Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАСЫ ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ДЕ ҚАРАУҒА КӨШТІ

23.12.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАСЫ ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ДЕ ҚАРАУҒА КӨШТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа туған нәрестелерге арналған патология бөлімі ашылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Енді мұнда шұғыл медициналық көмекті қажет ететін сәбилерге барлық жағдай жасалады. Бөбектердің тезірек ширап, қатарға қосылуына мүмкіндіктер мол.

Аталған ауруханада осыған дейін патология бөлімі болмаған. Ауыр жағдайда босанған аналарды, шала туған балаларды қаладағы балалар ауруханасына, арнайы ғылыми орталықтарға апаратын. Бұдан былай бұл өзекті мәселенің түйіні осы жердің өзінде-ақ шешілетін болды.

Патология бөлімінің ашылу рәсіміне қатысқан Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының төрайымы Риза Боранбаева сөз алып, жақсы жаңалықтың ана мен балаға тигізетін мол пайдасы туралы кеңінен әңгімеледі.

– Перинатология және неонтология саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Білікті кадрлар дайындауда еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнаттық. Мұндай қарым-қатынастар өз нәтижесін беруде. Соның бір дәлелін өздеріңіз көріп отырсыздар. Түрлі патологиялық өзгерістермен туған сәбилерді енді ары-бері тасымаймыз. Осындағы перзентхана жанынан алғашқы көмек беретін бөлімнің ашылуы үлкен жетістік. Сол арқылы біз нәрестелердің өміріне төнген қауіпті сейілтеміз, – деді Риза Боранбаева.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы — облыстағы ірі медициналық мекеме. Бұл жерге, әсіресе, оңтүстік өңірдің тұрғындары көптеп жүгінеді. Ондағы халық саны 1 миллион 300 мыңнан асады. Осының өзі-ақ ауруханаға артылған жүктің оңай еместігін көрсетіп тұр. Аурухана директоры Эльмира Ахметова жаңадан ашылған патология бөлімін жан-жақты таныстырды.

– Енді бұл бөлімді көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, доцент Қарлығаш Жұбанышева басқаратын болады. Қалған дәрігерлер де шетелдерде білімін шыңдаған білікті мамандар. Мұнда ультрадыбыстық зерттеу апараттары, жасанды тыныс алу құрылғылары және басқа да құрал-жабдықтар жетерлік. Ана мен бала денсаулығын үнемі өз бақылауында ұстап отыратын облыс әкімі Амандық Баталовқа алғысымыз шексіз. Биыл аурухана жаңа медициналық құрылғылармен толыға түсті, – деді Эльмира Ахметова.

Жаңадан ашылған бөлім 10 орынға арналған. Онда ем алып жатқан сәбилерді де көрдік.

– Нәрестемді жеті айлығында босандым. Туғанда салмағы аз және өте әлсіз болды. Бүгін, міне, оныншы күн, жағдайымыз жақсы. Осындай бөлім ашқан ақ халатты абзал жандарға ризашылығымыз шексіз, – дейді нәрестелі болған ана Назым Сердалиева.

Ана мен баланың денсаулығы, сәбилердің ойдағыдай жетіліп-өсуі – қоғамдағы басты қажеттілік. Жаңадан ашылған патология бөлімі осы істерге өзіндік үлес қосады деген сенімдеміз.

Болат МӘЖИТ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Alacem цемент зауытының ұжымы дауыс берді

Alacem цемент зауытының ұжымы дауыс берді

15.03.2026
Ұлттық киім киіп барып, дауыс берді

Ұлттық киім киіп барып, дауыс берді

15.03.2026
Ескелді ауданында 106 жастағы Нұрбала Қабанбаева өз таңдауын жасады

Ескелді ауданында 106 жастағы Нұрбала Қабанбаева өз таңдауын жасады

15.03.2026
Үштөбеде ғасыр жасаған кейуана өз таңдауын үйінен жасады

Үштөбеде ғасыр жасаған кейуана өз таңдауын үйінен жасады

15.03.2026
Көктұмалық аналар сайлауға өз үлесін қосты

Көктұмалық аналар сайлауға өз үлесін қосты

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.