Алматы облысында екі күн ішінде 860 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде, 111-і балалар. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Мәселен, 17 тамызда облыста 383 адам қауіпті індеттің шырмауына іліксе, 18 тамызда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 477-ге жетті. Облыста былтырдан бері КВИ-дің (коронавирустық инфекция) зертханалық расталған 38 063 жағдайы тіркелген, оның ішінде 26 132 адамның симптомдары бар. Облыс бойынша індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптада 1 пайызға дейін артты. Соңғы аптадағы өсімнің жоғары қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан және Кеген аудандарында байқалды.
Соңғы тәулікте Алакөлде — 8, Балқашта – 14, Еңбекшіқазақта — 39, Ескелдіде – 13, Жамбылда – 46, Іледе — 60, Қарасайда — 21, Қараталда — 10, Кегенде – 2, Кербұлақта — 8, Көксуда — 16, Панфиловта – 45, Райымбекте — 2, Талғарда – 37, Ұйғырда – 14, Талдықорғанда – 106, Текеліде — 30, Қапшағайда — 6 адамнан індет белгілері шықты.
Алматы облысында індет басталғалы барлығы 30 324 пациент емделіп шықты. Соңғы тәулікте 76 пациент стационардан емделіп, үйлеріне қайтарылды. 341 адамнан үй жағдайында оқшаулау алынып тасталды.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





