Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Атажұрт пен Анадолы арасы тағы бір түрік баласы

14.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Атажұрт пен Анадолы арасы тағы бір түрік баласы
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетіңнен айналайын ана тілім! Қай қиырда жүрсек те жүрегіміздің түбінен орын алады. Оны әсіресе шетелге шыққанда түсініп, санаңмен түйсінесің. Қазақ-Түрік, ішінара басқа ұлт өкілдері мінген «Turkish Airlines» ұшағына мінісімен өгей бала сияқты болып қалдым. Алматы – Анкара бағытына ұшқан ұшақта түрік тілінде: «Құрметті ханымдар, мырзалар және балалар» деген сөз бірден өзге елге кетіп бара жатқанымды ұғындырды. Бұлардың жолаушыларға балаларды деп қосқаны елең еткізді. Яғни балаға деген құрметтері ерекше. Айналасы 5-6 сағатта Анадолы елінің төбесінде қалықтадық.

Қаланың шеті мен шегі көрінбейді. Әркім көргенімен салыстырады ғой. Мен «Анкара қаласының жер көлемі Талдықорған мен Қапалдың арасындай шығар» деп қоямын. Шындығында одан да үлкен. Жаңа әлемді көруге асықпын. Бір жағынан қобалжу да бар. Көптің соңынан еріп, кеденнен де өттім. Қасиетіңнен айналайын, Қазақстаным! Барлық елмен тату болғаның мұндай жақсы болар ма?! Бауырлас елдің шекарасынан Қазақстан азаматы ретінде еш кедергісіз өттім. Сақалы қауғадай екі жігітті жандарм (әскери қызметкер) формасындағы екі адам қызыл жолақтан ары өткізбей алып кетті. Шүкірімді айтып, шыр көбелек айналған дөңгелектен сөмкемді алып, сыртқы есікке беттедім. Мен ырғалып-жырғалып, жан-жағымдағыларға жол беріп жүргенде ұшақтан бірге түскендер далаға шығып кетіпті. Шығатын есікті таппай қалдым. Білмейтін жердің ой-шұқыры көп. Жалтақтадым да қалдым. Өз еліңдегідей алшаң басып жүру қайда?! Мүсәпір күйге түстім.

Қарсы алдымнан шыққан екі түрік жігітіне «Шығатын есік қай жақта» деп сұрадым. Жауап бермей өте шықты. Келесі алдымнан шыққандардан: «Где выходная дверь» дедім. Олар маған одырая қарап, «Түркіш» деді. Яғни, «Түрік тілінде ғана сөйле» дегені. Сөйтіп жыларман күйге түскенімде ұшақта қасымда отырған қырғыз қыз кездесіп қалмасы бар ма?! Жеті әкемді көргендей шаттандым. Ол «Тәте, есіңізде болсын: «Бұл елдің барлық мекеме, қоғамдық орнында шығатын есігінде «шығыс» деп жазулы тұрады», – деді. Қарасам латын қарпімен «Çıkış» деп жазылып тұр екен. Бірден түсінесің. Сөзіміздің төркіні бір ғой. Қасиетіңнен айналайын ана тілім! Қай қиырда жүрсек те жүрегіміздің түбінен орын алады. Оны әсіресе шетелге шыққанда түсініп, санаңмен түйсінесің.

Сөйтіп, ет, құрт, ірімшік салынған сөмкемді сүйреп сыртқа шықтым. Ал керек болса, күтіп аламын деген қызым көрінбейді. Жан-жағым мүлде басқа әлем ығы-жығы халық. Содан шетте тұрған ер адамға телефонды көрсетіп, «қызым-қызым» дедім. Абырой болғанда олар да біздегідей қыз деп айтады екен. Ол түсінді да менің телефонымды алып, қызымның Түркиялық нөмірін теріп берді. Шіркін-ай, қызым да бір жайбасар. Еділ мен Жайықтың суы бақайынан келмейді. «Жолда келе жатырмын. Біраз уақытта боламын», – деді.

