Талдықорғандағы №389 референдум учаскесінде алғаш болып қала тұрғыны 60 жастағы Күлаш Молдашева өз таңдауын жасап, дауыс берді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Күлаш апайдың айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге әрбір азамат бейжай қарамауы тиіс.
– Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына үлес қосуы керек деп ойлаймын. Сондықтан ерте келіп, дауыс беруді жөн көрдім, – дейді Күлаш Молдашева.





