Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 665 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАН

14.09.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 665 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҚҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында пандемия басталғаннан бері 665 жүкті әйел вирус жұқтырған. Алматы облыстық денсалық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай ақпарат берді.

«Бүгінгі дерек бойынша, коронавируспен аурудың жалпы 47 082 жағдайы тіркелді. Оның ішінде, 665 жүкті әйел бар. 143 жүкті әйел стационарлық ем алып жатыр. Үй карантинінде 49 болашақ ана бар», — деді басқарма өкілі. Сондай-ақ, брифингте Алматы облысының бас санитары Ерғали Сыдыманов вакцина алған тұрғындардың вирус жұқтыру көрсеткішін атады.

«Алматы облысында бірінші компонентті вакцинаның 773 155 дозасы, екінші компоненттің 716 150 дозасы жеткізілген. Қазір Алматы облысында вакцина алғаннан кейін COVID-19 індетімен ауырған 803 адам тіркелген. Бұл жалпы науқастанғандардың 0,1 пайызы деген сөз. Ауырғандардың негізгі бөлігі вакцина алмағандар екенін өздеріңіз де білесіздер», — деді Ерғали Сыдыманов.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәжілісіне Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов та қатысып, аймақтағы эпидахуал жайында баяндады. Сондай-ақ, әкім орынбасары журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Оның ішінде, балаларды вакциналау, «Алтын Орда» базары, «Ашық» жүйесі сияқты маңызды сұрақтар да жауапсыз қалмады.

— Балаларды вакцинация мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз ата-аналардан баласы туралы ешқандай дерек жинап жатқан жоқпыз. Қызылорда облысында балалардың деректерін жинап жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк деп ойлаймын. Қалай болғанда да, бұл мәлімет расталған жоқ. Егер ондай жұмыс жүргізілген болса, бүкіл елді қамтуы керек. Дәл бүгін балаларды вакциналау мәселесі туындап тұрған жоқ, — деді Батыржан Байжұманов.

Брифингте Алматы облысында күн сайын 200-ге жуық науқастың коронавируспен ауруханаға түсіп жатқаны айтылды. «Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9 пайыздан 0,6 пайызға төмендеді. Бірақ өңір «қызыл аймақта». Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 218 жағдайы анықталды. Оның ішінде 35 бала бар. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде», — деді Батыржан Құлаймергенұлы.

— «Алтын орда» базары бойынша мынаны айтайын: бұл базар елдегі азық-түлік бағасын қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды. Өйткені, толайым сауда жасаушылардың көбі өнімді осы жерден сатып алады. Егер біз оның жұмысын шектесек немесе бірнеше күнге жауып тастасақ, Алматы облысы мен қаласынан басқа өңірлерде де азық-түлік бағасы өсіп, дүрбелең туғызады. Бұл жерде мәселеге жан-жақты қарау керек, — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, базар республикалық маңызға ие нысан болғандықтан, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары жан-жақты қадағалауға алынған. «Базардағы нүктелердің бәрі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша реттеуге жатады. «Алтын орда» базарында вакцинациялау бекеттері мен мониторинг топтары жұмыс істеп тұр. Базар басшылығына да жұмысты осы тұрғыда реттеу туралы түсіндіру жүргізілген. Бетперде режимін ешкім жойған жоқ. Бұл талап аталмыш базарға да қосылып отыр», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Брифингте облыстың бас санитары «Ашық» жобасы туралы түсіндірді. «Бүгінде Алматы облысы бойынша Ashyq жобасының 102 белсенді қатысушысы бар. Бұл мәртебені алған жоба қатысушыларына мынадай жеңілдіктер беріледі: «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақ ережесі бойынша, «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақ ережесі бойынша жұмыс істейді. Ал «жасыл» және «қою қызыл» аймақ қатысушыларының жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылады. Сондай-ақ, нысанның жүктелім шегі 10 пайызға ұлғаяды», — деген бас санитар қызметкерлерін белсенді вакциналаған кәсіпорындарға да жеңілдік берілетінін еске салды. «Қызметкерлерінің кемінде 90 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алса, кәсіпорындардың жүктелім шегін 20 пайызға ұлғайтуға болады», — деді Ерғали Сыдыманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026
Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.