Бір уақытта арсалаңдап қызым да жетті. Жүдеп қалған сияқты. Ана деген алдымен баласының қас-қабағына қарайды ғой. Жүзі шаршаңқы сияқты. Жалдамалы пәтеріне бардық. Қонақ бөлменің қабырғасына Көк туды іліп қойыпты, арқаланып қалдым.

Қызым магистратуралық дисертациялық еңбегін жазып жатыр екен. Тақырыбы: «Тәуелсіздік кезеңінен кейінгі Қазақстандағы әдеби журналдар». Бұл жайында мәлімет табу оңай емес. Себебі, ол кезде Қазақстанда интернет болған жоқ. Көп ақпарат сақталмаған. Қызымның жүдеуінің мәнін енді түсіндім. Мамандығыма қатысты тақырып болғандықтан түн жарымына дейін өзім де көмектесемін. Елдегі кітапханадағы таныстарымнан журналдар жайлы ақпарат жіберші деймін.

Ізденген деген жақсы ғой. Небір білмейтін тарихи құжаттар қолымызға түсті. Оны түрік тіліне аударамыз. Талаптары қиын екен, 14 шрифпен бір кітап жазуы тиіс. Деректер тұңғиығына тартып барады. Бір қуанарлығы, қызым қазақ баспасөзінің тарихын өзге елдің тілінде сөйлетуде. «Жұлдыз», «Жалын» журналдары жайлы керемет деректер таптық. Басылым тоқырау жылдарында қаржының бөлінбеуінен жарыққа шыға алмай қалған. Сол жеріне келгенде теңселіп кеттім. Журналдың бар үміті оқырманда екенін айтқан жанайқай жазбалары жүрегімді шымырлатты. «Жұлдыз» бен «Жалын» журналдары Қазақстан аумағымен шектелмеген. Мұрағат деректері мен журналда жарияланған хаттардан байқағанымыздай, бұл басылымдарға шетелден де тұрақты оқырмандар жазылған.

Әсіресе Ресей, Түркия, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан сияқты елдерде тұратын қандастар қазақ тіліндегі әдеби журналдардың жабылып қалуы мүмкін деген хабарға алаңдаушылық білдіріп, редакцияға хат жолдаған. Бұл хаттарда оқырмандар журналдың олар үшін тек басылым емес, қазақтың тілі мен мәдениетіне жалғайтын жалғыз рухани көпір екенін ерекше атап өткен. Бірі: «Біз үшін «Жұлдыз» – алыста жүріп қазақша ойлауға, қазақша сезінуге мүмкіндік беретін жалғыз әдеби мінбер» деп жазып, журналды жаптырмауды жалынып сұрайды.

Жансаяның ізденіспен, мол мағлұматқа толтыра жазған диссертациялық жұмысы мақталып, электронды нұсқасы Түркия Мәдениет министрлігінің сайтына қойылды. Оны кез келген адам кюар код арқылы оқи алады.

Бір күні Анкарадағы «ұйықтамайтын кітапханаға» бардық. Яғни рухани мекеме үзіліссіз жұмыс істейді. Кез келген адам кіре алады. Сөмкеңде қауіпті зат болмаса кіргізе береді. Шетелде еркін жүру де бір ғанибет қой.

Содан екінші қабаттағы сенсорлық қабырғаға қызым «Қазақ тілінде қанша кітап бар?» деген сұрақ жазды. Бірдемде «Қазақша 2 мыңнан аса кітап-журнал бар» деген жазу шықты. Қазақ кітаптары қойылған сөреге бардық. Абай Құнанбайұлының қара сөздері көзіме оттай басылды. Қазіргі ақын-жазушылардың кітабынан кім бар екен деп қарадым. Жерлес ақын Есенқұл Жақыпбековтың өлеңдер жинағы тұр. Рухани дүниені алып, кеудеме бастым. Ұстап тұрып суретке түстім. Бір кереметі, кітапханада студенттерге тегін көже беріледі екен. Су мен кофе тегін. Бұл білімгерлердің кітапханада ұзақ отыруына мүмкіндік тудырады.

