«Алматы облысында коронавируспен ауырудың бір күнде тағы 11 жағдайы тіркелді. Олардың 10-ы – Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны», — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған.
Еңбекшіқазақ ауданы тұрғынының сырқаты учаскелік дәрігерді үйге шақырып, тексерілгеннен кейін анықталған. Ауырған — 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды. Бірқатары үй карантиніне алынды. Вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасады. Сондай-ақ, 25 сәуір күні Алматы облысында тағы 13 адамның жұқтырғаны анықталды. Олардың 9-ы — Іле ауданының, 3-еуі – Қапшағай қаласының тұрғындары болса, 1-еуі Украина азаматы. Олардың ең кішісі — 8 айлық сәби, ең үлкені — 1952 жылы туған. Олармен 39 адамның қарым-қатынаста болған. Байланыста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
27 сәуір, сағат 00:05-тегі жағдай бойынша Алматы облысында барлығы коронавируспен ауырған 97 адам тіркелді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





