Жетісу облысында Наурыз мерекесі қоғамдық кеңістіктерді цифрлық кеңейту форматында өтті.
Өңірде 250 іс-шара ұйымдастырылып, оларды офлайн форматта 150 мыңнан астам адам тамашалады. Негізгі назар интернет-аудиторияға аударылып, онлайн қамту 540 мыңнан астам қолданушыға жетті.
Тұрғындар мен қонақтар үшін 8 цифрлық шешім енгізіліп, көшелерде 123 тақырыптық киіз үй тігілді. Мерекелік көңіл күйді 200 мәдениет және өнер қайраткері қалыптастырды. Олардың қатарында «Илигай» тобы бар.
Өнер көрсетілімдері облыс бойынша орнатылған 120 баннер мен LED-экрандар арқылы сүйемелденді.