Сол күні кешке анаңа амандасамыз деп Жансаямен бірге оқитын қыз-жігіттер келмекші еді. Екі-ақ адамға тамақ батпай жүрген. Барын қонаққа сақтап үйренген қазақ емеспіз бе?! Апарған қазы-қартаны өзіміз ғана жей алмай жүргенбіз. Дастарқанға барымды салып, бала қонақтарды күттім. Ойпырым-ай, білімді жастардың көбі шетелде жүр екен ғой. Келген ұл-қыздар шетінен өнерлі, білімді. Әсіресе, Жандостың домбырасының үнін айтсаңызшы.

Құнарлы ас пен ән қазақтың жаны ғой. Бәріміз бірге қазақтың танымал әндерін шырқадық. Қабыл Еркіманұлы деген өскемендік жас бар екен. Анкарадағы Қазақстан елшілігінде қызмет істейді. Түркиядағы қазақтардың өмірі, тарихы жайлы көп біледі. Сондағы мықты қазақтардың жетістіктерін сөз еттік. Жақсы жаңалыққа жаны құмар журналист қауымынан болғандықтан қиырдағы қандастарымызды газет беттеріне шығарып, Қабылмен жұмыс істеуге келістік.

Жаңадан шаңырақ көтерген Ерасыл мен Мәдинаға қарап көз тояды. Ерасылдың сөз саптауынан, кішіпейілділігінен бекзаттық байқалады. Мәдина журналистикада оқиды екен. Ән айтып, пікірталаста тосылмайды.

Кешке қызым саябақтағы поэзия патшасы Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне апарды. Мағжанның Түріктерге арнап шығарған «Алыстағы бауырыма» деген өлеңін ескерткішке жазып қойыпты.

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.
Қамаған қалың жаудың ортасында,
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңда ауыр қайғы жатқан бауырым,
Өмірі жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Апырмай, емес пе еді алтын Алтай –
Анамыз бізді тапқан асау тайдай!
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ», – деп келетін өлең толық жазылыпты. Кеудемді мақтаныш кернеді.

Ататүрік пен Мағжан бір жылдары өмір сүрді. Ататүрік 1938 жылы қайтыс болды. Мағжан да сол жылы өмірден озды. Ататүрік: «Жастар менің үмітім» дейді. Мағжан: «Мен жастарға сенемін» деп өлең жазды. Түркияда Мағжан Жұмабаев атында мектеп, көше мен саябақ бар. Бұл – Қазақтың қаншалықты құрметті екенін байқатады. Елімді сағынып жүрген мен Мағжан ескерткішін қимай ұзақ тұрдым. Кеткім келмейді. Қиялым ба, әлде шынымен солай ма, Мағжанның көзі де маған кетпе деп тұрғандай.

Қызым: «Мама түн болды, кетейік», – дейді. Мен: «Тұра тұрайықшы», – деп ескерткішке қимастықпен қараймын. Ақыры аяңдап алыстауға тура келді. Біраз жерге барғанда қарасам қолымда сөмкем жоқ. Есіме ақын ескерткішінің қасында қалғаны түсті. Маған да керегі сол еді. Жылдам басып келдім. Иә, сөмке көрінетіндей жерде тұр екен. Қалай қалдырып кеткеніме таңмын.Енді мауқым басылмай кетпеуге серттесіп, тағы ұзақ аялдадым.

Анкарада Абай ескерткіші, Қазақстан атындағы көше бар. Қазақстан көшесіне арнайы барып көрдім. Кең, таза, гүлзарлармен көмкерілген әдемі көше.

Анкарадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері Қабыл Еркіманұлы: – Анкараға 2018 жылдың күзінде келдім. Жат ел, жат жер, тілін түсінбеймін. Жас сәбидей әр нәрседен қорқа жүріп, ымдап түсінісіп, жаңа тілді меңгере бастадым. Бір сөз екінші сөзді үйретті. Солай ақырындап қазақшамен байланысын ұға бастадым. Осылай түрік тілін меңгердім. Адасып жүріп ақыл кіріп, жол тауып үйрендім.

