Талдықорған: +8°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ 37 ПАЙЫЗЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

19.07.2022
ДЕНСАУЛЫҚ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ 37 ПАЙЫЗЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылдың алты айында тамақ өнімдері мен тауарларға мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, зерттелген өнімнің 19 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмегенін көрсетті. Ал жалпы санына жүгінсек, облыста тамақ өнімдерінің 37, тауарлардың 63 пайызы талапқа сай болмай шықты.

Негізгі зертханалық бақылау халық арасында күнделікті сұранысқа ие тамақ өнімдеріне бағытталған. Бұл — сүт, ет өнімдері, құс еті, кондитерлік өнімдер. Сондай-ақ, ойыншықтардың, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлардың, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылды.

Өнім қауіпсіздігі мониторингін талдау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтардың 93 пайызы техникалық регламенттердің таңбалау бөлігіне қатысты. Ал физикалық-химиялық көрсеткіштерге — 0,4%, микробиологиялық көрсеткіштеріне — 1,5%, қауіпсіздік көрсеткіштеріне — 1%, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге — 2%, өзге көрсеткіштерге — 3,4% сәйкес келмеген.

Сәйкес келмейтін өнімді өндіруші елдер арасында отандық өндірушілер үлесіне 9 пайызы тиесілі. Қалғаны шетелдің үлесінде. Тамақ өнімдерінің ішінде сәйкессіздіктердің ең көп пайызы сүт, ет өнімдеріне қатысты. Одан бөлек, мониторинг нәтижелері зерттелген ойыншықтардың 53 пайзы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Ойыншықтардың сәйкес келмейтін сынамаларының 99 пайызында таңбалану заңбұзушылықтары анықталған.

Таңбалау бойынша жиі кездесетін заңбұзушылықтар — тауардың атауы, дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының атауы мен орналасқан жері, дайындалған күні, ЕАС белгісі туралы ақпараттың болмауы немесе мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ақпараттың мүлде болмауы. Сонымен қатар, Қытайда шығарған өндірушілері белгісіз 3 жастан асқан балаларға арналған ойыншықтардың 5 үлгісінде формальдегид пен басқа химиялық заттардың (стирол, ксилол, бензол) артық мөлшері анықталды («GT.POLICE CAR» «SUPER RACING SET» көліктер жиынтығы, «THUNDEGYRO», «CHO-Z ACHILLES.OO.Dm» ұшатын диск, «LOL» қуыршағы, SURPRISE, JK, MINI FASHION DOLL, «Girls Toys» «Piay Set» «Bring Endless Joy» «To the Children» ыдыс-аяқ жиынтығы, «Toys Toys», PLEASE RECYCLE су тапаншасы).

Формальдегид мөлшерінің артуы өндірушісі белгісіз балаларға арналған тауарлардың 1 сынамасынан табылды («Микимаус» шомылуға арналған ваннасы). Ал, балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдерді бақылау нәтижелері зерттелген үлгілердің 80 пайызы техникалық регламенттерге сәйкес келмейтінін көрсетті. Таңбалауы бұзылған өнімдердің 90 пайыздан астамы Түркия, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден әкелінді немесе белгісіз өндірушілермен өндірілген.

Жалпы, 2022 жылдың 6 айында заңбұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің атына 80 ұйғарым берілді, сәйкес емес өнімді өндірушілер мен импорттаушыларға 44 хабарлама жіберілді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде шаруашылық жүргізуші субъектілер 88,62 кг тамақ өнімдерін, 36 дана тауарды сатудан алып, жеткізушілерге қайтарды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Көмек пен кеңес

Көмек пен кеңес

21.03.2026
Үш мың түп ағаш отырғызды

Үш мың түп ағаш отырғызды

21.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.