Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АЛАКӨЛДЕ 83 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ БҮКІЛ ӘУЛЕТІМЕН ВАКЦИНА САЛДЫРЫП АЛДЫ

28.07.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
АЛАКӨЛДЕ 83 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ БҮКІЛ ӘУЛЕТІМЕН ВАКЦИНА САЛДЫРЫП АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус дертінің таралу ошағы болып тіркелген аспан асты елімен иық тірестіре орналасқан Алакөл ауданындағы жағдай көңіл көншітерлік емес. Тәж вирусы таралған мезеттен бері өңірде барлығы 633 жағдай тіркелген. Дерттің таралу белсенділігін тежеу мақсатында қолға алынған вакцина салу ісіне немқұрайды қарайтын тұрғындар да баршылық. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар мен тың мүмкіндіктердің заманы деп жар салғанымызбен, кері әсерлері де жоқ емес. Себебі, ғаламтордағы ақпараттық майданның кесірінен екпе алу жайлы теріс пікір қалыптасып, көптеп таралған жаңсақ сөз жұмыс қарқынын баяулатуда. Кез келген әлеуметтік желіні ашсаңыз, «Вакцина қауіпті, мұның барлығы саясат» деп, ұран еткен азаматтар көп. Бұл өз кезегінде жалпы мемлекеттік деңгейде үлкен мәселе болып отыр.

Шегаралы аймақтағы Алакөл ауданына барлығы 37 мың дана вацина әкелінген. Олардың ішінде «QazVac», «Hayat-Vax», «CoronaVac», «Спутник-V» сынды түрлері бар. Жоспар бойынша аудан халқының кемінде 60 пайызын вакциналау мақсат етілген. Бүгінгі күнге дейін 18 пункт пен 7 жылжымалы екпе салу топтары 19 мың тұрғынға бірінші компонентін, 12 мың тұрғынға екінші компонентін салған. Аудандық әкімдік пен аурухана қызметкерлері тарапынан барынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Вакцина алған азаматтарға «Астана» паркіндегі ойын-сауық нысандарына тегін билет немесе телефонға бірлік берілуде.

Бұл істе алғашқы болып белсенділік танытқандар әскери бөлім қызметкерлері. Өңірдегі барлық жауынгер бүгінде толықтай екпе алып үлгерді. Ұжым болып вакцинаны қолдағандар ішінде аудандық орталық аурухана, санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы, полиция бөлімі, «Трансойл» мекемесінің мамандары мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

Білім беру ордаларына келер болсақ, бүгінгі есеп бойынша ұстаздардың 80 пайызы вакцина салдырған. Бұл көрсеткіш күн санап өсіп келеді. балалармен тікелей жұмыс жасайтындықтан мұғалімдердің екпе алуы маңыздылығын жоғалтпақ емес.

Бір айта кетерлігі, вакцина салу бастамасын қолдап, екпе алған алакөлдіктердің ішінде 83 жастағы ақсақал да бар. Үшаралдық Тынысбек қария Омаров өзі де, отбасы мүшелері де «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген тәмсілді толықтай түсінгендей.

— Әуелгі байлық – денсаулық екендігі барлығымызға аян. Әлем халқын әбігерге салған бұл дертпен күресте әр азаматтың іс-әрекеті мен пікірі, ойы маңызды. Вирусты жеңу тек мемлекет басындағылардың яки ақ халат кигендердің міндеті емес. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұрт болып жұмылатын дүние. «Көп тебінсе жер де сілкінеді» деген сөз бар. Тас-түйін ымырашылдығымыздың арқасында бізге алынбас қамал жоқтығын аңғаратын кез келді. Ауру ешкімді аяп жатқан жоқ. Байсың ба, кедейсің бе, білімдісің бе, әлде сауатың жоқ па бәрібір. Құрсауына бір іліксең шығуың қиын. Карантин жарияланғаннан бері қаншама белді, беделді азаматтар дерт салдарынан өмірден озды, өзіміздің де ағайындардың ішінде бақилық болғандар бар. Осы мәселелерге қарап тұрып ойлану керек қой. Бітпейтін басқосу, таусылмайтын той, бетперде тағуды да ұмыта бастадық. Соның салдарынан вирустың таралу қарқыны артып барады. Қарап тұрсаңыздар, өзімізге-өзіміз қиянат жасап отырмыз. Бұл ретте жаппай вакциналаудың өте өзекті мәселе екендігін айтқым келеді. Біз өзімізді қорғау арқылы жақындарымызды да сақтаймыз. Соны ұмытпаған жөн, – дейді иегіндегі сақалы мен иығындағы шапанының салмағына қарамастан вакцина алып, деннің саулығы, туған-туыстардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойған Тынысбек ата.

Жоғарыда атап өткеніміздей, халықтың кем дегенде 60 пайызы вакцина салдырмайынша, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал да тұрақтанбасы анық. Елімізде вирус тіркелген алғашқы күннен бергі жағдайларға қарап, екпе алудың маңыздылығын түсінсек игі еді.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

19.03.2026
Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

19.03.2026
«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

19.03.2026
Ескі көлік иелері үшін жаңа жеңілдіктер енгізілді

Ескі көлік иелері үшін жаңа жеңілдіктер енгізілді

19.03.2026
Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетел азаматы ұсталды

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетел азаматы ұсталды

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.