Талдықорған: +11°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Ауылда 1,2 млн тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды

10.01.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Ауылда 1,2 млн тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Көлік медицинасы – тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде.

2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны «дөңгелектегі емханалардың» көмегімен дәрігерлердің консультациялары мен диагностикалық ем-шараларға қол жеткізді. Жылжымалы кешендердің көмегімен бейінді мамандар 1,2 млн консультация, 656 мың диагностикалық, 333 мың зертханалық зерттеу жүргізді. Зерттеп қарау нәтижесінде әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересек, 21,7%-ы бала. Кәсіптік тексеру қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны диспансерлік бақылауға алынды.

2024 жылы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 128 станцияның 104 мың тұрғынын, оның ішінде 21 000 баланы қамтыды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Медициналық пойыздың мамандары 240 000 медициналық қызмет көрсетті, оның ішінде 12 500 стоматологиялық ем-шара, 25 000 зертханалық зерттеу, 8 000 шағын хирургиялық операция және 24 000 аспаптық және диагностикалық зерттеу жүргізді. Қарап-тексеру барысында түрлі аурулары бар 5 500 пациент анықталып, оларға қажетті көмек көрсетілді.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде ауылдық аудандарда медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда. 2024 жылы 460 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 195 МСАК нысаны 2025 жылы тапсырылады. Жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда және фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғаш рет күндізгі стационарлар, амбулаториялық оңалту үшін физиотерапия кабинеттері, ауданнан тыс жерлерге бармай зерттеп-қараудан өту мүмкіндігімен зертханалық кабинеттер пайда болды.

Жабдықталған телемедициналық кабинеттерде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан консультация ала алады. Телемедицина қызметтері бір жылда 2 есеге ұлғайтылды.

Ауыл тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігі үшін 2025 жылы 32 аудандық аурухананы жаңғырту жалғасады, олардың базасында ангиографтармен, КТ, МРТ жабдықталған кардиологиялық орталықтар, травматология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылады. Бұл шаралар «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, бұл осы аурулардан болатын өлімді 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту бойынша жаңалықтар: ауылдағы жұмысқа орналасуды таңдайтын тапшылығы жоғары бейіндер бойынша жас дәрігерлер қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер алады. Бүгінгі таңда өңірлерге медициналық жоғары оқу орындарының 4148 түлегі жіберілді, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 1233 дәрігер бөлінді. Барлығы 544 түлек әлеуметтік қолдау алды. Еліміздің өңірлерінде алғаш рет ауылдағы 89 дәрігер, оның ішінде акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлемдермен қамтамасыз етілді.

Ауылдық денсаулық сақтауды жақсарту жөніндегі кешенді тәсілдің нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 12,9%-ға, оның ішінде қала халқында 15,1%-ға және ауыл халқында 9,3%-ға төмендеді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы жоғары технологиялық медицина бойынша бірқатар жобалар бүкіл ел бойынша ауқымды.

«Бір күндік клиникалар» жобасы жүкті әйелдерді пренаталдық диагностикалаудың инновациялық әдістерінің қолжетімділігін және туа біткен ақаулары мен хромосомалық патологиясы бар баланың туу қаупін уақтылы анықтауды, «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтердің жоғары сапасын, 1 күннің ішінде зерттеудің жылдам және дәл нәтижелерін алуды қамтамасыз етеді.

Қазақстанда алғаш рет «Феталдық медицинасы» жобасы іске қосылып, 20 жатырішілік операция сәтті жүргізілді. Бұл технологиялар ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын аз инвазивті емшаралар арқылы түзетуге және емдеуге арналған. Олар балалардың арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына қолжетімді болады.

Ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін денсаулық сақтауда тең жағдай жасау ұлттық жобаның негізгі векторы болып табылады.

Дереккөз: ortcom.kz 
Фото: Gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

25.03.2026
Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

25.03.2026
Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

25.03.2026
Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

25.03.2026
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.