық бағдарламасына он финалдық жұмыс енді: Nikolay Shestak-тың «The First Honest Day», Dor Brothers-тың «REVIVER», Ernest Desumbila-ның «Looking For Perseida», Tarek Abdelhakim-нің «The Choice», Abhik Banerjee-нің «SITARA», Richard Kassai-дің «WTF», Anna Frolova-ның «Project «A»», Jamin Tasker-дің «Everything Soft», John Kirk Kelly-дің «Saint Vitus Kiss» және Madi Zhagi-дің «Aya’s Best Day» фильмдері.

Негізгі байқау қорытындысы бойынша үшінші орын мен $100 000 көлеміндегі жүлдені Испания атынан қатысқан Ernest Desumbila «Looking For Perseida» фильмі үшін иеленді. Екінші орын мен $200 000көлеміндегі жүлде Үндістан атынан қатысқан Abhik Banerjee-ге «SITARA» фильмі үшін берілді. Ал Гран-при мен $450 000көлеміндегі жүлдені Латвиядан келген Nikolay Shestak «The First Honest Day» фильмі үшін жеңіп алды.

Astana AI Film Festival 2026 Гран-при иегері Николай Шестак өз әсерімен бөлісіп, жұмысы туралы айтып берді.

«Шамамен төрт жыл бұрын режиссурамен айналыса бастадым, ал екі жыл бұрын AI көмегімен фильмдер жасай бастадым. Шынымды айтсам, жеңіске жетемін деп күтпедім – мұнда керемет жұмыстар мен түрлі жанрлар өте көп болды. Сондықтан қазылар алқасының дәл менің фильмімді не себепті таңдағаны мен үшін де қызық. Менің «The First Honest Day» фильмім адамның іс-әрекеті оның кім екенін анықтайтыны туралы. Егер адам жаман әрекеттер жасаса, ол өзгереді, ал жақсы істер, керісінше, оны жақсартады. Мен фильмдеріме өз ойларым мен идеяларымды енгізуге тырысамын. Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Алынған жүлдені жаңа фильмдер жасауға инвестициялап, жобаларымды әрі қарай дамытқым келеді», – деді Astana AI Film Festival жеңімпазы.

Фестивальдің тең құрылтайшысы және AAIFF басқарма төрағасы Алмас Жали атап өткендей, алғашқы Astana AI Film Festival жасанды интеллект көмегімен жасалған киноға деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Фестиваль әртүрлі елдердің авторларын біріктіріп, жаңа технологиялармен, визуалды форматтармен және заманауи кино тілінің мүмкіндіктерімен тәжірибе жасауға арналған алаңға айналды.

«Мұндай халықаралық фестивальдің дәл Қазақстанда өтуі ерекше маңызды. Біз Астананың әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрия, технология және креативті индустрия өкілдері тоғысатын орталықтардың біріне айналуын қалаймыз. Алғашқы фестиваль бізге жақсы серпін берді. Ендігі міндетіміз – жобаны одан әрі дамыту, халықаралық қатысушылар қауымдастығын кеңейту және кино мен жасанды интеллект тоғысында жұмыс істейтін авторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау», – деді фестивальдің тең құрылтайшысы және AAIFF басқарма төрағасы Алмас Жали.

Astana AI Film Festival-дің жалпы қоры $2 млн құрайды. Оның $1 млн-ын Freedom Holding Corp. жанындағы Freedom Шапагат корпоративтік қоры ұсынды және бұл қаражат жеңімпаздар арасында жүлде қоры ретінде бөлінеді. Тағы $1 млн перспективалы AI-командаларға арналған инвестициялық капитал ретінде қарастырылған. Бұл қаражат Қазақстандағы өндірісті және AI экожүйесін дамытуға бағытталады.

Astana AI Film Festival-дің бас серіктесі – Freedom Holding Corp., технологиялық серіктесі – The Network School, серіктесі – Kino.kz.

2 және 3 қазанда финалистердің жұмыстары MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экранда көрсетілді.

Алғашқы Astana AI Film Festival халықаралық кәсіби қауымдастықты AI-киноның дамуы және авторлар мен креативті командалар үшін жаңа мүмкіндіктер төңірегінде біріктірді. Фестиваль киноның болашағын, шығармашылық үдерісте жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктеріне және жаңа AI-креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылайтын алаңға айналды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың сары алтыны

Жетісудың сары алтыны

04.10.2026
Astana AI Film Festival алғашқы халықаралық AI-кино байқауының жеңімпаздарын жариялады

Astana AI Film Festival алғашқы халықаралық AI-кино байқауының жеңімпаздарын жариялады

04.10.2026
Талдықорғанда Қала күні кең көлемде аталып өтті

Талдықорғанда Қала күні кең көлемде аталып өтті

03.10.2026
Тұмауға қарсы тегін екпе салу басталды

Тұмауға қарсы тегін екпе салу басталды

03.10.2026
Сахнадағы сағыныш (қойылымнан кейінгі ой)

Сахнадағы сағыныш (қойылымнан кейінгі ой)

03.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.