Адам тәнінің ең ауыр ағзасы – бауыр. Расында ересек адамның бауырының салмағы 1,5 — 1,8 кг шамасында. Бұл аз ба, көппе оны айту қиын. Бауыр біздің тәніміздегі негізгі сүзгіш. Ол қанды тәнімізге түсетін немесе түрлі физиологиялық үрдістер нәтижесінде түзілетін барлық уытты заттардан тазалайды.
Бірақ қанды тазартудан өзге бауырда ас қорыту ағзаларынан түскен қоректік заттарды өзгерту секілді күрделі химиялық үрдістер жүреді. Сондай-ақ, дәрумендер қоймасы оларды жаз бен күзде жинап, қыс пен көктемде жұмсайды.
Бауыр ас қорытуда да маңызды рөл атқарады. Онда ішектегі майлар ыдырап, сіңуіне көмектесетін, сондай-ақ перистальтиканы күшейтетін өт түзіледі. Ақуыздар алмасуына да қатысады. Мысалы, ол қанның көптеген ақуыздарын түзіп, соның ішінде қанның ұюына қатысатындары да бар.
Эмбриондардың бауырында эритроциттерді «жинау» жүзеге асады. Ал ересек адамның бауыры гемоглобиннің ыдырау өнімдерін шығарып, темір жинайды. Аталмыш темір кейін гемоглобин түзеуге қатысады. Көкбауыр мен темір бауыр қан депосы рөлін атқарады (ол бүкіл қанның 60 пайызына дейін сақтай алады).
Ауыр ағзалар қатарына ми да кіреді. Алайда оның салмағы әр адамда әр түрлі: 1,5 және 2,5кг аумағында ауытқиды. Мидың маңызын бәріміз білеміз. Ал қысқаша айтқанда ол бәріне қатысады. Ми организмнің барлық қызметін реттейді, сонымен қатар, адамның бүкіл психикалық феномендеріне қатысады.
Алайда егер бұлшық еттерді, сүйек қаңқасын шартты түрде ағзаға жатқызар болсақ, онда ми да, тері де, бауыр да бұл номинацияда бірінші бола алмайды. Өйткені бұлшық еттердің салмағы-30кг, қан-5,4кг, қаңқа 7кг шамасында. Адам ағзасы үшін барлық ағзаны жылына 1 рет тексеруден өткізіп тұрған жөн. Денсаулықты күте білу ұзақ өмір сүрудің кепілі екенін ұмытпаңыздар!
Жұлдыз РАХЫМЖАНОВА,
кардиология орталығының кардиореанимация бөлімінің медбикесі
Фото: Umbrellasonthebeach.com





