Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ

03.11.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жамбыл облысының тумасы Байқадам Болатұлы медицина саласына өзінің жүрек қалауымен хирург боламын деп келді. Алматыдағы медицина институтына үш жыл қатарынан келіп жүріп, аталмыш оқу орнының студенті атанды. Алты жыл емдеу ісі бойынша білім алып, интернатураға ауысқан жетінші жылы өз таңдауымен хирургияға тапсырып, жинаған баллмен іріктеуден өтті. Сөйтіп, осы мамандыққа түскендердің ішінен санаулысы ғана хирургия бойынша білімдерін жетілдірді.

Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласында бастады. Қалқамандағы ауруханада іс-тәжірибеден өтіп, Айнабұлақтағы №7 «Жедел жәрдем» стансысында еңбек етті. Сол жерде жұмыс істеп жүргенінде Ақсу ауданы ауруханасының бас дәрігері болған Әшімғали Құсайынұлы өздерінде хирург маманы тапшы екенін айтып, оны жұмысқа шақырады. Осылай бас дәрігердің ұсынысына бірден келісімін беріп, ол 2008 жылы Ақсу аудандық ауруханасына хирург болып жұмысқа орнығады. Мұнда келген соң білікті хирург Бекбай Құрақбаев тәлімгер болып, одан көп дүниені үйренген.
 Сол шақта аудандық ауруханаға төрт бірдей маман келіпті. Екі реаниматолог, терапевт және хирург. Келген төртеуі үш жыл жұмыс істейміз деп келісімге отырған. Уақыт өткен соң әлгі үшеу үйлеріне қайтып, Байқадам Болатұлы аудандық ауруханада қалыпты. Содан бері аттай зулап қаншама жыл артта қалды. Бүгінде ол тек скальпель ұстап, ота жасап қана қоймай, келген жас мамандарға тәлімгерлік етеді. Мұнымен қоса бас дәрігердің орынбасары ретіндегі қызметі тағы бар.
– Бұл мамандық үшін мен әлі көп тер төгуім тиіс. Себебі, хирургия саласы өте күрделі. Қазіргі заман талабына сай түрлі құрылғылар бар. Мәселен, өзіммен қатар бітіргендер арасында Нұр-Сұлтанда, облыс орталығындағы ауруханаларда жүргендердің дені заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл салада үйренгенімнен үйренерім әлі де жетерлік. Негізі, дәрігер деген өмір бойы оқып, үйренуден еш жалықпауы керек, – дейді кейіпкеріміз.
Ота жасау өз алдына, ұжымдық жұмыстың да өз қиындығы бар. Екі бірдей жауапты міндетті қатар алып жүрген дәрігер бұл туралы не дейді?
– Әрине, екеуі де жауапты міндет. Хирург ретінде операция жасаған адамның өмірі үшін жауапты болсаң, орынбасар ретіндегі жауаптылықтың жүгі тіптен бөлек. Бұл ең әуелі медицинадағы дәрігер тапшылығына келіп тіреледі. Ота жасайтын хирург, гинеколог мамандары толық болса, заңды орынбасарлар операцияға жүгірмес те еді. Мұның бәрі кадр мәселесімен байланысты. Қазір ауылдық жердегі медицинадағы туындаған басты проблема осы кадр тапшылығы болып отыр. Мәселен, ауруханамызға жас маман келді делік. Оны үйретіп, тәрбиелейсіз. Өзіңізде барды сарп етесіз ғой былайша айтқанда. Екі-үш жыл өтіп, үйренген соң олар аудан мен облыстың деңгейін салыстыруға көшеді. Сөйтіп, екі жақты байқап көргеннен кейін ақырын ғана қалаға қарай ауысып кете барады. Ал біз кетіп қалғандардың орнын толықтыру үшін қайтадан жас мамандар алып, оны басынан бастап үйретіп, тәрбиелейміз. Қазіргі таңда біздің ауруханаға реаниматолог-анестезиолог, гинеколог, хирургтар ауадай қажет. Бізде керемет неонатолог, хирург, реаниматолог, педиатр дәрігерлеріміз болған. Бірақ бәрі ауысып, кетіп қалды. Ал, орынбасар әрі хирургиялық міндетті қатар алып жүрген дәрігер бір мен ғана емес. Аудандағы кез-келген орынбасардың атқаратын жұмысы осы. Қаншалықты үлгеремін дейтіндей, бастан асып жығылатын, қол тимей жасап жатқан операциялар жоқ. Алайда жоспарлы, шұғыл түрдегі оталар болады. Әрине, кейде орынбасарлық жұмыстан бас алмай қалатын сәттер де кездеседі. Дегенмен, екі жаққа үлгеруге, барыңды салуға тырысасың. 
Он төрт жылда жасаған операцияларымды санап бітпейтін шығармын. Биылғы жылдың он айы ішінде 250-ге жуық ота жасадық. Оның ішінде ең ауыр ота – 35 апталық жүкті әйелге жасалды. Шалғай ауылдан келген келіншектің өміріне араша түсуде қолдан келгеннің бәрі жасалды. Ең алдымен Алланың, одан кейінгі облыс дәрігерлерінің араласуымен бәрі сәтті өтті, – дейді білікті хирург.
Білікті оташымен тілдесуде хирургтің қателесуі туралы сұраған едік. Айтуынша, медицина саласы деген түпсіз терең теңізге ұқсайды. Оның ішіндегі хирургия бөлімінің алар орны айрықша. Хирургке дәлдік керек. Көздің қарауы мен қолдың қимылы сәйкес келуі тиіс. Хирургияда бір миллиметр қателесуге болмайды, ауытқып кетсең, науқасты жарақаттап алуың мүмкін. Әр хирургтің операция жасау тәсілі әртүрлі болады: бірі сапалы әрі тез жасайды, екіншісі де сапалы, бірақ баяу жасайды. Екеуінде де дәл сол науқастың қосалқы ауруларына, жүрек резерві, өкпе қызметіне, жалпы алғанда, денсаулығына байланысты сәйкес келетін операцияны таңдау маңызды.
Байқадам Болатұлы айтқандай, мамандығың ұнаса, жақсы көрсең қиындығына қарамайсың, бастысы, жұмысқа мұқият болып, әр науқастың көңілін, тілін таба білу қажет. Бұл кез келген дәрігер үшін таптырмас қасиет емей не дерсің?!

Сәрби ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мектептер алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады

Мектептер алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады

20.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз»

20.03.2026
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап

Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап

20.03.2026
Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

20.03.2026
«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.