Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ: «ЕКІНШІ ТОЛҚЫНДЫ АНЫҚ СЕЗІНІП ОТЫРМЫЗ»

24.12.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ: "ЕКІНШІ ТОЛҚЫНДЫ АНЫҚ СЕЗІНІП ОТЫРМЫЗ"
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемді әбігерге салған «СOVID-19» індетінің екінші толқыны шартарапты шарлап жүр. Осы орайда Қарасай ауданының қауіпті дертпен күресуге дайындығы қаншалық? Аудандық аурухананың директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Мәулен Малғаждаровпен әңгімеміз де осы тақырыпта өрбіді.

«Жалпы ауданды алар болсақ, бізде бүгіндері 1983 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде, – дейді Мәулен Сансызбайұлы. – Қаскелеңдегі ауданаралық көпсалалы аурухана, перзентхананы қоса есептегенде 455 төсекке арналған. Мұнда қатерлі індетке қарсы сақтық шараларын сақтай отырып, қалыпты медициналық қызмет көрсету жалғасуда. Ал коронавирус инфекциясымен күресуді жақсарту мақсатында Шамалған ауылындағы 50 науқасқа арналған аурухананы 200 орынды провизор орталығы етіп қайта жабдықтадық. Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының көмегімен бұл ауруханаға оттегі стансысы қойылып, 18 қарашадан жұмысын бастады. 50 төсекке жеткізілген түтікшелер арқылы ауруларды тікелей оттегімен тыныстандыруға мүмкіндік алдық. Бұл дегеніңіз — үлкен көмек».

Коронавирус инфекциясының алғашқы толқыны кезінде дәрі-дәрмектің тапшылығы сезіліп, мемлекет тарапынан шұғыл қадамдар жасалғаны жадымызда. Осы орайда, қарасайлық дәрігерлер медициналық препараттардың сенімді қорын қалыптастырып үлгеріпті. Бүгіндері инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры, жеке қауіпсіздік құралдары мен бетперделер қоймаларға жеткізілген. Өкпені жасанды тыныстандыру қондырғыларының саны 29-ға жеткен. Жуырда облыстық әкімдіктің қолдауымен ауданға екі «Жедел жәрдем» көлігі мен ішінде зертхана, ультрадыбыстық аппарат, өзге де құралдар орнатылған автобус қоса берілді.

Қарасайдағы 100 науқасқа арналған жұқпалы аурулар емханасы коронавирус індеті жайлаған кезде үлкен жұмыс атқарғаны белгілі. Бұл жерге төңіректегі аудандардан «СOVID-19» індетін жұқтырғандар жеткізіліп, індетпен нәтижелі күрес жүргізілген болатын. Бүгіндері мұнда коронавирус жұқтырғаны расталған 14 адам ем қабылдауда.

– Біз әлемдік өркениеттің бір бөлшегі болғандықтан жұқпалы аурулардан да мүлдем оқшаулана алмаймыз. Жоғарыда айтқан 14 адамнан басқа, провизор орталығында 41 науқас ем қабылдауда. Ал, олармен қарым-қатынаста болғандар үйлерінде оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Біз «СOVID-19» індетінің екінші толқыны есігімізден енгенін анық сезініп отырмыз. Сондықтан індеттің алдын алу шараларына аса мән беріп, көп болып күресу қажет, – дейді Мәулен Сансызбайұлы.

Көп болып күресу демекші, коронавирусты таратпаудың ең сенімді жолы – адамдармен қарым-қатынасты мейлінше шектеу екені жұртқа мәлім. Өкінішке қарай, тұрғындар осы қарапайым шартты сақтауға енжарлық танытуда. Көшелерді былай қойып, қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған жерлерде жеке қорғану құралдары – бетперде мен қолғапты пайдалана бермейді. Оларды қадағалайтын мобильдік топтарды да еш жерден ұшыратпадық. Ал автобус жүргізушілері, қызмет көрсету саласының жауапты адамдары ескерту жасап, тәртіпке шақырмайды. Қарасайлық дәрігерлер індетті жұқтырғандарды аман алып қалуға бар күштерін салары анық. Алайда олардың жұмысын жеңілдетіп, өз денсаулығымыз бен өмірімізді қорғау өз қолымызда екенін де ұмытпағанымыз жөн!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Еңбек Ері мен Олимпиада жүлдегерінің анасы таңдау жасады.

Еңбек Ері мен Олимпиада жүлдегерінің анасы таңдау жасады.

15.03.2026
«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі референдумға қатысты

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі референдумға қатысты

15.03.2026
10 жылдық Қазақстан ауылында тұрғындар жаппай дауыс берді

10 жылдық Қазақстан ауылында тұрғындар жаппай дауыс берді

15.03.2026
Теміржолшылар таңдауы

Теміржолшылар таңдауы

15.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.