Алғашқы күннен бұл жақтағы қазақ аға-әпкелер табылды. Біраз уақыт өткен соң таныстардың қатары көбейіп, қорқыныш сейіліп, Анкарадағы өмірдің көкжиегі кеңейе бастады. Мен таныған Анкара жастары ол кездері Қожа Ахмет Ясауи университетінің шәкіртақы иегерлері мен «Түркия бурслары» бағдарламасын жеңіп алған аға-әпкелеріміз еді. Ол кісілер өздерін қалыптастырған, бұл қаладан не алып, қандай жұмыс істеп, елге қандай маман болып ораларын білетін жандар еді. Жеке-жеке іс атқара алатын іскер азаматтар. Бұл кезеңде Анкарада қазақ жастары ұйымы құрылмаған. Бірі танысу кешін өткізсе, бірі жаңадан келгендерге пикник ұйымдастыратын. Енді бірі өз қалтасынан бүкіл Анкарадағы тіл үйренуші қазақ жастарына кешкі ас беріп, ағалық ақылын айтатын. Ұлтымызды өзге жерде танытатын бір-бір үлгі екенімізді құлағымызға құйып, іс-әрекеттерімен бағыт беретін.

Анкарада қазақтың мәдениетін танытатын «Көкту» ұйымы барын білдім. Ұйым Қазақстаннан 60-70 адамдық оркестрді алдыртып, Түркияның қазақтары көп шоғырланған қалаларында түрлі кештер ұйымдастыратын. Шындығында, 60-70 адамды алып жүру, жағдайын жасау, мыңдаған көрерменге сахна дайындау, қаражат табу, жоба жасау батылдық, іскерлікті талап ететін үлкен жұмыс. «ТҮРКСОЙ» ұйымының сол кездегі басшысы Дүйсен Қасейінов ағамыздың және Елшіліктің қолдауы болмаса, мұндай жобалардың орындалуы қиын екенін түсіндік.

«Көкту» қазақ мәдениеті қоғамын құрушы Ләззат Мүлазымоглу. Оның қазіргі басшысы Ілге Қарагөз. Басқарма мүшесі профессор Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун. Мемлекет басшыларының ресми аудармаларын жасайтын Торғын Сезгин және Салтанат Ұзақбайқызы. Әпкелеріміздің бір қолдың саласындай бірігіп, қазақ мәдениетін Түркияда жандандыруда сіңірген еңбектері ұшан-теңіз. Қазақ тілі мен мәдениетін, тарихын түрік тілінде жазып, қолданыс аясын кеңейтуде атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Бұл орайда елшілік те көп шаруалар атқаруда. Бір күні Түркияда ежелден тұратын бір ағамыз Наурыз тойға бала-шағасын алып келіпті. Сонда кішкене ұлы: «Әкешім, түрі бізге ұқсайтын аға-тәтелер көп екен ғой» деп қуанғанын көріп жанымыз езілген. Біз Түркиядағы 20 мыңнан аса қазақтың басын құрап, тілін ұмыттырмауды, Анадолы халқы Атажұрт санайтын еліміздің тарихын түрік тілінде жазуды жалғастыра береміз, – деп өз ойымен бөлісті.

Бүгінде Анкарада қазақ жастарының ұйымы бар. Олар студенттер арасында қазақтың мерекелі күндерін, өнерін паш етуге барынша еңбек сіңіруде. Бүгінде олар Наурыз тойын тойлауға дайындық жүргізіп жатыр.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

Талдықорған стартаптар бәсекесінің алаңына айналды: «Digital Qazaqstan Battle» жартылай финалы өтті

14.03.2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14.03.2026
Атажұрт пен Анадолы арасы тағы бір түрік баласы

Атажұрт пен Анадолы арасы тағы бір түрік баласы

14.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

14.03.2026
ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.