Бүгін Алматы облысында 278 адамнан вирус анықталды. Оның ішінде, 49-ы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.
«278 адамның 239-нда індеттің симптомы бар. Ал 39-нда симптомсыз жағдай. Аудан-қалалар арасындағы коронавирус көрсеткіші мынадай: Ақсу — 8, Алакөл — 17, Балқаш — 4, Еңбекшіқазақ — 27, Ескелді – 10, Жамбыл – 11, Іле — 24, Қарасай — 9, Қаратал — 4, Кеген — 1, Кербұлақ — 8, Көксу — 5, Райымбек — 1, Панфилов – 10, Сарқан — 10, Талғар – 28, Ұйғыр – 9, Талдықорған қаласы – 74, Текелі — 16, Қапшағай — 2», — делінген Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті хабарламасында. Жалпы, індет басталғалы Алматы облысында коронавируспен 47 818 адам ауырған.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





